Акимат » Семей қаласында құрылыстың дамуы 2017 жылдың 1 қазанына

Семей қаласында құрылыстың дамуы 2017 жылдың 1 қазанына

Тұрғын үй құрылысы
 
Қала тұрғындарының қол жетімді баспанаға деген сұранысының артуына байланысты 2017 жылы қала бойынша жалпы ауданы 114,172 мың кв.м болатын 31 тұрғын үйдің (1439 пәтер)  құрылысы жоспарланған және жүргізілуде. 
Көп қабатты тұрғын үйлер орналасатын негізгі аудан болып Қарағайлы тұрғын ауданы белгіленді. Онда Бас жоспар бойынша 98 көпқабатты тұрғын үй құрылысы қарастырылған. 
Аталған 31 тұрғын үйдің:
Жалпы ауданы 32,413 мың  кв.м болатын 16 үйдің (413 пәтер)  құрылысы 2016 жылдан 2017 жылға өтпелі болып саналады. Оның ішінде 1 үй Жас алаш көшесі 6а, 1 үй Мелькомбинат алаңы 1г мекен-жайларында, 3 үй Қарағайлы тұрғын ауданында және 10 жеке үй Мұздыбай ауылында орналасқан.  
Жалпы ауданы 81,759 мың  кв.м болатын, Қарағайлы тұрғын ауданындағы 15 үйдің (1026 пәтер)  құрылысы 2017 жылдан 2018 жылға өтпелі болып саналады. Оның ішінде 7 үй «ӘКК «Ертіс» ҰҚ» АҚ желісі бойынша берілетін несиелік үйлер, 8 үй ШҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы арқылы салынады.   
 
Әлеуметтік нысандар және инженерлік желілер
 
Қарағайлы тұрғын ауданында келесі әлеуметтік нысандар құрылысы жоспарланған: 
1. «Абай Арена» мәдени-спорттық кешені. Жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. 
2. Мемлекеттік-жеке-меншік әріптестік бағдарламасы аясында «Фирма Азия» ЖШС бірлескен 320 орындық бала-бақша құрылысы. Жоба дайын. 
4.Мүгедектерге арналған оңалту орталығының құрылысы. ЖСҚ-ға мемлекеттік сараптау қорытындысы алынды.  
5. Әкімшілік ғимарат пен 7 жатақхана корпусы.  Тапсырыс беруші – Семей мемлекеттік медицина университеті. 
Үстіміздегі жылдың тамыз айында Семей қаласының Бобровка кентінде 600 орындық мектеп пайдалануға берілді. 
Желтоқсан айында Семей қаласының Ұшақтар кентіндегі 1200 орындық жалпы білім беру мектебінің құрылысы аяқталуы жоспарланған. 
 
 
Құрылыс бөлімі 
 
 

Семей қаласында құрылыстың дамуы 2016 жыл

 

Семей қаласында құрылыстың дамуы 2015 жыл

 

 

Семей қаласында құрылыстың дамуы 2014 жыл

 

Семей қаласында құрылыстың дамуы 2013 жыл

 

Семей қаласында құрылыстың дамуы 2012 жыл

 

Семей қаласында құрылыстың дамуы 2011 жыл

 

Өңдеу күні: 12-10-2017