Акимат » Демография, миграция

Демография, миграция

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы дайындалуда.Заң жобасы оралмандарды қоныстандыру өңірлерді анықтау мен өңірлік квотаны бекітуді көздейді. Бұдан өзге, заң жобасы ішкі көшіп қонушылардың жұмыс қолы көп өңірлерден ҚР Үкіметімен анықталған өңірлерге еркін қоныс аударуды қарастырады. Мемлекеттік қолдау көрсету, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және оралмандар мен ішкі қоныс аударушыларға қызыметтік үй беру «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде іске асыру болжануда.Сонымен қатар, Қазақстан Республикасның индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы щеңберінде Шығыс Қазақстан облысында 9 жобаның іске асырылуы жоспарланған.Осыған орай Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне Шығыс Қазақстан облысы бойынша облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлетіру басқармасынан 2015-2017 жылдарға оралмандарды қабылдау туралы ақпарат кестесі жіберілген.Қазіргі уақытта ШҚО бойынша облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасында оралмандарды қабылдау және оларға оралман мәртебесін беру қолданыстағы ҚР «Көші-қоны заңының» шеңберінде жүргізіуде.Оралмандарға қарасты әлеуметтік көмектер Қазақстан Республикасының азаматтарымен  тең деңгейде көрсетіледі.
 
 
Аныктама телефоны: 56 -23 -14
Өңдеу күні: 03-12-2015