Акимат » Семей қаласындағы дін туралы 2016 жылдың 1 қантарына

Семей қаласындағы дін туралы 2016 жылдың 1 қантарына

Бүгіңгі күнде қалада 19-исламдық (54%), 4 – православиялық (11 %), 2 – католиктік (6%), 10 – протестанттық  (29%) тіркелген діни бірлестік бар. Барлығында тіркелгендік туралы құжаттары бар. 

Барлық діни бірлестіктермен қарым-қатынас орнатылған. Ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері діни мекемелерінде болады. 

2012 жылғы 25 қазандағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР заңына сәйкес діни бірлестіктерді қайта тіркеу жүргізілді. Аталған жұмыс қаланың діни бірлестіктерін 30%-ға қысқартты.   (50-ден 35-ке дейін).

Қайта тіркеу қорытындысы туралы ақпарат: 

Діни бірлестіктер

2012 жылдың

25 қазанына дейін

2012 жылдың

25 қазанынан кейін

1

Ислам

19

19

2

Православиелік

4

4

3

Католиктік

1

2

4

Протестанттық

25

10

        Барлығы:

49

35

 
Семей қаласында бойынша діни бірлестіктердің тізімі: 
 

Діни бірлестіктер

Қалада

Қала аумағында

Барлығы

1

Ислам

10

9

19

2

Православиелік

2

2

4

3

Католиктік

2

-

2

4

Протестанттық

8

2

10

Барлығы:

22

13

35

 
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің қаулысына сәйкес қаламызда, діни әдебиеттер мен басқа да ақпараттық материалдарды таратуға арналған 9стационарлық ғимаратжәне діни ғимараттардан тыс, діни құлшылықты жасауға араналған арнайы 6 орын анықталған.:

1)  «Арғымақ» сауда үйі;

2) «Талғау» (№14 бутигі) сауда үйі;

3) «Талғау» ( «Muslima» бутигі ) сауда үйі;

4) «Книгиня» дүкені; 

5) діни мекемелерден тыс жерде діни құлшылықты жасауға арналған ғимарат:  

1) «Талғау»СҮ - намазхана; 

2) Шугаев көшесі №27/4 – намазхана;

3) Павлов көшесі №85а,  мешіт ғимараты; 

4) «Жансая»СҮ - намазхана;

5) Народная көшесі – Святителя Николая атындағы часовнясы. 

2016 жылдың басынан312 ісшара (121 – кездесу, 7-«дөңгелек үстел», 1-конференция, 11-семинар, 39- лекция, 87- жеке кездесулер (оның ішінде дәстүрлі емес дін өкілдерімен), және 47 басқада ісшаралар ұйымдастырылды).

Ісшаралардың негізгі қатысушылары еңбек ұжымдары, жастар, ЖОО және колледж студенттері (оның ішінде «Серпін» бағдарламасы бойынша оқитын студенттер) т.б.

Ісшаралар ақпараттық түсіндіру тобының жоспарына сәйкес ұйымдастырылды (қала әкімі бекіткен), сонымен қатар басқада мекемелердің шақыруымен.

Аталмыш ісшаралар 22  280 адамды қамтыды.

    Оқу орындарында оқитындармен 47 ісшара өткізілді. (онының ішінде мектеп оқушылары 5/263 адам, ЖОО және колледж 42/4436 адам) олардың ішінде 4699 адам қамтылды.

Еңбек ұжымдарында 119 ісшара ұйымдастырылып, 5938 адам қамтылды.

Тұрғындармен 146 ісшара ұйымдастырылып, 11643 адам қамтылды.

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу жұмысының жемісті өтуі үшін, тұрғындарға дұрыс және уақытылы ақпаратты жеткізу керек. Сондықтан діни негіздегі радикалдық іс-қимылдардың алдын-алу үшін қаламыздың ірі газеттерінде «Семей таңы», «Вести Семей», т.б. әр түрлі материалдар жарыққа шықты.

Сонымен қатар дұрыс діни ақпаратты, қала тұрғындарға «Ислам нұры» және «Проваславие в Прииртышье» газеттерінен алуға болады.

Қалалық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік ақпараттық тапсырысына сәйкес «ТВК-6» арнасында әр аптаның жұма күндері «Жұмадағы жүздесу» атты телебағдарлама көрсетіледі. «Қазақстан - Семей» арнасында көрсетілетін жастарды адамгершілікке тәрбиелеуге арналған «Ойталқы» және «Ойтүйін» бағдарламаларында дін мәселесіне қатысты сұрақтар көтеріледі. 

Интернет ресурстары да кең көлемде қолдануда. Бүгіңгі күні орталық Мешітте және православ Шіркеуінде нақты ақпарат алуға мүмкіндік беретін, өздерінің жеке интернет-сайттары бар.

Сонымен қатар ұлтаралаық және конфессияаралық тұрақтылықты нығайтуға бағытталған ақпараттық материалдар қала әкімінің ресми веб-сайтында және республикалық ақпараттық сайттарда жарияланып отырады. (akimsemey.gov.kz, altaynews.kz, inform.kz, interfax.kz, kt.kz, baq.kz, bnews.kz, i-news.kz). 

Жалпы қалалық БАҚ-да  334 материал (баспа құралдарында –137, 27 – видеосюжет және телебағдарлама, 188 – интернет-саттарындағы хабарлама). Оның ішінде 202 ақпараттық негізде болса, 132 насихаттық негізде.

Конфессияаралық бірлікті насихаттау мақсатында, ішкі саясат бөлімі сыртқы жарнама (Баннер) құралдарын кенінен пайдаланады. Семей қаласының аумағында экстремизге қарсы 8, ал ұлтаралалық келісім мен тұрақтылықты насихаттайтын 20-дан астам баннер орнатылды.

Ішкі саясат бөлімінің жанында «Фейсбук», «Вконтакте», және «Твиттер» сияқты ірі әлеуметтік желілерінде, корпоритивті беттер ашылды.Олардың ішіне 117 (діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алуға арналға видео роликтер) жарияланды. 

Ішкі саясат бөлімі

 
 

 
 
Семей қаласындағы дін туралы 2015 жылға
 
 
Семей қаласындағы дін туралы 2014 жылға
 
 
Семей қаласындағы дін туралы 2013 жылға
 
 
Семей қаласындағы дін туралы 2012 жылға
 
 
Семей қаласындағы дін туралы 2011 жылға
Өңдеу күні: 18-01-2017