Акимат » Семей қаласының сәулет және қала құрылысының 2017 жылдың 1 қаңтарына

Семей қаласының сәулет және қала құрылысының 2017 жылдың 1 қаңтарына

Сәулет және қала құрылысы бөлімі  кезекті есептік мерзімде сәулет және қала құрылысы бойынша  жұмыстар атқарды. 
2016-2020 жылдарда Семей қаласының даму бағдарламасын асыру шеңберінде, қаланың егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес , қаланың келешек дауына байланысты Қарағайлы ықшам ауданынында тұрғын үй құрылысын салуға бағытталған. 2016 жылдан бастап 41  сұлбасы келісуге берілді.
Қала аумағын дамыту және  құрылыс салуда  қала құрылысы талаптарынан ауытқу, қала құрылысы регламенттерін (қызыл сызықтар, суды қорғау аумақтарының  шекаралары, санитарлық-қорғау аймақтарын) бұзушылық орын алған.
Орын алған жағдайды шешу және  мониторинг жүргізу және сәулет  жоспарлау тапсырмаларын жасау үшін бастапқы деректерді беруде дамудың  көп мақсатты ақпараттық жүйесі жүргізіледі - ол аумақтардың параметрлерін, нысандардың жағдайын, инженерлік - техникалық қамтамасыз етілу деңгейі бойынша картографиялық, статистикалық және өзге ақпараттарды қамтиды, осындай жүйе ол мемлекеттік қала құрылысы кадастры дерекқоры   (МҚКД) болып табылады. МҚКд кадастрына  салынған және пайдалануға берілген 1139 объект енгізілді.
Сондай – ақ сәулет бөлімі «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінің дерекқорын, өзектілеу және толықтыру бойынша  жұмыстар  жүргізуде.
«Мекенжай тіркелімі»  ақпараттық  жүйесі (МТ АЖ)» электрондық үкімет» біріңғай  жүйесінің құрамдас бөлігі, мемлекеттік ақпараттық қоры және жылжымайтын мүлік нысандарына мекенжай тағайындау туралы ресми ақпарат  көзі болып табылады.  Осы ақпараттық жүйе мемлекеттік органдардың және жергілікті  өзін- өзі басқару органдарының басқару және  ұйымдастару мақсаттарын іске асыруға арналған және  мемлекеттік органдардың  аумақтық бөлімшелерімен өзара қарым- қатынасты іске асыратын ақпараттық – коммуникациялық желінің бір бөлігі болып табылады. 2016  жылда 2255 нысандарға мекенжай анықтамалары беріліп, «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне енгізілді.  
Пәтерлерді  қайта жоспарлауға  601 рұқсат   берілді.
Сыртқы жарнама нысандарын түгендеу жұмыстары атқарылды. Қазіргі заманның техникалық талаптарына  сай емес, ескірген және қираған жарнама құрылғыларына демонтаж жасалды.Сыртқы жарнамаға 250 тен астам рұқсаттама созылдырылып, 93  сыртқы жарнама орнатуға рұқсат берілді. 
Азаматтарды қабылдау, оларға  кеңес беру жұмыстары  үнемі жүргізіледі. Сонымен қатар,  2016 жылда - заңды тұлғалардың   228  және жеке тұлғалардан және жоғарыда тұрған органдардан және мемлекеттік мекемелерден  - 886 жазбаша түрдегі өтініштері  тіркелген. 
Бөлім қызметкерлерімен азаматтардың талап арыздарын қарау  бойынша сарапшылар ретінде  80 сот отырыстарына қатысқан, ол үшін  алдын ала  60 астам  жергілікті орындарға барып тексеру жүргізілген.
Қаланың бас жоспарын жүзеге асыру бойынша жүмыстар жалғасуда . Қазіргі уақытта «Градкомплекс» ЖШС «Ак-Қайын» тұрғын ауданының егжей-тегжейлі жоспарын әзірлеп жатыр және де Жарқын, Суық бұлақ кенттерінің егжей-тегжейлі жоспарына түзетулер енгізілуде. 
2017 жылға ең бастысы Жібек жолы (600 га), Кіші Ақтөбе (600 га) және Степной кенті (200 га) тұрғын массивтерінің егжей-тегжейлі жобаларын әзірлеуге қаражат бөлінді.
Қантар айынан желтоқсанға деин 82,959  мың шаршы метр жеке тұрғын үйлер мен көп қабатты  коммерциялық тұрғын үйлер пайдалануға берілген. Оның ішінде 26,857  мың шаршы метр жеке тұрғын  үйлер;  56,102   мың шаршы метр көп қабатты  тұрғын  үй.
Бөлімнің 2017  жылға жоспарлаған жұмыстары:
- қаланың нақтылы жоспарлау жобасын іске асыру;
-әлеуметтік қажеті объектілер құрылысы үшін бос жер участкілерін қарау;
 
 
 
Сәулет және қала құрылысы бөлімі
 
 

 
 
Семей қаласында сәулет және қала құрылысының дамуы 2015 жыл
 
Семей қаласында сәулет және қала құрылысының дамуы 2013 жыл
 
Семей қаласында сәулет және қала құрылысының дамуы 2012 жыл
 
Семей қаласында сәулет және қала құрылысының дамуы 2011 жыл
 
 
Өңдеу күні: 31-01-2017