Акимат » Әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу

Әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу

Отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен (2016 жылдың IV - тоқсанында – 8880 теңге) төмен болған жағдайда мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалады. 
Қажетті құжаттар:  өтініш, отбасының құрамы туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан анықтама, отбасы мүшелерінің тапқан табысы туралы мәліметтер (алдындағы тоқсан үшін), қосалқы шаруашылығының бары (жоқтығы) туралы мәлімет, есепшот. 
Жәрдемақы тоқсанға тағайындалып, ай сайын төленеді. 
Отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себетінің құнынан (2016 жылдың ІV - тоқсанында – 13320 теңге) төмен болған жағдайда 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы тағайындалады. 
Бір балаға жәрдемақының мөлшері - 2269 теңге.
Қажетті құжаттар:  өтініш,  баланың тууы туралы куәлігі,  өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат,  отбасының құрамы туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан анықтама, отбасы мүшелерінің табысы туралы мәлімет, қосалқы шаруашылығының бары (жоқтығы) туралы мәлімет, есепшот. 
Жәрдемақы тоқсанға тағайындалып, ай сайын төленеді. 
Осы жерде тұрақты тұратын жекешелендірілген тұрғын үй-жай иелері немесе жалдаушылары болып табылатын аз қамтылған отбасыларына, коммуналдық қызметтерді тұтынуға жұмсалған нақты шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінен  асқан ретте тұрғын үй көмегі тағайындалады.  
Отбасының жиынтық кірісіне коммуналдық қызметтер үшін белгіленген шығыстар үлесі 7 % - қатынасы мөлшерінде бекітілген. 
Қажетті құжаттар:  тұрғын үйге құқық беретін құжат, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат, есепшот, барлық коммуналдық қызметтер ақысының төленгені (алдындағы тоқсан үшін) туралы түбіртектер, жұмыссыздар үшін Жұмыспен қамту орталығының анықтамасы, отбасының табыстары туралы мәліметтер. Қабылдауды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жүргізеді.
Тағайындау және төлем тоқсан сайын жүргізіледі. 
Анықтама телефондары: 56-10-96; 56-16-00.
 
 
Отдел занятости и социальных программ
Өңдеу күні: 16-01-2017