Акимат » Семей қаласының халқын әлеуметтік қорғау 2017 жылдың 1 сәуіріне

Семей қаласының халқын әлеуметтік қорғау 2017 жылдың 1 сәуіріне

«ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ 17 әлеуметтік бағдарламаның игерілуін қамтамасыз етуде. Бөлімнің ведомстволық бағынысында 4 мекеме бар.
2017 жылдың 1 сәуірінде 322,8 млн. теңге игерілді, соның ішінде қалалық бюджеттен 220,5 млн. теңге, облыстық бюджеттен 94,9 млн. теңге, республикалық бюджеттен 7,4 млн. теңге.
Есепті мерзім ішінде көрсетілген мемлекеттік  қызметтер саны 12 329, соның ішінде «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы 3093.
 
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы
 
Республикалық және жергілікті бюджет қаражаттарынан қаржыландырылған Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы мен Қаланы дамыту бағдарламасы өнімді жұмыспен қамтамасыз етудің пәрменді тетігі болып табылады, бұл бағдарламалар аясында қала халқының жұмыспен қамтылуына жәрдемдесудің белсенді шаралары іске асырылады: жұмысқа орналастыру; уақытша ақылы қоғамдық жұмыстарға тарту; қәсіптік оқытуға жолдау; жастар тәжірибесі және әлеуметтік жұмыс орындарымен қамту.
Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін 2017 жылға арналған Кешенді жоспар әзірленді. Аталған жоспарға сәйкес жыл басынан жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 1185 адам қамтылды, соның ішінде 127 адам  нәтижесіз өз бетінше жұмыспен қамтылғандар. Тұрақты және уақытша жұмыс орындарына 959 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына – 728, уақытша әлеуметтік жұмыс орындарына - 95 адам, жастар тәжірибесіне оқу орындарының 136 түлегі жолданды. Қоғамдық жұмыстарға 226 адам жіберілді. Еңбек нарығындағы сұраныстар есебімен техникалық және кәсіптік білімімен кадрларды даярлауға 404 адам, мамандықтар және бейімділігінің еңбек нарығы сұранысы бойынша жұмысшы кадрларды қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 1422 адам, сонымен қатар, еңбек өмірін жұмылдыру бойынша арнайы жобалардың  қысқа мерзімді курстарына - 100 адам жолданады. 
2017 жылдың 1 сәуірінде  еңбек нарығындағы тіркелген жұмыссыздар саны 1288 адамды құрады, бұл 2016 жылдың тиісті мерзімімен   салыстырғанда 145 адамға төмен. 
Шағын несиелендіру мәселесі бойынша өтініш беруші үміткерлердің саны 40 адам, олардан 8 - іске асырылудағы бизнесті кеңейтуге және 32 жеке өз iсiн ашуға, соның ішінде 28 адам ауылдық елді мекендерінен және 12- қаладан.
2017 жылы жұмыс берушімен бірлесе қаржыландырумен,  Мұздыбай ауылында 10 екіпәтерлік  тұрғын үйлердің  құрылысы жүргізілуде. Жергілікті бюджеттен осы мақсатқа 157 млн. теңге бөлінді, сонымен қатар үйлерді салуды аяқтауға  – 127,0 млн. теңге және инженерлі-коммуналдық инфрақұрылымды салуға  – 30,0 млн. теңге. «Мұздыбай» ШҚ басшысы Т. Баймуринов ағымдағы жылдың 3 және 5 сәуірінде қоныс аударумен жұмыс күшін тарту мақсатында ОҚО өткізілген бос жұмыс орындарының жәрмеңкесіне  қатысқан.
                  
Әлеуметтік бағдарламалар
 
Басымды бағыттар мен міндеттердің бірі болып табысы күн көріс деңгейінен төмен адамдарды (отбасыларды) әлеуметтік қолдау есебінен кедейлік деңгейін төмендету болып табылады. Есепті мерзім ішінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек – табысы күнкөріс деңгейінен төмен 382 азаматы бар 103 отбасыға көрсетілді. Осы мерзімде төленген сома 4,8 млн. теңге. 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы 1031 балаға 6,0 млн. теңге сомасында тағайындалды. 14,9 млн. теңге мөлшерінде 1137 отбасыға тұрғын үй жәрдемақысы төленді, өтініштер саны 2016 жылмен салыстырғанда 164 отбасыға ұлғайды (973 отбасы), бұл аз қамтылған халықты ұлғайтуды қамтуға мүмкіндік.
«Өрлеу» жобасы бойынша келісілген қаржылай көмекті енгізу» бағдарламасы бойынша 166 алушылары бар 37 отбасыға барлығы 5,1 млн. теңге сомасында, соның ішінде республикалық бюджеттен – 3,5 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 1,6 млн. теңге көмек көрсетілді. Ағымдағы жылы атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан 37 алушылары бар 6 отбасы, балалар жәрдемақысын алушылар қатарынан 81 азаматы бар 17 отбасы және бірінші рет өтініш бергендер 48 азаматы бар 14 отбасы жобаға тартылды.
Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету бойынша есепті мерзім ішінде 102,6 млн. теңге игеріліп, 4714 алушыға әлеуметтік көмек көрсетілді. 
Біржолғы әлеуметтік көмек мереке және атаулы күндерге: Ауғанстан аумағындағы ұрыс-қимылдарға қатысушыларға, Ауғанстанда қайтыс болған әскери қызметшілердің жанұяларына, ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне, көп балалы аналарға. Бұдан басқа, қиын өмірлік жағдай туындаған мұқтаж азаматтардың жеке өтініштері бойынша, аз қамтылған отбасылардан шыққан түлектерінің, жетім балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуын төлеу, шәкірақы, жатақханада тұру үшін мемлекеттік қолдау ретінде әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ветеринар мамандарына отын сатып алуға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік көмек көрсетуге есепті мерзім ішінде 0,01 млн. теңге игеріліп, 1 алушыға әлеуметтік көмек көрсетілді.
Халықтың әлеуметтік қорғауға аса мұқтаж мүгедектер болып табылады. Есепті мерзімде 180 мүгедек міндетті гигиеналық құралдармен, 3 кресло-арбалармен, тифлотехникалық құралдармен 101, сурдотехникалық құралдармен 12 мүгедек қамтамасыз етілді. Есту қабілеті бойынша 144 мүгедекке 4 ымдау тілі маманының, жүріп - тұруы қиын бірінші топтағы 204 мүгедекке жеке көмекшінің қызметі көрсетілді. 
«Уба» шипажайында 327 адам, соның ішінде 14 мүгедек емделуден өтіп, денсаулығын түзеді. Қалалық бюджет қаражаты есебінен «Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамсыздандыру» бағдарламасы бойынша 246 мүгедек балаға 14,4 млн. теңге төленді. 
Мүгедектерді әлеуметтік қорғаудағы қажетті шаралардың бірі кәсіптік оңалту – бұл мүгедектерге жұмысқа орналасуға, оқуға және қайта оқуға көмек көрсету болып табылады. 
Есепті мерзімде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін 51 мүгедек өтініш берді. Тұрақты жұмыс орындарына 16 адам, қоғамдық ақылы жұмыстарға 25 адам, жастар тәжірибесіне 9 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 1 адам жолданды. 
Қалалық мүгедектер қоғамында тірек – қозғалыс аппараты бұзылған 1 – 2 топ мүгедектерін қаланың әлеуметтік маңызды нысандарына жеткізу бойынша қалалық бюджет қаражаты есебінен «Әлеуметтік такси» қызметі ұйымдастырылған. Жыл басынан осы қызметті 128 мүгедек пайдаланды, 1053 тапсырыс орындалып, осы қызметке қалалық бюджеттен 2,5 млн. теңге игерілді.
Бөлім жұмысының басым бағыты мүгедектерге, мүмкіндігі шектелген балаларға, жалғызілікті қарттарға және белгілі тұрағы жоқ адамдарға әлеуметтік қызметтерді көрсету болып табылады.
Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету 3 орталықта мынандай бағыттар бойынша жүргізіледі: үйден қызмет көрсету және күндізгі бөлімшеде жартылай стационар жағдайында, күндізгі бөлімшесінде болу және түнгі бөлімшесінде болу.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер қамқорлықтағы 1415 адамға, соның ішінде 257 психоневрологиялық ауытқулары бар және тірек – қимыл аппараты бұзылған балаларға, 128 – 18 жастан асқан тұлғаларға, 1030 қарттар мен еңбекке қабілетсіз адамдарға. Күндізгі бөлімшеде 276 қызмет алушыға, соның ішінде 240 қартқа және 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектелген 36 балаға арнаулы әлеуметтік қызметтердің кешені көрсетіледі. Белгілі тұрағы және құжаттары жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығында екі бөлімше жұмыс істейді: 120 төсек орынға арналған күндізгі бөлімше, 30 төсек орынға арналған түнгі бөлімше. Есепті кезеңде орталыққа 372 адам жүгінді, соның ішінде: күндізгі бөлімшесіне 167 адам, түнгі бөлімшесіне 205 адам, 50 адам бейімделіп, 51 адам жұмысқа орналастырылды. 
Семей ядролық сынақ полигонындағы жарылыстардан зардап шеккен азаматтардан құжаттарды қабылдау жалғасуда. Есепті мерзімде экологиялық куәліктерді ресімдеу үшін 370 құжат жиынтығы ресімделді және 90 алушыға біржолғы ақшалай көмек төлеміне құжаттары ресімделді, 47 алушыға 1,4 млн. теңге өтемақы төленді.
Семей қаласында Ұлттық жоспарды іске асыру мақсатында тыныс-тіршіліктің барлық салаларындағы объектілер мен қызметтерге мүгедектердің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша қолданыстағы үйлерге және ғимараттарға түгендеу жүргізу жөніндегі жұмыс тобы құрылды. 2012 жылдан бастап 2017 жылдың 1 сәуір аралығында барлығы әлеуметтік инфрақұрылымның 311 нысаны түгенделді. 127 жоспарланған нысан жалпыға бірдей қабылданған стандарттарға сәйкес жартылай бейімделуден өтті. Семей қаласы бойынша 2017 жылға мүгедектердің әлеуметтік, көліктік инфрақұрылым нысандарын бейімдеу жөніндегі бекітілген өңірлік жоспарында 49 әлеуметтік нысандар бейімделуден өтеді деп жоспарланған. 
 
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Өңдеу күні: 17-04-2017