Акимат » Семей қаласындағы жер қатынастары 2017 жылдың 1 шілдесіне

Семей қаласындағы жер қатынастары 2017 жылдың 1 шілдесіне

100 нақты қадам Ұлт жоспарының 36 қадамында, ауыл шаруашылық жерлерді пайдалану бойынша тұрақты мониторингі жүргізіліп, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту рәсімін жеңілдетуі қолданылады. Әрі қарай жекешелендіру мақсатында барлық пайдаланылмайтын жерлерді мемлекеттік қорға өткізіледі. Ауыл шаруашылық арасындағы құрылымдарды енгізу үшін ауыл шаруашылық бөліміне дейін жайылымдық алқаптарды түбегейлі жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары жеткізілді. 2017 жылдың бірінші жарты жылдығында тексеру барысында 12 шаруа қожалықтарының жер учаскелеріне қатысты, мал бастары (ІҚМ, ҰҚМ) 1 га нормасына сәйкес еместігі анықталды. Тиісті шаралар қабылдану үшін ШҚО жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасына деректер жіберілді. 
Семей қаласының аумағы 2017 жылдың 1 қаңтары жағдайына 2780,7 мың га, оның ішінде ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерінің ауданы 996,8 мың га, ол 36 % құрайды, оның ішінде 11,7 мың га егістік жер, ол ауыл щаруашылық мақсатындағы жерлер ауданынан 1,2 % құрайды және 4,9 мың га жыртылған жерлер, ол ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер ауданынан 0,5 % құрайды.
Қаланың босалқы жер қоры 1 371,1 мың га құрайды, оның 460,3 мың га арнайы жер қоры.
2017 жылдаң бірінші жарты жылдығына,  иесіз мүлік есебіне жалпы алаңы 17192,6 га болатын 112 жер учаскесі, оның ішінде бағбандық үшін алаңы 6,1 га болатын 84 жер учаскесі, шаруа қолаықтарын жүргізу үшін алаңы 17186,0 га құрайтын 8 жер учаскесі және басқа да ауылшаруашылық емес кәсілорындарының алаңы 0,6 га құрайтын 8  жер учаскесі алынды.  
Бағбандық үшін берілген жер телімдерін түгендеу бойынша жұмыстар жалғасуда. Сот шешімдері бойынша мемлекеттік меншікке жалпы алаңы 10,9 га құрайтын 165 иесіз жер учаскелері қайтарылды, оның ішінде азаматтардың өтініштері бойынша одан әрі пайдалану үшін  150 жер учаскесі берілді. 
2017 жылдаң бірінші жарты жылдығына, жер жөніндегі сұрақтар бойынша 563 хат, оның ішінде заңды тұлғалардан 127 жеке тұлғалардан 436 өтініш келіп түсті. Осы уақытта жер комиссиясының 16 отырысында 1475 сұрақ қаралды. Жер қатынастары сұрақтары бойынша 691 қала әкімдігінің қаулысы қабылданып, соның нәтижесінде заңды және жеке тұлғаларымен 427 жалға беру және  253 сату-сатып алу шарттары жасалды.
Бөлімде жеке тұрғын  үй құрлысын салу үшін жер телімін алуға арнайы кезек қарастырылған. 2017 жылдың 1 шілдесіне сәйкес арнайы кезекте    23935 азамат тіркелген. Жер берілетін алаңдарда инженерлік, коммуналдық дайындықтары болмағандықтан, кейінгі жылдары жер телімдері осы мақсатта  берілмегендіктен кезек саны өсіп отыр.
2017 жылдың 1 шілдесіне жергілікті бюджетке түскен түсімдер: 
105315 КБК жалға алудан төленетін түсімдер 73,7 млн теңге  жоспардың 100,3 % құрайды.
303101 КБК –  114,5 млн.  теңге, жалпы алаңы 5,7 га құрайтын 174 жер учаскелері жоспардың 100,2 % құрайды. 
303202 КБК – 22,2 млн.  теңгеге жалпы алаңы 89,3 га құрайтын 33 жер учаскелері жоспардың 111,4 % құрайды.
 

Аты

2017 жылға жоспар

2017 жылдың 1 шілдесінеорындалған жумыс

2017 ж. 1 жарты жылдығына жоспар

1 шілдесінеТүсімдер

Ауытқу

%

105315

122 000,0

73 500,0

73 728,0

+ 228,0

100,3

303101

215 000,0

114 300,0

114 511,0

+ 211,0

100,2

303202

20 000,0

20 000,0

22 275,0

+2 275,0

111,4

Барлығы

357 000,0

207 800,0

210 514,0

+ 2 714,0

101,3

 
 
Жыл ішінде бөліммен қала маңындағы жер телімдерін сату бойынша  аукцион өткізілді. 
Аукционда бастапқы жеке меншікке сату бағасы 2,7 млн теңгені құрап 4,2 млн теңге сатылды. Жалға алу құқығын сату бастапқы бағасы 1,8 мың теңгені құрап 2,2 млн теңге сатылды. 
Шаруа (фермер) қожалықтарын жүргізу үшін конкурс өткізіліп, ауылшаруашылығы мақсатындағы жалпы ауданы - 40,1 мың га құрайтын 44 жер учаскесі берілді. Дауыс беру нәтижесі бойынша агроқұрылымдарға жалпы алаңы 34,9 мың га 36 жер учаскесі берілді, оның ішінде егістік – 0,5 мың га, жайылым –34,1 мың га, шабындық – 0,2 мың га.
Басты міндеттердің бірі – ол пайдаланылмайтын жерлерді игеру. Ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді пайдаланудың жақсарту үшін егіншілік мәдениетін арттыру маңызды. Осы суармалы жерлердің басым бөлігінде кешенді реконструкциялауға, суару жүйелерін жақсарту, мелиорациялық жай-күйі мен олардың сумен қамтамасыз етілуінің арттыруын жүзеге асыру қажет.
Пайдаланылмайтын жерлерді игеру ауыл шаруашылығы өнімін өндіру үшін берік базаны кеңейту және құрып, өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамсыз ету үшін мүмкіндік береді. Бұл өндіріс ауыл шаруашылығы дақылдарының келешекте көлемін арттыру және өнімділігіне мүмкіндік береді, импортқа тәуелділікті төмендету және көкөніс өнімдерін мықты жем базасын құруға, сондай-ақ егіншілік тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін анықтау бойынша оларды мемлекет меншігіне қайта қайтару жұмыстары жүргізілді. Сот шешімдерінің және  ЖАО қаулысының күшін жою негізінде мемлекеттік меншікке қолданылмайтын шаруа қожалық және жеке тұлға жерлері қайтарылды, жалпы аланы – 4532,7 га сонын ішінде: "Ай - Кат" - 15,5 га (фрегат № 22), "Алина"  - 40,0 га,  "Жасулан" - 1000,0 га,  "Көкпек" - 3,0 га,  "Мырзахмет" – 2100,0 га, ,  "Сабыржан" – 100,0 га,   "Ташпай" – 9,0 га, Сарсенбаев С.Р. - 65,2 га, к/х «Каратумсык-1» -1200,0 га.
 
 
 
Жер қатынастары бөлімі
 
 

 
 
 
 
 
 
 
Өңдеу күні: 10-07-2017