Акимат » Семей қаласында құрылыстың дамуы 2009 жыл

Семей қаласында құрылыстың дамуы 2009 жыл

Тұрғын үй құрылысы
 
Семей қаласында 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысының дамуына арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында инженер желілерімен қоса 3 көпқабатты тұрғын үй салынды, соның ішінде біреуі -  жалға, екеуі - несиеге беріледі. Бұл мақсатқа  2009 жылы бөлінген жалпы қаражат құны    465 млн.теңгені құрайды.
 
Энергетик шағын ауданында «GRAND Элит Строй» жауапкерлігі шектеулі серіктестігі 202 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысының соңғы кезеңін  аяқтады.
 
2009 жылы қалада барлық қаржы көздері есебінен жалпы ауданы 66,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде мемлекеттік бюджет қаржысы есебінен 15,4   мың шаршы метр, жеке меншік иелері қаржысы есебінен 7,7 мың шаршы метр және 43 мың шаршы метр жеке тұрғын үй құрылысы есебінен салынды.
 
2010 жылы Синицын көшесіндегі 9 қабатты 72 пәтерлі несиеге берілетін тұрғын үйдің және Энергетик кентінде 9 қабатты 72 пәтерлі жалға беретін тұрғын үйдің құрылысы басталады. 2010 жылдың бюджетінен бұл үдің құрылысына, техникалық және авторлық бақылауды қосқанда, 136,5 млн. теңге қарастырылып отыр. Мұнымен қоса, жаңа 2 үйдің құрылысына жобалық-сметалық құжаттама жасауға 12 млн. теңге қаржы бөлініп отыр. Мемлекет есебінен жеке меншік инвесторлар қаржысына салынған үйлерден қала тұрғындарына пәтер сатып алу тәжірибесі жалғасады.
 
«Дигдар Құрылыс» Корпорациясы» жауапкерлігі шектеулі серіктестігі Энергетик кентінде 10 қабатты, 120 пәтерлі екі тұрғын үйдің құрылысын аяқтағалы отыр. 
 
«Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы Аймауытов көшесіндегі құрылысы ақталмаған тұрғын үйдің құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр. 
 
Әлеуметтік саладағы нысандар
 
2009 жылы қалалық бюджет есебінен № 27 жалпы орта білім беретін мектеп-кешенінің жүзу бассейнін қайта жаңғырту жобасы, № 6 мектеп-гимназиясына арналған спорт залының құрылысы аяқталды. Қаланың сол жағалауындағы бұрынғы кәсіпкерлік-техникалық мектеп ғимаратын № 11 орта мектебіне  ғимарат етіп қайта салу жұмыстары басталды. Бұл жобаны жалғастыруға  2010 жылғы бюджеттен 40 млн. теңге бөлініп тыр.
 
Облыстық бюджет есебінен биылғы жылы Холодный ключ кентінде  400 орындық жаңа мектеп, Юность кентінде 320 орындық балабақша салынды. 343 маһаллада (кварталда) дене шынықтыру – сауықтыру кешенін салу жұмыстары жүргізілді. Бұл нысанның іске қосылуы 2010 жылға күтіліп отыр.
 
Келесі жылы бірнеше денсаулық сақтау мекемелерінің (жедел жәрдем, балалар өкпе ауруы емханасы т.б.), кәсіптік мектеп салудың жобалары әзірленіп, оларды алдағы жылдары іске асыру жоспарланып отыр.
Қаланы жылумен қамтамасыз етуі
 
Қаладағы 1-жылуэнергоорталығының (ЖЭО-1) орталықтандырған жылумен қамтамасыз ету жүйесінде сақталған қазандықтарының қолданыстағы қуаттылығын жаңғырту жобасына сәйкес 2009 жылы Юность кентінде 4,6 км. магистралды және жылу тарату желілеріне қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. 
 
Осы бағдарлама бойынша 1- жылуэнергоорталығының (ЖЭО-1) КВТК-2 қазандығына арналған су жылытқыш қазандығын қайта жаңғырту жүргізілді. Бұл жұмыстар келесі жылы жалғастырылады, оған республикалық бюджеттен 3,5 млрд. теңге бөлінуі жоспарланып отыр.
 
«Жол картасы» бағдарламасы аясында Семей қаласындағы «МЭН» қазандығының магистралды желілерін қайта жаңғырту жүргізіліп, қолданыстағы қазандықтан 342 және 343 кварталдарының тұрғын аудандарына жаңа магисталды жылу жүйесі салынды. 
 
Алдағы жылдарда бұл ауданда кварталіші жылу жүйелерін қайта жаңғырту жүреді де, бұл аудандардың жылумен қамтамасыз етілуі едәуір жақсарады. 
 
Сумен жабдықтау жүйесін дамыту 
 
Ауылдық аумақтарды сумен жабдықтау бағдарламасы бойынша екі нысанда құрылыс жұмыстары жүргізіліп, олар жыл аяғында  іске қосылды.
 
Біріншісі, Знаменка ауылында су құбыры жүйесін қайта жаңғырту (реконструкциялау) бойынша 2007 жылдан жүргізіліп келе жатқан жұмыстар аяқталды. 
 
Екіншісі, жалпы құны 80 млн. теңгені құрайтын Бөкенші ауылында су құбыры мен су тоғанын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталып, жергілікті халықты сумен қамтамасыз ету деңгейі едәуір жақсарды.
 
Қала ішінде Гагарин көшесінде балалар жұқпалы аурулар ауруханасынан (инфекционная) кәріз желілері салынып, орталық желіге қосылды. Свобода аралындағы су тоғанынан қала ішіндегі су желілеріне дейінгі желілерге қайта жаңғырту жасалды. 
 
2010 жылы Абыралы ауылының су құбыры жүйесі мен Шульбинск кентіндегі бас су тоғанын қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. 
 
Сонымен қатар, ауылдық округтерде гидрогеологиялық ізестіру жұмыстары жүргізіледі, олардың нақты тізімі облыстық құрылымдардаанықталып жатыр.  3 ауылдық округте (Қайнар, Озерки, Мұздыбай) су құбырын салу мен қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленеді, оған 2010 жылғы бюджеттен  27,4  млн. теңге бөлініп отыр.Тұрғын үй құрылысы
 
Сонымен қатар, ауылдық округтерде гидрогеологиялық ізестіру жұмыстары жүргізіледі, олардың нақты тізімі облыстық құрылымдардаанықталып жатыр.  3 ауылдық округте (Қайнар, Озерки, Мұздыбай) су құбырын салу мен қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленеді, оған 2010 жылғы бюджеттен  27,4  млн. теңге бөлініп отыр.
Өңдеу күні: 20-07-2011