Акимат » Семей өңірінде ауыл шаруашылығының дамуы 2017 жылдың 1 шілдесіне

Семей өңірінде ауыл шаруашылығының дамуы 2017 жылдың 1 шілдесіне

Қаланың аграрлық секторында бүгін 628 шаруа қожалығы, 2 өндірістік кооператив, 17 жауапкершілігі шектеулі серіктестік,  11  саяжай кооперативі  және тұрғындардың 32,0 мыңнан астам жеке аула бар. 
Семей өңірі бойынша барлық егістік алқаптың көлемі 12350,9 га құрады, бұл 2016 жылғы егілген 12173,8 га  егістік алқаппен салыстырғанда 177,1 га немесе 1,4 пайызға артық.
Көрсетілген алқаптардың 459 га дәнді дақылдар (317 га күздік дақылдарды қоса есептегенде) егілді. 3445,9 га картоп, 1420,3 га көкөніс, 65,2 га бақша дақылдары отырғызылды.
7414,7 га алқапқа азықтық дақылдар егілді (оның 5385,2 га – бұрынғы жылдары егілген көпжылдық шөптер, 415 га ағымдағы жылы егілген көпжылдық шөптер, 427,5 га біржылдық шөптер, 242 га сүрлемдік жүгері. Майлы дақылдар 945 га алқапқа егіледі.
Өңірде тұқым шаруашылығын дамыту мақсатында біршама жұмыстар жасалуда. Бүгінгі күні өңірде картоптың жоғарғы өнімді тұқымдарын өндіретін 2 ауыл шаруашылық құрылымы бар. «Агрофирма Приречное» ЖШС мен «Мұздыбай-1» ШҚ картоп тұқымдарын өндіретін және сататын тұқым шаруашылығы мәртебесі бар. 2017  жылы 1330 тонна І, ІІ, ІІІ репродукциялы тұқымдары дайындалды және сатылды. 
2017 жылы өңірдің шаруашылық құрылымдары толық көлемде сапалы тұқыммен қамтамасыз етілді.
Барлық тұқымдар себуге жарамдылығын анықтау мақсатында «Казагрэкс» АҚ лабораториясына белгіленген кесте бойынша 170 сынама  тексеруден өтті.
Ағымдағы жылы 1-2 класты және ІІІ репродукциядан төмен еместұқымдар пайдаланылады. 142 га дәнді дақылдар егістігіне (көктемгі егіс) 40 тонна 2 класты ІІІ репродукциялы тұқым дайындалып 100 пайыз тексерілді. 
Өңірдің шаруашылықтарында бар 10,2 мың тонна картоптың тұқымы 100 пайыз 1 класты ІІ, ІІІ репродукциялы тұқымға жатады, 3445,9 га алқапты толықтай қамтамасыз етті.
Сорт жаңарту мақсатында өңірдің ауыл шаруашылығы құрылымдары картоптың 220 тонна элиталық тұқымын пайдаланды, атап айтқанда «Романо» - 60 тонна, «Санте» - 60 тонна, «Родриго» - 20 тонна және 20 тонна І репродукциялы «Розаро».
Көкөніс дақылдарының элиталық сұрыптарының тұқымдары қапталған түрде Голландия мен Ресейден  әкелінді. Ағымдағы жылы егілетін барлық тұқымдар 1-2 класты және ІІІ репродукциядан төмен болған жоқ.
2016 – 2017 жылдың  күз, қыс айларынан бастап шаруашылықтар егіс алқабына 15,5 мың тонна органикалық тыңайтқыштар енгізді. 2017 жылы шаруашылықтар субсидияланатын 1541 тонна минералдық тыңайтқыштарға тапсырыстар беріп, алды. 
Биылғы көктемгі дала жұмыстарына 1 литрінің бағасы 119-123 теңге болатын 320 тонна дизель отыны бөлінді.Оператор болып «ҚазМұнайГазӨнімдері» АҚ белгіленді. 
Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге Семей өңірінің ауыл шаруашылығы құрылымдарының техникалары жеткілікті, атап айтқанда тракторлар - 100%, соқалар - 100%, культиваторлар - 100%, тұқым сепкіштер - 100%, жүк машиналары - 100% дайын болды. 
Өңірде 13,99  мың гектар суармалы жер тіркелген, оның 5,6 мың гектары жалға алушыларға бекітілген және 8,39 мың гектары жер қорында тұр.  Ағымдағы жылы суармалы жердің көлемі 500 га ұлғайтылды, жалпы алаң 4116 га құрады.
Суармалы жерлер 74 шаруа қожалықтарына бекітіліп берілген, бүгінгі күні оның 57 шаруашылығы суармалы алқаптарды пайдаланып отыр. Оның ішінде 9 шаруашылық тамшылатып суару әдісін қолданады, 5 шаруашылық суаруды жаңбырлатқыш құрылғылармен жүргізсе, 16 шаруашылық ДДН аспалы агрегаттарын қолданады, қалған 26 шаруашылық жайып суару және басқа әдістермен суарады.
Өңірдің ауыл шаруашылығы құрылымдары көктемгі – дала жұмыстарын ұтымды агротехникалық мерзімде өткізді.
Биылғы  жылдың  6 айының қортындысымен ауылшаруашылығы мал басының кейбір түрлерімен  мал өнімдерін өндіруде өсу үрдісі сақталуда. 
2017 жылдың 1 шілдесіне барлық шаруашылық нысандарында мүйізді ірі қара 63,9  мың,  қой мен ешкі  151,0 мың, шошқа 0,9 мың, жылқы – 39,0 мың және құс – 1400,0 мың басқа жеткен. Былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда мүйізді ірі қара 5,8%, жылқы 13,8%, құс 16,2% өсті. 
2017 жылдың  1 жартыжылдығына13,9 мың тонна ет, 15,2 мың тонна сүт, 1485,1тыс. дана жұмыртқа, 140,2 тонна жүн  өндірілді. 
Ет   өндіру  2016 жылмен салыстырғанда 8,7%, жұмыртқа 3,9% көбейді.
2017  жылдың 6 айында  ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 7955,3 млн. теңгені құрады. Физикалық индекс көлемі 105,8%.
Семей өңірінде екі сүт-тауарлы фермаларда «Көпежан» ФҚ мен «Нұр» ШҚ-да  «200 сиырға арналған СТФ реконструкциялау» жобалары іске асырылуда.
«Көпежан» фермер қожалығымен жоба іске асырылып, 2016 жылғы                              14 қазанда «Ауыл шаруашылығын  қаржылай  қолдау қоры» АҚ филиалы қаражаты есебінен 49,0 млн. теңге сомасында 200 ІҚМ басына арналған СТФ пайдалануға беріліп, СТФ арналған сүт жабдығы мен техникасы  алынды, Зырян ауданының «Средигорненский» асыл тұқымды шаруашылығында 94 бас асыл тұқымды    Симментал құнажындары сатып алынды.
СТФ-та 12 жаңа жұмыс  орны ашылды. Бүгінгі күні фермада ІҚМ басы                 150 санға жетіп, бұдан 150 тонна сүт сауылды.
«Нұр» ШҚ «КазАгроҚаржы» АҚ филиалының қаражаты есебінен 228,9 млн. теңге сомасында жобаны іске асыруда. 2015 жылы қожалық лизинг бойынша                    14,8 млн.теңге сомасында көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге арналған техниканы сатып алды. 2016 жылғы 1 қазанда өз қаражаты  есебінен 9,5 млн.теңге сомасына алғашқы 100 бас сиырға арналған СТФ үй-жайын реконструкциялауды аяқтады. Қожалықта сүт жабдығын жөндеуге арналған үй-жай әзірленген. «КазАгроҚаржы» АҚ  филиалымен 20,0 млн. теңге сомасында кредит қаражатын беру мақұлданды. РФ Новосібір облысының «Партнер» ЖШБ қаржылай қаражат түскеннен кейін шартқа сәйкес тамыз айында жабдықты жеткізуді жүзеге асырады. «Нұр» ШҚ бойынша 100 бас сиырға арналған сүт-тауарлы ферманы пайдалануға беру мерзімі 2017 жылғы тамызға жоспарланған. Ағымдағы жылдың қазанында жобаны іске асыруды аяқтау белгіленген. Мал азығы қорын нығайту мақсатында қожалыққа                         945 га суармалы  жер бөлініп ресімделді. 
200 га көп жылдық және 200 га бір жылдық шөп егілді.
Ағымдағы жылы жеке кәсіпкер «Калиханұлы» Озерка ауылында ЖК «Каликов»сүт қабылдау пунктін  іске қосты, ол 180 тонна сүт жинауды жоспарлап отыр. 16 ақпаннан бастап ЖК«Каликов»  сүт қабылдау пункті Озерка ауылдық округі тұрғындарынан сүт қабылдауды бастады. Бүгінгі күні 63,3 тонна сүт жиналып, «Калиханұлы» ШҚ-да бар сүт қайта өңдеу цехына  жөнелтіледі. Қазіргі уақытта 75 ІҚМ  басы  бар 21 аула   қамтылып,   1 литр сүтті қабылдау бағасы 70 теңгені құрайды.
2016 жылғы 10 қыркүйектен бастап Достық ауылдық округінің Достық ауылында Достық, Жиенәлі және Ертіс ауылдық округі тұрғындарынан сүт сатып алу бойынша ЖК «Қорабаев» сүт қабылдау пункті іске қосылды. 2016 жылы 32,7 тонна сүт жиналып, Семей қаласындағы ЖК «Қорабаев» цехына қайта өңдеуге тапсырылды. Ағымдағы жылы ЖК «Қорабаев» сүт қабылдау пункті Достық ауылында 16 мамырдан бастап сүт жинауды бастады. Бүгінгі күні 19,7 тонна сүт жиналып, ЖК «Қорабаев» цехына қайта өңдеуге жөнелтілді. Сүт жинауға 51 ІҚМ басы бар 14 аула қамтылған, 1 литр сүтті қабылдау бағасы 70 теңгені құрайды.
2017 жылға Достық ауылында сүт қабылдау пункті бойынша 360 тонна көлемінде сүт жинау жайлы тапсырма берілген.
Облыстық комиссия алдында ұсынылған есепке сәйкес 2017 жылы  сүт қабылдау пункттері арқылы жоспар-тапсырмаға сәйкес  540 тонна сүт жиналып, қайта өңдеуге тапсырылды.
Сонымен қатар Қаракөл ауылында Қаракөл және Балтатарақауылдарының                  17 жеке қосалқы шаруашылықтарын қамтитын Озерки ауылдық округінің «Бейсбеков және К" ауылшаруашылық кооперативінің сүт қабылдау пунктін ашу жоспарланған. Қазіргі уақытта "Бейсбеков және К" ауылшаруашылық кооперативі  «Үлбі модульдық компаниясы» ЖШС-дан сатып алған сүт қабылдау пунктіжабдығын орнатты. Қаланың сүт өңдейтін кәсіпорындармен  сүт жеткізу мәселесі шешілуде. 
Инфляциялық процестерді тежеу, ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында әр сенбі күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіліп келеді. 2017 жылдың 1 жартыжылдығына Семей өңірінің қожалықтарының күшімен және жақын көрші аудандардың қатысуымен барлығы 23 ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіліп, 223,4 млн. теңге көлемінде ауыл шаруашылығының өнімдері сатылды. Сатылған өнімдердің  бағасы  базар бағасынан  15- 20 пайызға төмен.
Бұдан басқа, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бекіткен кестеге сәйкес ағымдағы  жылдың сенбі күндері Бородулиха, Бесқарағай, Абай, Аягөз,Көкпекті  аудандарының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері өндірген өнімдерін ұсынып, ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізілді. Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу жалғастырылуда.
Өңірде  тамақ өнеркәсібі дамуда.
2017 жылдың 1 жартыжылдығы көрсеткіші бойынша азық-түлік өндірісінің көлемі 12396,6 млн. теңгені құрады. НКИ-97,2%.
 «Шығыс бройлер» ЖШС құс етін өндіру және өсірумен айналысады. 2012 жылдан бастап кәсіпорын жұмыртқа бағытынан  бройлерлік, яғни құс етін өндіру бағытына толығымен ауысты.
Бүгінгі күні «Шығыс Бройлер» ЖШС сою цехы мен жаңа инкубатордың құрылысын аяқтау алдында. Қазіргі үлгідегі заманауи инновациялық шет елдік жабдық сатылып алынған: алдыңғы қатарлы «Pas Reform»  голландиялық фирманың инкубациялау жабдығы, EMF неміс фирмасының бройлерді сою жабдығы.
Осы жабдықтарды іске қосу құс етін өндіру көлемін біршама арттыруға, өнім сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. 2017 жылдың 1 жартыжылдығына  3542,9 тонн құс етін өндірді.
 «Прииртыш бройлер құс фабрикасы» ЖШСқұс етін өндіру және өсірумен айналысады. «Прииртыш бройлер құс фабрикасы» ЖШС2017 жылдың 6айында 4350 тонна құс етін өндірді.
«Кондиз» ЖШС кондитерлік және кулинарлық өнім шығарумен айналысады. Жаңа заманауи кәсіпорын әлемдік стандарт сапасын ескере отырып құрылған.Фабриканың өндірістік мүмкіндіктері қаланың ірі фабрикалары арасында лайықты орын алуға мүмкіндік береді. Үш технологиялық желістің өндірістік қуаттылығы жылына 14400 тоннаны құрайды. 2017 жылдың 1 жартыжылдығына 831 тонна крекерлі печенья өнімін өндіріп шығарды.
«Семнан» ЖШСнан, тоқаш және кондитерлік өнім өндірумен айналысады. Ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығына 1500 тонна өнім өндірді.
МПК «Технология» ЖШС 48 түрлі кулинарлық-шұжық, деликатес өнімдерін өндіреді. Кулинарлық-шұжық өнімін өндіруге негізгі қажетті шикізат- ауылшаруашылық малының еті. Ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығына 35 тонна шұжық өнімін өндіріп шығарды.
«Семей ет комбинат» ЖШС қала бойынша өзі өндірген ет өнімдерін «Мясная империя» ЖШС арқылы сатумен айналысады. Кәсіпорын 2017 жылдың 1 жартыжылдығына 285 тонна дайын өнім шығарды.
«Ай-Ар» ЖШС –ұн өнімін өндірумен айналысады. Кәсіпорында заманауй қондырғылар орнатылған. 2017 жылдың 1 жартыжылдығына 3400 тонна ұн және макарон өнімін өндірілді.
 
 
Ауыл шаруашылығы бөлімі
 
 

Семей өңірінде ауыл шаруашылығының дамуы 2016 жыл
 
 
Семей өңірінде ауыл шаруашылығының дамуы 2015 жыл
 
 
Семей өңірінде ауыл шаруашылығының дамуы 2014 жыл
 
 
Семей өңірінде ауыл шаруашылығының дамуы 2013 жыл
 
 
Семей өңірінде ауыл шаруашылығының дамуы 2012 жыл
 
 
Семей өңірінде ауыл шаруашылығының дамуы 2011 жыл
Өңдеу күні: 27-07-2017