Акимат » Семей қаласында мәдениеттің дамуы 2010 жыл

Семей қаласында мәдениеттің дамуы 2010 жыл

 

Наурыз мерекесіне байланысты Қалалық мәдениет Сарайында Д. Қалматаев атындағы Семей мемлекеттік медицина колледжінің арасында «Жігіт сұлтаны» байқауы өткізілді. Болашақ дәрігерлер «Мен атаның ұлымын», өзін-өзі таныстыру, сайыскерлердің білім әлеуетін анықтайтын «Көңілі ояу, көзі ашық» және өнерлерін көрсететін «Бәрекелді сайыпқыран», сондай-ақ, жігіттердің мықтылығы мен ептілігін анықтайтын «Күш атасын танымас» сынды төрт бөлімдер арқылы бақ сынасты. Нәтижесінде, Мейір Альсейітов «Кербез жігіт», Әли Каримов «Өнерлі жігіт», Ернұр Жұмабеков «Зерделі жігіт» деген атақтарға ие болса, сайыстың жеңімпазы, «Жігіттің сұлтаны» Дулат Шокеров болды. 
 
 Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін қала көлеміндегі «Наурыз мейрамы» биыл сәуір айында қаланың әр ауданында өткізілді. Орталық алаңда киіз үйлер жағалай тігілді. Облыс әкімінің орынбасары Түсіпхан Түсіпбекұлы, қала әкімі Мейрамхат Кәрібекұлы Айнабеков жұртшылықты ұлыстың ұлы күнімен құттықтады. Жақсылық пен құт-берекенің нышаны саналатын ақ сақалды, ақ шапанды Қыдыр ата, қызыл-жасыл гүлге оранған әз-Наурыз, сәйгүлік мінген батырлар, халқымыздың мақтанышына айналған ұлт зиялылары мен Алаш арыстарының бейнесі мерекенің әрін кіргізді. Қазақ киімін киген қыз-жігіттер «Қара жорға» биін билеп, ұлттық рухты аспандата түсті. Бұдан кейін алаңды жергілікті өнерпаздар әсем ән мен тәтті күйге бөледі. Қалаға келген құрметті қонақтар киіз үйлерді аралап, Наурыз көжеден дәм татты.
 
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, Семей мемлекеттік педагогикалық институты, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті, Семей мемлекеттік медицина университеті тіккен киіз үйлер, колледждер ауылы да қазақтың ұлттық дәстүрлерін бүгінгі күнмен байланыстырып, мереке көрігін қыздыра түсті. Сонымен қоса алаңда Халықтар достығы үйіндегі ұлттық орталықтар өз салт-дәстүрін, қолөнер бұйымдарын көрсететін көрмелерін ұсынды. Сол сияқты балалар шығармашылығынан туған көркем бұйымдар да көрерменнің көзайымына айналды. 
 
Ал қаланың Жаңасемей бөлігіндегі «Жаңа Көктем» сауда үйі маңында өткен жыл басы мейрамы биылда жаксы аталып өтті. Мұнда киіз үйлерді тіккен «Семей цемет» Ақ киіз үйін «Ақ отау» деп атаса, «Жаңа Семей шпал зауыты» ЖШС «Мереке», «Наурыз» атты киіз үйі «Темір Транс» ЖШС-не тиесілі. Бұл алаңды әсем ән мен күйге бөлеген Әміре Қашаубаев атындағы филармония әртістерінің концертін тамашалаған жұрт енді бір кезекте №10, 11, 22, 39 орта мектептер оқушылары мен саңырау балаларға арналған мектеп интернат тәрбиеленушілерінің қолымен дайындалған бұйымдарды тамашалап, ұнағандарын сатып алып жатты. 
 
Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай сәуір айының 5-ші жұлдызы күні Қалалық мәдениет Сарайында «Ақындар орталығының» ұйытқы болуымен «Ұлы Жеңістің 65-жылдығына» арналған дәстүрлі «Наурыз нақыштары» атты ақындар айтысы өткізілді. Жыр дүбірге үміттерін үкілеген, қаланың 16 жас ақындары қатысты. 3-айналымнан құралған жас ақындар айтысын өткізудегі басты мақсат ұлттық мәдениет пен тарихымызды насихаттау, Ұлы Жеңістің мерекесі мен   соғыстағы батырларымыздың ерліктерін таныту болатын. Кемел ойлы жас талантты 16 ақынның ішінен суырылып шыққан Манғолиядан келген қандас бауырымыз, Семей мемлекеттік педагогикалық институтының дайындық бөлімінің студенті Ерлан Дәулет бас жүлдені қанжығасына байлады. 
 
Сәуірдің 5-30 күндері аралығында бір айға созылған «Ұлы Жеңістің 65 жылдығы» атты қалалық көркемөнерпаздар фестивалі болып өтті. Көркемөнерпаздар фестивалінің негізгі міндеті өнер шығармашылығымен шұғылданатын барлық ұжымдар мен мекемелерді қатыстыра отырып көркемөнерпаздар шығармашылығының одан әрі дамуына қажетті жағдайлар жасау, оның барлық түрлері мен жанрларын дамыту, олардың шеберлігін шыңдау. Сондай-ақ, өткізілген шаралардың мазмұны мен көркемдік-саяси дәрежесін арттыру болып табылады. 
 
Фестивал бағдарламасына шетел, қазақстан композиторларының шығармалары, Семей аумағында тұратын көптеген ұлттардың салт-дәстүрлері енгізілді. Биыл ұйымдастырылған фестивалге жоғары оқу орындарынан Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, Қазақ иновациялық гуманитарлық-заң университеті, «Қайнар» оқу-білім беру кешені, Қазақ қаржы-экономикалық Академиясы, Семей мемлекеттік педагогикалық институты және Семей медицина университеті ал орта оқу орындарынан «Геологиялық барлау колледжі», «М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі», «Көлік колледжі», «Электротехникалық колледжі», «Байсеитов атындағы қаржы және экономикалық колледжі», «Сервис колледжі», «Политехникалық колледжі», «Евразия технико-гуманитарлық колледжі» мен «Құқық және бизнес» колледждері жақсы дайындықпен қатысты. Аталған оқу орындары жыл сайын өтетін байқауға үзбей қатысып өте тамаша өнер көрсетіп келеді. Биылғы жылы бағдарламаларының тартымды, тағылымды жағынан Семей Мемлекеттік медицина университеті геологиялық барлау колледжі, педагогикалық колледж және Көлік колледжі өте жоғары деңгейде болды. Ал Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті өткен жылдармен салыстырғанда биылғы жылы орындаушылық шеберліктерінің артқанын байқатты. 
 
Қалалық мәдениет Сарайының халық аспаптары ансамблі, хор ұжымы, бишілер тобының жаңа киімдері, жақсы қойылымдары мен өнерпаздары жоғары орындаушылық шеберліктерін танытты. 
 
Семей қаласындағы көптеген мәдени іс-шараларға қатысып өнерлерімен көрініп жүрген «Зағиптар және нашар көретін азаматтарға арналған Шамшырақ клубы» мен «Саңырау-мылқау азаматтарға арналған клубы» ұжымдары бағдарламаларының жаңа қырымен көрінді. Бұл клубтар өткен жылдарда облыстық және республикалық деңгейде өз өнерлерін көрсеткен. 
 
Жыл сайын өтілетін дәстүрлі байқауға ауыл аймақтары да белсене қатысты. Оның ішінде: Қайнар мәдениет үйі, Абралы клубы, Ақбұлақ, Жарқын, Новобаженово, Озерки, Шақаман, Достық, Алғабас т.б. ерекше атауға болады. Бұл клубтар ауылдық жерлерде жастар мен ауыл тұрғындарының бос уақытын тиімді өткізіп мәдени іс-шаралардан қалмай атсалысуына мұрындық болып келеді. 
 
«Ұлы Жеңістің 65 жылдығы» атты қалалық көркемөнерпаздар байқауына барлығы 55 мектеп қатысты. Соның ішінде ерекше көзге түсіп өнер көрсеткен, «Жастар мен балалардың шығармашылық Сарайы», «Жас қанат-балалар орталығы», «Жас жұлдыз-балалар орталығы», №3 жалпы білім беретін мектеп кешені, №5 мектеп гимназиясы, №30 орта мектеп, №5 жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға арналған қосалқы мектеп-интернаты, №4 нашар еститін балаларға арналған мектеп-интернатын атауға болады. Ал қаламыздағы Қарлығаш Қалиақпарқызы Бергенева басқаратын психо-неврологиялық больницасының тартымды бағдарламасы және осы ұжымдағы қызметкерлердің тиянақты жұмысы, ізденістері көрермендерді ризашылыққа бөледі. Байқау барысында қорытынды концертке және 1,9 мамырда өткен Гала-концертке 65 үздік номер іріктелініп алынды. 
 
«Ұлы Жеңістің 65 жылдығына» арналған мерейтой 9 мамыр күні орталық алаңда өтті. Салтанатты шара қала әкімі Мейрамхат Айнабековтың алғы сөзімен ашылды. Бұнда батыр Бауыржанның, Мәншүк пен Рейгстахқа ту тіккен қазақ батыры Рахымжан Қошқарбаевтар жайлы көріністер қойылды. Бұдан бөлек соғыс және тыл ардагерлерін Жеңіс медалімен марапаттау Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде «Достық үйінде» өтті. Мәдени ұжымдар: «Еураз шоу» театры, «Дариғай» жастар театры, Ә. Қашаубаев атындағы филормония мен Көркемөнерпаздар байқауынан іріктелініп алынған өнерпаздардың концерті Орталық саябақта, Әуезов алаңында және орталық алаңда өтті. Соңынан орталық алаңда мерекелік от шашу болды. 
 
Ұлы мерекені тойлауға ауылдық жерлерде үлкен ат салысты. Абралы өңіріне қарасты Қайнар ауылында 1500 Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің тізімі жазылған ескерткіш тақта ашылып артынан «Бейбіт күннің әні әсем» атты мерекелік концерт қойылды. Ал Знаменка ауылында «Сұрапыл жылдар» атты оқушылар сайысы, «Ерлер ел есінде» атты шығармалар сайысы, «Соғыс бала көзімен» атты сурет салудан сайыс, Оқушылар және ауыл тұрғындарының тыл еңбеккерлерімен кездесуі және 9 мамырда мерекелік шеру болды. Бұдан өзге «Жеңістің 65 жылдығына» орай ауылдық жерлерде әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Ұлы Отан соғысында еңбек еткен қарттарға медал тапсыру мен концерттік бағдарламалар болды. Жалпы ауылдық өңірлер тұрғындары арасында 2010 жылдың 2-ші тоқсанында 93 мәдени-ағарту іс-шаралары өтті. Сонымен бірге ауылдық кітапханаларда-35 мәдени шара ( оның ішінде кітап көрмелері мен оқырмандармен кездесу) өткізді.
 
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға байланысты іс-шаралар Абай атындағы кітапханада «Саяси қуғын-сүргін» және «Алаш ақиықтары, Зобалаң» атты кітап көрмелерімен, Абайдың мемлекеттік қорық мұражайында Репрессия құрбандарын еске алу күніне орай «Смағұл Садвақасовтың туғанына 110 жыл» атты кітап көрмесі және Орталық саябақта «Репрессия құрбандарын еске түсіруге» байланысты митинг өтті.
 
Сәуір айының 22-ші жұлдызында Невзоровтар отбасы атындағы Шығыс Қазақстан облыстық көркемөнер мұражайында ҚР тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың мұражайы қорынан жинақталған «Қазақстан әлемдік қоғамдастықта» атты көрменің салтанатты ашылуы болды. Оны мұражай директорының орынбасары Күләйша Ақтаева алғы сөз айтып, ашты. Көрмеге , облыстық мәдениет басқармасының бастығы М.Тойкенов арнайы келіп, ұйымдастырушыларға өз алғысын білдірді. Бұл көрменің басты мақсаты-әлемдік саясаттағы отанымыздың алар орнын, жеткен жетістіктерін, сонымен бірге осы деңгейге жетудегі Елбасының ролін көрсету. Көрменің мазмұнын ашатын экспонаттарды - әлемнің алпауыт мемлекеттері АҚШ, Қытай, Ресей, Үндістан, Еуропа мен ТМД және бірқатар мұсылман елдерінің басшылары сыйлаған. В.Путиннің сыйлаған жиратпалы күміс сандықша, Ұлыбритания ханшасы Елизаветасы II-ші сыйлаған алтын сағат және тағы да басқа тарту-таралғылары көрермендерді қатты қызықтарды. Ал экспонаттардың жалпы саны – 228 дана. 
 
 2010 жылдың 14 мамырында Астана қаласындағы ҚР Тұңғыш Президентінің Музейінде Семей өңірінің мәдениеті мен тарихын    Астана жұртшылығына таныстыру мақсатында «Ұлы тұлғалар бесігі» атты бір айға созылған көрме ашылды. Бұл көрме Мәдениет және ақпарат министрлігімен келісе отырып, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің ұйымдастыруымен 2008 жылы қолға алынған «Алға ұмтылған Қазақстан» атты үш жылдық аймақаралық көрме жобасы негізінде ашылған еді. Аталған жобаның басты мақсаты «Мәдени Мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясы негізінде туған елдің әр аймағындағы тарихи-мәдени байлықтарды және бабаларымыздан қалған рухани асыл қазыналарды жинақтап, бір жүйеге келтіріп көпшілікке ұсыну болатын. Іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайы, Семей Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы және де Абай атындағы ғылыми - әмбебап кітапханасы үлкен атсалысты. Көрмеде Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайы ұсынған «Абай-Шәкәрім-Мұхтар әлемі» атты бөлім 15 түрлі-түсті планшеттер көрсетілді. Онда: Абай қол қойған құжаттар, 1903 жылы ұлы ақынға берілген мінездеме үш алыптың қоғамдық қызметін көрсететін архивтік құжаттар, Шәкәрімнің 1912 жылы, Алаш қайраткерлерінің 1915 жылы түскен фотосуреттері орын алған. 
 
Абай, Шәкәрім, Мұхтардың ата мекені – Шыңғыстау өлкесі, Ақшоқы, Жидебай, Кеңқоныс, Бөрілі сияқты қасиетті жерлер мен тарихи орындар, ескерткіштер туралы көрмеде мол деректер берілген. Құнды кітаптар (жиыны 16), Абайдың 1909 жылғы өлеңдер жинағынан бастап, әр жылдардағы басылымдар (жиыны 4), Президенттің қолтаңбасы бар «Абай» энциклопедиясы (қабы терімен қапталған) – көрмеден орын алған. 
 
Этнографиялық бөлімде үш алыптың заманынан белгі беретін тұрмыстық жәдігерлер ұсынылған. Сонымен қатар биылғы жыл Қазақстандағы Германия жылы болғандықтан көрмеде Гете-Лермонтов-Абай тақырыбы ашылды. Соған қоса Семей тарихи өлкетану мұражайы да 19-ғ. мен 20 ғ. басындағы Семей өңіріндегі түрлі халықтардың этнографиялық, тұрмыстық өмірін бейнелейтін жалпы жиыны 24 жәдігерді көрмеге қойды.             
 
Ал Абай атындағы қоғамдық кітапхана «Рухани қазына-ғасырдан ғасырға» - деген атпен көрерменге 6 бөлімнен құралған кітаптар экспозициясын ұсынды. Бұл сирек қордағы 18 ғ. соңы мен 19 ғ. басындағы әдебиеттер тізімін өз заманында хакім Абай пайдаланған. 
 
 Үш алыпты дүниеге әкелген Семей топырағы қашанда шешендік пен кемеңгерліктің орталығы болып келді. Астана қаласындағы аталған көрменің салтанатты ашылуына қалалық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Қ. Нұрқасым басшылық жасап апарған қаламыздың өнер ұжымдары мен мәдени орталықтарынан іріктелініп алынған тартымды концерттік бағдарламалар ұсынды. Ақындар орталығынан Серік Молдабеков бастап барған 7 ақын Нұржан Өмірбаев, Олжас Соғымбаев, Игіліков Бауыржан т.б және қаламыздың дәстүрлі әншілері Т.Рахимов, Т.Сембаев, Г.Ноғайбаева мен Г.Темірбековалар тамаша өнер көрсетіп қайтты. Семей қалалық мәдениет және өнер мекемелерінің бұдан өзге Астана қала күніне арнап өткізген іс-шараларының ішінде атауға болатыны Тарихи-өлкетану мұражайы маусым айында ұйымдастырған «Астана-бас қала» көрмесі, Ә.Қашаубаев атындағы филармониясының мамыр мен маусым айларында қала мектептері мен колледждерде «Қазақстан-Президент-Астана» деген өткізген екі айлық лекция-концерті, Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұйымдастырған «Астана бейнесі» атты кітап хит парады, Абай атындағы кітапханасында «Гүлдей бер Астана!» тақырыбында лекция мен «Қазақстан Республикасының жаңа тұрпатты бас қаласы-Астана» жол көрсеткіш, кітап көрмелері және Абайдың қорық мұражайында өткен «Қазақстан-Астана» атты көрмелерді ерекше атауға болады. Ал Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйытқы болуымен Семей қалалық мәдениет мекемелерінің Ертіс жағалауы мен Әуезов алаңында «Астана-Байтақ» Астана қала күніне арналған әр сембілік концерттік бағдарламасы өтіп келеді. 
 
Биылғы жылдың мамыр айында Мәдениет сарайында өткен «Жас қанат» байқауы ән сайысына алдыңғы іріктеуден жолдама алған 25 жас қатысты. 
 
Биыл IX рет өткізіліп отырған ән байқауда жас әншілер эстрадалық вокал жанрымен бірге домбыра мен баянға қосылып ән айту мүмкіндігіне ие болды. Қазылар алқасы әр үш әншінің өнерін тамашалағаннан кейін, олардың ішінде жоғары бал алған әнші ақтық кезеңге өткізіліп отырды. Ақтық сайысқа қатысу бақытына ие болған 10 әншінің арасында ән орындау шеберлігі, вокалдық сауаттылығы, сахна мәдениеті сияқты талаптардан сүрінбей өткен әншілер республикалық байқауларға жолдама алды. Бұл сайыста бас жүлдені Сәуле Мұхаметжанова және бірінші орынды Мақпал Есқалиева иеленсе екінші орын дәстүрлі ән орындаудан үздік деп танылған Айнұр Абылқасымоваға бұйырды. Әділ қазылар шешімі бойынша Сәуле Мұхаметжанова мен Мақпал Есқалиева келесі жылы республикалық «Жас қанат» байқауында бақ сынайтын болды. 
 
1-маусым Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар қаланың орталық алаңында, Әуезов ескерткіші және Қалалық мәдениет сарайының алаңдарында өтті. «Туған қалам» атты асфальтқа сурет салу байқауы ұйымдастырылды. Әртүрлі қызықты ойындар, викториналық сұрақтар қойылып қатысушыларға сыйлықтар берілді. Қаланың барлық мектептерінің жанында жазғы лагерьлерінде тәрбиеленіп жатқан балалар шеру жасап, бұны арты мерекелік концертке ұласты. Ал Қазақстан Республикасының рәміздері күніне арналған шаралар «Ұлтты танытқан ел рәміздері» атпен Абай атындағы кітапханада, «Ел рәміздері-елдігімнің реңі, теңдігімнің тірегі» және «Қазақстан Республикасының рәміздері» атты көрмелер Балалар және жасөспірімдер кітапханасы мен Абайдың мемлекеттік қорық мұражайында ұйымдастырылды.
Өңдеу күні: 20-07-2011