Акимат » Семей қаласының қоғамдық бірлестіктерінің қызметі 2017 жылдың 1 қазанына

Семей қаласының қоғамдық бірлестіктерінің қызметі 2017 жылдың 1 қазанына

Қоғамдық бірлестіктер «Қымызмұрындық» дәстүрлі этнофестивалімен Астана күнін қарсы алды. Фестиваль аясында ұлттық тағамдар, қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды. Фестивальдің бастамашысы мен ұйымдастырушысы қазақ әлеуметтік-мәдени орталығы.
Жыл сайынғы Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына арналған Бейбітшілік акциясына үкіметтік емес ұйымдар белсене қатысты.  ҮЕҰ өкілдерін «Невада - Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының Қазақстандағы бастамашылар басқарды.
«Мектепке жол» акциясында «Жанұя орталығы» ҚҚ, «Ақ тілек» ҚБ және «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы белсенділік көрсетті.
«Поколение» ҚБ Қарттар күніне орай еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетті. 
ЭКСПО-2017 көрмесін қолдау мақсатында қалалық коммерциялық емес ұйымдар ассоциациясы экологиялық семинар ұйымдастырды.
«Семей қаласының тәуелсіз әлеуметтік орталығы» қалалықтардың әлеуметтік көңіл-күйлерін анықтау мақсатындағы сауалнаманың 2 толқынын өткізді.
ҚР Отбасы күніне орай қоғамдық бірлестіктер «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы аясында мерекелік іс-шаралар ұйымдастырды. Шараға түрлі санаттағы отбасылар – шығармашылық, жұмысшы және студенттік отбасылар қатысты. Жыл көлемінде қаланың ҮЕҰ «Алаштың 100 жылдығына, Мұхтар Ауезовтың 120 жылдығына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің және Қазақстан республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдыған орай ұйымдастырылған іс-шараларға белсен қатысты. 
 
Ішкі саясат бөлімі
 
 

Семей қаласының қоғамдық бірлестіктерінің қызметі 2016 жылға

 

Семей қаласының қоғамдық бірлестіктерінің қызметі 2015 жылға

 

Семей қаласының қоғамдық бірлестіктерінің қызметі 2014 жылға

 

Семей қаласының қоғамдық бірлестіктерінің қызметі 2013 жылға

 

Семей қаласының қоғамдық бірлестіктерінің қызметі 2012 жылға

 

Семей қаласының қоғамдық бірлестіктерінің қызметі 2011 жылға 

 

Семей қаласының қоғамдық бірлестіктерінің қызметі 2010 жылға

Өңдеу күні: 13-10-2017