Акимат » Семей қаласының білім беру жүйесінің дамуы 2017 жылдың 1 шілдесіне

Семей қаласының білім беру жүйесінің дамуы 2017 жылдың 1 шілдесіне

23 маусым 2017 жылғы көрсеткіш бойынша білімді қаржыландыруға 12 млрд. 972 млн. 657 мың 500 теңге бөлінді. Яғни бұл көрсеткіш тоқсан сайын өзгеріп отырады. 
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерінің бірі «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтамасыз ету бөлігінде іске асыру болып табылады, бұл жаңа мектепке дейінгі ұйымдарды ашу, жұмыс істеп тұрған шағын орталықтарда қосымша топтар ашу есебінен мектепке дейінгі білім беру ұйымдары желісін кеңейту, көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасын жетілдіру болып табылады.
Семей қаласында 48 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, жалпы білім беретін мектептерде 48 шағын орталық құрылған және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде 826 орынға мемлекеттік тапсырыс орналастырылды. 2017 жылдың 1 маусым айынын қорытындыcы бойынша мектепке дейінгі біліммен қала бойынша 10275 бала қамтылды, бұл 96 % құрайды.
Оқушылардың білім сапасының негізгі көрсеткіші ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері болып табылады. 2017 жылғы ұлттық бірыңғай тестілеудің орташа балы - 82,5 б болды. Қала бойынша "Алтын белгі" аттестатына 54 түлек ие. 47 "Алтын белгі" түлектері ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып, 34 түлек 100 және одан да жоғары бал жинады. Үздік аттестат алған оқушы саны -  72, ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқаны 63, оның ішіндегі 44 түлек 100 және одан да жоғары бал жинады. Инклюзивті білім беруді енгізу шеңберінде үйде оқитын 283 мүгедек бала арнаулы бағдарламалық  жасақтамасы бар компьютерлік техника жиынтығын алды. Интернет желісіне қосылу мәселесі шешілді.
Әлеуметтік  дамудың заманауи үрдістері – білім берудің алдына жаңа міндеттер қойып отыр, бұлар – «орташа» оқушыға бағдарлаудан шығып, дарынды және талапты балаларға жоғары ықылас білдіру міндеттері. Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаев «Дарынды балаларды қолдау және іздеу-білім жүйесінің және мемлекеттің аса маңызды проблемаларының бірі», - деп атап көрсетті.
2017 жылы 2 бала жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп оқушыларының республикалық олимпиадасының  жүлдегерлері болды, халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстар жеңімпаздарының саны өсуде. Халықаралық жарыстар мен ғылыми конкурстардың  қорытындылары бойынша 16 оқушы білім беру гранттарының иегерлері болды. 
2016 жылдың жазғы кезеңінде балаларды сауықтыру және жазғы демалыстарын қамту қала сыртындағы 3 сауықтыру лагерінде ұйымдастырылды, олар - «Елімай», «Орбита» және  «Достық» спорттық лагерінде 35628 (98 %)  балалар мен жасөспірімдер қамтылды. Сондай-ақ 63 білім мекемсінде мектеп ішіндегі лагерлер ұйымдастырылды, сондай-ақ мектепішілік учаскелерінде, жөндеу-құрылыс жұмыстары ұйымдастырылды. Сонымен қатар Биологиялық орталықта экологиялық лагерь және Балалармен жастардың шығармашылық сарайында күні бойы қамтылған «Жұлдыз» лагері жұмыстарын жасауда.
Жазғы мезгіл ағымында біріккен ассосация клубтарының 25 клубы жұмысын жалғастыруда, оның түрлі үйірмелерімен секцияларында 6540 балалармен жасөспірімдер қамтылған. 
Қала мектептерінде ыстық тамақпен тамақтандыру ұйымдастырылған. Ыстық тамақпен тамақтандырумен қамтылған балалар саны 6031.
Дәстүрлі  түрде спорттық біріншіліктер, чемпионаттар, қала кубоктары, спартакиадалар, қалалық мерекелер, фестивальдар, акциялар тұрақты негізде жүргізілуде.
 
 
Білім бөлімі
 
 

Семей қаласының білім беру жүйесінің дамуы 2016 жыл

 

Семей қаласының білім беру жүйесінің дамуы 2015 жыл

 

Семей қаласының білім беру жүйесінің дамуы 2014 жыл

 

Семей қаласының білім беру жүйесінің дамуы 2013 жыл

 

Семей қаласының білім беру жүйесінің дамуы 2012 жыл

 

Семей қаласының білім беру жүйесінің дамуы 2011 жыл

 

Семей қаласының білім беру жүйесінің дамуы 2010 жыл

Өңдеу күні: 28-06-2017