Акимат » Семей қаласындағы денсаулық сақтау 2017 жылдың 1шілдесіне

Семей қаласындағы денсаулық сақтау 2017 жылдың 1шілдесіне

Қала тұрғындарына медициналық көмекті тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде 65 медициналық ұйым (25 жекеменшік) көрсетеді: оның ішінде 23 стационар (6 жекеменшік), 32 амбулаториялық-емханалық (18 жекеменшік).
Бүгінгі таңда қаланың медициналық мекемелерінде 1,5 мыңнан астам дәрігерлер мен 3 мыңнан астам орта медициналық қызметкерлер жұмыс атқарады. 
Сапалы кәсіби медициналық білім алуды жалғастыру мақсатында біліктілікті жетілдіру ісі Қазақстан Республикасының Медициналық орталықтарында, сонымен қатар шетелде – Оңтүстік Корея, Израиль, Германия, Ресей, Франция, Латвия, Туркия, Польшада жүргізіледі. 
Біліктілік санаты бар медициналық қызметкерлердің салмақтық үлесі 73%-ды құрайды. 
Жыл сайын денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржы өсіп келеді. 
Амбулаториялық деңгейде 26 мыңнан астам науқасты 42 кең тараған, соның ішінде сирек кездесетін және ауыр аурулардан емдеуге тегін дәрілік көмек қарастырылған.
Қалада жекеменшік және мемлекеттік – жекеменшіктік серіктестік түріндегі медициналық ұйымдардың қызмет етуіне бәсекеге қабілетті жағдай жасалуда. 
Медициналық ұйымдардың жабдықталуы 83%-ға артты. 
«Бес институционалдық реформаның орындалуының 100 нақты қадамы» Ұлттық Жоспарына сәйкес медициналық ұйымдарда менеджмент пен корпоративті басқару жүйесі дамып келеді. Мемлекеттік медициналық ұйымдардың дербестігін ұлғайту бақылау кеңестері бар шаруашылық жүргізу құқығындағы ұйымдарға ауыстыру арқылы жүзеге асырылуда. Семей қаласы бойынша 16 медициналық ұйым шаруашылық жүргізу құқығына ауыстырылды, 10 бақылау кеңесі құрылды. 
Облыстық бюджет қаражатынан жалпы сомасы 48,5 млн. теңгені құрайтын Юность кентіндегі № 6 Алғашқы медициналық санитарлық көмек орталығынының күрделі жөндеуден өткеннен кейін 2016 жылдың желтоқсанында салтанатты ашылуы болды.  
Биылғы жылы Мемлекет Басшысының Жарлығымен  бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласының 2016-2020ж. арналған «Денсаулық» жаңа мемелекеттік бағдарламасы басталды. Ол алдынғы бағдарламалардың логикалық жалғасы болып табылады және денсаулық сақтау саласын жақсартуды тереңдетуге бағытталған. 
 

Көрсеткіш атауы

2016 жыл

6 ай

2017 жыл

6 ай

1

Нәресте өлімі

7,3

4,4

2

Ана өлімі

0

0

3

Туберкулезбен ауыру

32,5

31,6

4

Онкопатологиямен ауыру

123,9

111,4

5

Онкопатологиядан өлім

54,6

54,3

6

Туберкулезден өлім

2,3

1,5


Емдеу мен зерттеуге жаңа технологияларды енгізу жалғасуда. Бүгінгі таңда Семей қаласының Мемлекеттік Медициналық Университеті Медициналық Орталығының кардиохирургиялық базасында кардиологиялық және кардиохирургиялық көмек көрсету дамып келеді. 2016 жылы кардиохирургиялық операциялар мен интервенционды араласулар жасалды: аортокоронарлы шунттау – 90, стенттеу – 618, коронарография – 1270. Қабылданған іс-шаралар қан жүйесі аурулары көрсеткішін тұрақтандырып, 3 жылда өлім көрсеткішін 26%-ға төмендетуге мүмкіндік берді. 
Семей қаласының Өңірлік Онкологиялық Диспансерін заманауи жоғары технологиялық медициналық құрылғыларымен жабдықтау арқасында (компьютерлі томограф, магнитті-резонансты томограф, сызықтық үдеткіш, эндовидеоскоптық құрылғы, обырды химиоэмболизациялау әдісі) онкология дертіне шалдыққан науқастарды емдеу әлемдік стандарттарға сай жүргізіледі. 

         МАҚСАТТАР:

         - Денсаулық көрсеткіштеріне жоспарлы түрде жету үшін тұрғындардың денсаулығын жақсарту.

         - Денсаулық көрсеткіштерін орындау: онкологиялық аурулардан өлімді азайту, туберкулез ауруынан өлімді азайту, қан айналымы ауруларынан болатын өлімді азайту, бала өлімін азайту.

         - Интеграцияланған денсаулық сақтау жүйесі негізінде тұрғындардың барлығына сапалы медициналық көмекті қол жетімді ету. 


Семей қаласындағы денсаулық сақтау 2016 жыл

 

Өңдеу күні: 07-08-2017