Акимат » Семей қаласында дене шынықтыру мен спорттың дамуы 2017 жылдың 1 шілдесіне

Семей қаласында дене шынықтыру мен спорттың дамуы 2017 жылдың 1 шілдесіне

Дене шынықтыру және спорт бөлімімен дене шынықтыру және спортты дамыту және дене шынықтыру және спортпен үнемі айналысушылардың санын арттыру бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. Қабылданған шаралар Семей қаласында дене шынықтыру және спорттың динамикалық дамуына септігін тигізеді. 
Семей қаласында бүгінгі таңда 343 556 адам тұрады, оның шамамен 100 000 мектеп оқушылары мен студенттер құрайды. Олардың қызметіне 384 спорт ғимараты, оның ішінде 7 бассейн, 4 стадион, 5 спорт кешені, 123 спорт залы, 1 дене шынықтыру – сауықтыру кешені, 5 шаңғы базасы, 5 мылтық ату тирі, 2 мұз айдыны (Локомотив, Цементник), 1 коньки тебу стадионы, 22 футбол алаңы, 130 арнайы салынған спорт залдар және 72 қосарланған спорт залдар бар. 
Аймақты дамыту жоспарына сәйкес мемлекеттік бюджет есебінен спортпен шұғылдануға қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету үшін спорттық ғимараттардың құрылысы бойынша жұмыстар атқарылуда. 
Степной кентіндегі ипподромды жөндеуден өткізу үшін 7 млн. теңгеге жобалық-сметалық құжаттама дайындалды.
Озерки кенті ауданында биатлон кешені бар шаңғы базасының құрылысы үшін жер телімі бөлініп, жер актісі және жерге орналасу жоспары даярланып, жобалық сметалық құжаттаманы даярлауға  бюджеттік тапсырыс даярланды. 
Дастенов көшесі, 34 «А» мекен-жайында орналасқан «Семей қаласы бойынша №1 Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған балалар – жасөспірімдердің спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының базасында 2016 жылы 12 желтоқсанда дарынды балаларға арналған 200 орындық спорт академиясы және 4 кілемдік күрес залы ашылды. 
Қалада 2017 жылы 5000 орынға арналған «Абай-Арена» мәдени – спорттық кешенін салу жоспарлануда. Бүгінгі күні техникалық – экономикалық негіздемесі құрастырылды. 
Қала бюджеті есебінен 2017 жылы жалпы құны 39,6 млн. теңге тұратын жарықтандыруы және ернеуі бар 4 көп жүйелі спорттық алаңдардың салынуы жоспарланған. Бұдан басқа Юность мөлтек ауданында және Восход, Энергетик кентінде, Сәтпаев және Шмидт көшесінде «Workout» спорттық алаңдарының құрылысы аяқталды. Шмидт 44 көшесінде орналасқан балалар – жасөспірімдер спорт мектебінде облыстық бюджет есебінен «Workout» спорт алаңының құрылысы аяқталуда. 
Сонымен қатар спорт саласына жеке инвестицияларды тарту жұмыстары да атқарылады:
«Цементник» стадионының территориясында жеке кәсіпкер С. Темірханованың есебінен стадионға келушілерге арналған кафе және 100 орынға арналған қонақ үй салынды. Сонымен бірге жеке кәсіпкер С. Темірхановамен «Цементник» стадионының территориясында спорт залдың және жағажай футболына арналған алаңның құрылысы жоспарлануда. 
Аквапарк ауданында жеке кәсіпкер С. Агапкиннің есебінен теннис кортының құрылысы аяқталды. 
Биылғы жылы 3 футбол алаңының, 2 теннис кортының және бір жағажай волейболына арналған ойын алаңының құрылысы аяқталды. 
Ағымдағы жылдың шілде айында «Полковничий» аралында жеке меншік инвестиция есебінен «WORKOUT» алаңы ашылды. 
Кекушинкай каратэ республиклық федерациясымен жалпы құны 70 млн. теңге тұратын каратэ модуль – залының құрылысы жоспарлануда. Бүгінгі күні жер телімінің бөліну жұмыстары атқарылуда. 
Қазақстан ауыр атлетика федерациясымен бекітілген меморандумға сәйкес құны 100 млн.теңгеге ауыр атлетика залының құрылысы жоспарланып, жер телімі бөлінді. 
Жеке кәсіпкер А. Кузнецованың жеке инвестициясы есебінен Абай көшесінде жалпы құны 90 млн. теңгені құрайтын хауыз залы бар теннис залының құрылысы салынуда. Пайдаланылуға берілу уақыты 2017 жыл.
Шүлбі кентінде жергілікті кәсіпкерлер есебінен стандартты, заман талабына сай және жалпы құны 7 млн. теңгені құрайтын хоккей кортының құрылысы аяқталды және 2 млн. теңгеге спорттық құрал – жабдықтармен қамтамасыз етілді. 
Барлық ауыл округтерінде спорт залдар бар, оларда дене шынықтыру және спортпен 2000 балалар және ересектер үнемі шұғылданады. 2015 жылдан бері ауыл жастары спартакиадасы жанданып, оған 700-ге жуық адам қатысты. Ауыл округтерінің спортшылары әр түрлі спорт түрлері бойынша қалалық жарыстарға қатысады. 
2013 жылдан бері дене шынықтыру және спортпен айналысушылар санының біршама өскендігі байқалады. Мысалы, 2013 жылы 61885 адамды немесе 18,4 % -ды, 2014 жылы 99200 адам немесе 28, %, 2015 жылы 99600 адам немесе 29,2  % -ды, 2016 жылы 102370 немесе 29,8 % -ды, 2017 жылы 102996 немесі 29,9 % құрады оның ішінде балалар мен жасөспірімдер 43402 немесе 12,6 %.
Қалада облыстық спорт басқармасының теңгеріміндегі 3 спорт мектебі: «Семей қаласы бойынша № 1 Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған балалар- жасөспірімдер спорт мектебі», «Семей қаласы бойынша № 2 Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған олимпиадалық резерв мектебі», «Шығыс Қазақстан облыстық спорттың бұқаралық түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебі», «ШҚО Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Семей қаласы бойынша балалар – жасөспірімдер спорт мектебі» және білім бөліміне қарасты спорттық шеберлік мектебі, 23 федерация, 27 әртүрлі бағыттағы спорттық клубтар жұмыс істейді. 
Спорт саласында 692 маман қызмет атқарады, оның 595-нде жоғары дене шынықтыру білімі, 97 -нде орта арнайы дене шынықтыру білімі бар. Соның ішінде 295 жалпы білім беру орта мектептерінің мұғалімдері, 163 жоғары оқу орындары мен колледждердің мұғалімдері, 192 спорт бойынша жаттықтырушы – мұғалімдер, 15 балалар жасөспірімдер спорт мектебінің қызметкерлері (директор, директордың орынбасары, әдіскерлер). 12 кәсіптік техникалық мектептердің мұғалімдері және дене шынықтыру пәндерінің басшылары, 12 -сі спорт клубтар аппараттарының, 10 басқа дене шынықтыру қызметкерлері.  
2017 жылы балалар – жасөспірімдер спорт мектебінде бұқаралық спорт түрлері және мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған бөлімдердің ашылуы жоспарланған.
Қалада спорттың 65 түрі, соның 25 - олимпиадалық спорт түрлері, 40 – олимпиадалық бағдарламаға жатпайтын спорт түрлері. Қазақ күресі, тоғызқұмалақ, жеңіл атлетика, футбол, волейбол, жағажай волейболы, баскетбол, стритбол, грек-рим күресі, дзюдо, еркін күресі, ауыр атлетика, бокс, коньки тебу спорты, шайбалы хоккей, шаңғы спорты, әскери – қолданбалы спорт түрлері, гандбол,  допты хоккей (бенди), велоспорт, полиатлон, спорттық туризм, авто – мото спорт және т.б.  дамыған.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Жалпы Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты берілген мақалада «Қазақстан Семей» телеарнасымен бірге апта сайын «Намыс» спорт бағдарламасы жүгізіледі.
 
 
Дене шынықтыру мен спорт бөлімі
 

 
Семей қаласында дене шынықтыру мен спорттың дамуы 2016 жыл
 
 
Семей қаласында дене шынықтыру мен спорттың дамуы 2015 жыл
 
 
Семей қаласында дене шынықтыру мен спорттың дамуы 2014 жыл
 
 
Семей қаласында дене шынықтыру мен спорттың дамуы 2013 жыл
 
 
 
 
 
 
 
Өңдеу күні: 30-06-2017