Акимат » Туризм

Туризм

Туристік кешен – ол бүгінгі күні экономиканың бірден-бір болашағы зор секторы болып табылады. Туризм - рекреациондық, танымдық және емдік қызметтер атқарады.
Осындай қызметтерімен Семей өңірі табиғи-мәдени мұраларға бай, бұл жерден танымдық, ғылыми және этникалық туризмге арналған объектілерді тамашалуға болады.
Негізінен қызғушылық тудыратын сәулет және тарихи ескерткіштері бар: мұнда Абайдың білім алған үйі, Ахмет Ризаның медресесі, Ямышев қақпасы, Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық мұражайы, тарихи- өлкетану мұражайының ғимараты (губернатор үйі), бір мұнаралы мешіт, екі мұнаралы мешіт, Абайдың Республикалық әдеби-мемориалдық мұражайы, Абай атындағы театр ғимараты, Тыныбай Каукенов мешіті және Воскресенский қорғаны.
90 метрлік пилонымен Ертіс өзені арқылы өтетін аспалы көпірдің орасан зор силуэті және «Сильнее смерти» Семей ядролық полигонының құрбандарына ескерткіш Монументі – бұлар Семейдің қазіргі заманғы символдарына айналып отыр.
Қаладан тыс жерлерге экскурсиялық бағыттар әзірленіп және олар қазіргі уақытта жұмыс істеп тұр: «Абай – қазақ жерінің ақыны», «Дарындылар отанына», «Аттила және Шыңғысхан жолдарымен Еуразия кіндігіне», АБАЙ-ШӘКӘРІМ» мемориалдық кешеніне келіп, одан әрі екі ғашық «ЕҢЛІК –КЕБЕК» ақ мәр-мәр тастан жасалған қазіргі заманғы ескерткіші, Бөрлі ауылында М.О. Әуезовтың әдеби-мемориалдық мұражайы және географиялық Еуразия кіндігі. Саяхат бағыттары қазақтың ұлттық мәдениетінің түп тамарын ашады, қазақ әдебиетінің ғұламасы – Абайдың, атақты философ Шәкірімнің, біздің заманымыздағы ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтың өмірлері мен шығармашылықтары жайлы айтылады, мұнда тіпті Еуразиялық континенттің географиялық кіндігін білдіретін символикалық белгісін көруге болады, аты аңызға айналған Аттила мен Шыңғысханның батысқа жүріп өткен жерлері.
Туризмді дамыту үшін демалыс базаларының құрылысына, жаңа туристік бағыттарды игеруге, республикалық және халықаралық туристік көрмелерге қатысуға және қазіргі заманғы инфрақұрылымды құруға қаржылық қолдау керек.
Инфрақұрылымның дамуы
Туризмді дамыту бойынша негізгі бағыттары:
- мәдени-тарихи
- экскурсиялық
- жағажай демалысы
- сауықтыру
өңірдегі ішкі туризмді дамыт үшін қаралатын:
Қала кәсіпкерлерінің туристік демалыс базаларын дамытуына, жаңа туристік бағыттар әзірлеуіне жәрдемдесу;
Семей өңірінің туристік әлеуеті туралы ақпараттық-жарнамалық материалдарды дайындау;
Жағымды имиджбен қамтамасыз ету мақсатында міндетті түрде Қазақстан Республикасының индустрия және сауда Министрлігінің сауда және туристік қызметін реттеу жөнінде Комитеті анықтаған, көптеген халықаралық көрмелерге қатысу, жоғары сапалы полиграфиялық материалдарды, қаланың туристк әлеуетінің салтанатты ашылу бағдарламасынан СD – дискілерін плакаттар мен буклеттерді және т.б. шығару арқылы туристік әлеуеті туралы шетелдік клиенттерге және халықаралық туристік ұйымдарға ақпарат беру.
Туризмді келешекте дамыту халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес автомобиль жодларының жағдайын жақсатруға, сервиске тиісті желілерді: қонақ үйлерді, мотелдерді, тез тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарын және басқа объектілерін құруға жәрдемдесу қажет.
Халықаралық және облыс ішіндегі авиарейстерді дамыту шаралары бойынша туристік бағыттар қалпына келтіріледі және өңірлік туристік кластерге қаланың туристік фирмалары қатысады.
Белсенді туризмнің дамуы және белсенді турларды әзірлеуде, бәрінен бұрын туристердің қорғанысын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Осы мақсатта міндетті азаматтық-құқықтық жауапкершілік келісім-шартына отыруға бақылау жүргізіледі, сондай-ақ қаланың бір жоғары оқу орнынан және екі колледжінен туризм факультеті ашылды, ол жерде туризм саласындағы кәсіби кадрларды даярлайтын болады.
Келешекте қажетті:
эксплуатациялық еңбегі мақсатында адамдарды тасуға жол бермеу үшін тұрғындармен ағартушылық жұмыс жүргізу;
Қауіпсіздік мәселесі жөнінде елдерге жол жүру туралы туристік ұйымдарға хабарлау.
Семей өңірінің туристік имиджін жоғарлатуға, туристік қызметтің халықаралық нарығында отандық тауарларды алға тартуға, ішкі байланысты кеңейтуге, тиісті туристік қызмет көрсету құрамын және деңгейін құруға жәрдемдесетін тапсырманың орындалуы. Ақырында жол жүру және ішкі туризмнің кеңеюі, қала бюджетін толтыруға, Семей өңіріндегі ауылдардағы және алыс жатқан аудандардағы жұмыссыздықты жою мәселесін шешуге және тұрғындардың әлеуметтік–экономикалық жағдайын жақсартуға әкеледі.
Маркетингпен қамтамасыз ету және жергілікті туристік азық-түлікті алға тарту мақсатында туризм саласындағы жергілікті атқарушы органдар туристік фирмалармен бірге Берлин, Москва, Новосибирск, Алматы, Астана, Мадрид, Лондон қалаларында болған көрмелерге қатысты.

 


 

Құрметті туристер, Семей шаһарына хош келдіңіздер! 

 

Туристік фирмалар мен агенттіктер 

 

Қазақстандағы туризм туралы www.visitkazakhstan.kz

 

Өңдеу күні: 03-02-2017