Акимат » Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау

Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау

«Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу»
1) мүгедектер, оның ішінде мүгедек балалар үшін – мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасы;
2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектері және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін – белгіленген үлгідегі куәлік;
3) Ұлы Отан соғысының қатысушылары үшін – тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымның протездік-ортопедиялық көмек көрсету қажеттігі туралы қорытындысы;
4) жұмыс беруші-дара кәсіпкер қызметін тоқтатқан немесе заңды тұлға таратылған жағдайда жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертігуге ұшыраған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектер үшін – жазатайым оқиға туралы акті және жұмыс беруші-дара кәсіпкердің  қызметінің тоқтатылғаны немесе заңды тұлғаның таратылғаны туралы құжат.
Анықтама телефондары:  56-22-14
 
«Мүгедектерге кресло-арбалар беру»
1) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы;
2) жазатайым оқиға туралы акт және жұмыс беруші-дара кәсіпкер қызметін тоқтатқаны немесе заңды тұлға таратылғаны туралы құжат.
Анықтама телефондары:  56-22-14
 
Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу»
1) көрсетілетін қызметті алушының және/немесе заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;
2) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме;
3) «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде  № 10589 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтама;
жеке басын куәландыратын құжатта жеке сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – жеке сәйкестендіру нөмірі. 
Анықтама телефондары:  56-22-14
 
 
«Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету»
сурдотехникалық құралдармен қамтамасыз ету бойынша:
1) көрсетілетін қызметті алушының және/немесе заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат, мүгедек балалар үшін – жеке басын куәландыратын құжат, ата-аналарының (қамқоршысының, асырап алушысының) біреуінің жеке басын куәландыратын құжат;
2) кәмелеттік жасқа толмаған мүгедек балалар үшін – баланың туу туралы куәлігі;
3) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме;
4) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері үшін – Ұлы Отан соғысына қатысушы (мүгедек) куәлігі;
5) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін – жеңілдікке құқығы туралы белгісі бар зейнеткерлік куәлігі;
6) бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектер үшін – зейнеткерлік куәлігінің көшірмесі;
7) Ұлы Отан соғысына қатысушы үшін – медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының қорытындысы;
тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз ету бойынша:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
1) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы;
міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету бойынша:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
1) көрсетілетін қызметті алушының және/немесе заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;
2) мүгедек балалар үшін – жеке басын куәландыратын құжат, ата-аналарының (қамқоршысының, асырап алушысының) біреуінің жеке басын куәландыратын құжат;
3) жеке сәйкестендіру нөмірі – жеке басын куәландыратын құжатта жеке сәйкестендіру нөмір болмаған жағдайда;
4) мүгедекті оң  алтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме;
5) «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде  № 10589 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтама.
Анықтама телефондары:  56-22-14
 
«Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету»
1) көрсетілетін қызметті алушының және/немесе заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі, мүгедек балалар үшін – жеке басты куәландыратын құжат көшірмесі және заңды өкілінің жеке басты куәландыратын құжатының көшірмесі;
2) денсаулық сақтау ұйымымен берілген санаторий-курорттық картасының көшірмесі;
3) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не ауыл және/не ауылдық округ әкімдерінің анықтамасы);
4) «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтама және мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірмелері;
5) мүгедектің жазбаша келісімімен басқа адам өтініш тапсырған кезде –оның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
жеке басты куәландыратын құжатта жеке сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – жеке сәйкестендіру нөмірінің көшірмесі.  
Анықтама телефондары:  56-22-14
 
«Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу»
1) баланың туу туралы куәлігінің немесе жеке куәлігінің көшірмесі;
2) «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде  № 10589 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі (қарттар үшін талап етілмейді);
3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық карта;
4) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірмесі (қарттар үшін талап етілмейді); 
5) он сегіз жастан асқан адамдар үшін – соттың адамды әрекетке қабілетсіз деп тану туралы шешімінің көшірмесі (болған кезде);
6) зейнеткерлік жастағы адамдар үшін – зейнеткерлік куәлігінің көшірмесі;
7) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар үшін – Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегі және оларға теңестірілген адам мәртебесін растайтын куәлігінің көшірмелері.
Анықтама телефондары:  56-22-14
 
 
«Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет  көрсетуге құжаттар ресімдеу»
1) қызмет алушының жеке сәйкестендіру нөмірі бар жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не село/ауыл әкiмдерінiң анықтамасы);
3) «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде  № 10589 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі (қарттар үшін талап етілмейді);
4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық карта;
5) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы үзіндісінің көшірмесі (қарттар үшін талап етілмейді);
6) зейнеткерлік жастағы адамдар үшін – зейнеткерлік куәлігінің көшірмесі;
7) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар үшін – Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегі және оларға теңестірілген адам мәртебесін растайтын куәліктің көшірмелері;
8) балалар үшін – психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының көшірмесі.
Анықтама телефондары:  56-22-14
 
 «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» 
1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;
2) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімінің анықтамасы); 
3)психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы;
4) «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде  № 10589 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтама;
5) банкте шоттың болуы туралы құжат;
6) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы.
Анықтама телефондары:  56-22-14
 
 
Семей ядролық сынақ полигонындағы жарылыстардан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлемі, куәлік беру 
Қажетті құжаттар:
- өтініш;
- жеке басын куәландыратын құжат;
- тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;
- есепшот;
- Семей ядролық сынақ полигоны аумағында 1949-1965, 1966-1990 жылдары аралығында тұрғанын және кезеңін растайтын құжаттар (мұрағат анықтамалары, халық депутаттары селолық, поселкелік (ауылдық) Советтерінің, тұрғын үй – пайдалану басқармаларының, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) әкімдерінің, пәтер иелері кооперативтерінің  анықтамалары; еңбек кітапшасы; оқу орнын аяқтағаны туралы диплом; әскери билет; тууы туралы куәлік; орта білімі туралы  аттестат (негізгі мектепті бітіргені туралы куәлік); болған ретте - «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тәртіппен бұрын берілген куәлік.
Егер аталған құжаттар сақталмаса, онда ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақта тұрғанын және кезеңін растайтын сот шешімі ұсынылады. 
Семей ядролық сынақ полигонындағы жарылыстардан зардап шеккендерге біржолғы ақшалай өтемақы алуға тіркелу үшін қажетті құжаттар: жеке басын куәландыратын құжат, азаматтарды тіркеу кітабы, есепшот, полигондық куәлік.
Анықтама телефондары: 56-19-12; 56-18-39
 
Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек алушылардың өтінішінсіз, уәкілетті ұйымдардың ұсынысымен ЖАО бекітетін тізімдер бойынша көрсетіледі.
Өмірлік қиын жағдай туындағандағы біржолғы әлеуметтік көмекке қажетті құжаттар: өтініш, жеке басын куәландыратын құжат,  тұрғылықты жері бойынша тұратынын растайтын құжат, отбасының құрамы туралы мәліметтер, өтініш берушінің (отбасының) табыстары туралы мәліметтер, өмірлік қиын жағдай туындағанын растайтын акт/немесе құжат.  
Анықтама телефондары:  56-19-12; 56-18-39
 
 
2014 жылдан бастап 4-ші баланы туған аналарға арналған әлеуметтік жәрдемақы
Қажетті құжаттар: өтініш, ананың және барлық балаларының тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат, балалардың тууы туралы куәліктері, Халық банктің немесе  Қазпочтаның есепшоты, тегін ауыстырғанын растайтын құжат.
Анықтама телефондары: 56-19-12; 56-18-39
 
Ауылдық жерлерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек
Қажетті құжаттар: еркін түрдегі өтініш, жеке басын куәландыратын құжат, тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы), жұмыс орнынан анықтама, есепшот. 
Анықтама телефондары: 56-19-12; 56-18-39
 
Ақталған адамның куәлігін беруге керек құжаттар
1.Жеке басын куәландыратын құжат 
2.Ақтау туралы анықтама не сот ұйғарымының (қаулысының) көшірмесі
3.Өкілі арқылы жүгінген жағдайда-оның өкілеттіктерің растайтын құжат.
Салыстырып тексеру үшін құжаттың төлнұсқасы және көшірмелері ұсынылады.
Анықтама телефондары: 56-19-12; 56-18-39

 
 
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Өңдеу күні: 17-04-2017