Акимат » Зейнетақымен қамтамасыз ету

Зейнетақымен қамтамасыз ету

 

Зейнеткерлік жинақ қорларының тізімі

Зейнетақы төлеу жөніндегі мемелекеттік Орталығының Шығыс Қазақстан облысы филиалының Семей қалалық бөлімшесі
Мекен- жайы: Ұранхаев көшесі, 57 үй; байланыс телефондары : 52-14-98- қабылдау бөлімі және факс;  52-07-66; 52-27-67; 52-25-21; 52-63-88; сенім телефоны: 52-14-98
Бөлімше бастығы - Омарбеков Жекен Әсетбекұлы
Азаматтарды жеке сұрақтармен қабылдау кестесі: дүйсенбі, сәрсенбі сағат 9.00 ден 13.00 –ге дейін.


Зейнетақы тағайындау  үшін  қажетті құжаттар:

  1. Нотариалды куәландырылған төмендегідей жеке басты растайтын құжаттардың көшірмесі: жеке бастың куәлігі, Қазақстан Респубикасының  паспорты, азаматтығы жоқ  адамның куәлігі, тұруға рұқсат етілген шетел азаматының куәлігі, Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін берілетін оралманның куәлігі.
  2. тұрғылықты мекен- жайды  анықтайтын құжаттар:

азаматтарды тіркеу кітапшасының көшірмесі, мекен – жай бюросынан анықтама, жергілікті жердің әкімінен анықтама;

  1. Азаматтардың жеке әлеуметтік коды тағайындалған куәлігінің көшірмесі;
  2. Салық төлеуші тіркелген нөмірдің көшірмесі
  3. Банкідегі немесе Қазпоштада ашылған есеп- шоттың  көшірмесі
  4. Еңбек кітапшасының көшірмесі
  5. Оқу орнын бітіргенін растайтын құжаттың көшірмесі ( күндізгі бөлім)
  6. Әскери билеттің көшірмесі
  7. Неке куәлігінің көшірмесі (әйелдер үшін)

Мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына және жасына байланысты төленетін әлеуметтік мемлекеттік жәрдемақы тағайындау үшін қажет құжаттар:

  1. Нотариалды куәландырылған төмендегідей жеке басты растайтын құжаттардың көшірмесі: жеке бастың куәлігі, Қазақстан Респубикасының  паспорты, азаматтығы жоқ  адамның куәлігі, тұруға рұқсат етілген шетел азаматының куәлігі, Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін берілетін оралманның куәлігі.
  2. Тұрғылықты мекен- жайды  анықтайтын құжаттар: азаматтарды тіркеу кітапшасының көшірмесі, мекен – жай бюросынан анықтама, жергілікті жердің әкімінен анықтама;
  3. Азаматтардың жеке әлеуметтік коды тағайындалған куәлігінің көшірмесі;
  4. Салық төлеуші тіркелген нөмірдің көшірмесі
  5. Банкідегі немесе Қазпоштада ашылған есеп- шоттың  көшірмесі мүгедектік туралы  белгіленген үлгідегі анықтама үзіндісі;
  6. Мүгдедектік пен қайтыс болу себебі радиацияның  әсірінен екендігін дәлелдейтін сала аралық сараптау кеңесінің шешімі ;
  7. өлгендік туралы куәлік немесе асыраушының жолғалып кеткендігі анықталған сот шешімі ;
  8. туу туралы куәліктің көшірмесі;
  9. неке туралы немесе ажырасу туралы куәліктің көшірмесі,
  10. баланы асырап алу туралы куәлік, № 4 үлгідегі АХАЖ бөлімінен анықтама;
  11. 18 ден 23 жыл аралығындағы студенттерге (күндізгі бөлім) оқу орнынан арнайы үлгідегі анықтама.
Өңдеу күні: 27-04-2011