Акимат » Семей қаласында сәулет және қала құрылысының дамуы 2012 жылдың 1 қаңтарына

Семей қаласында сәулет және қала құрылысының дамуы 2012 жылдың 1 қаңтарына

 

2011 жылда жеке тұлғалардың 3 398 арыздары және өтініштері, заңды тұлғалардың 3 734 өтінімдері мен хаттары қаралды. Жер комиссиясында кіші және орта бизнес нысандарын салу үшін жер телімдерін беруге 66 өтініш қаралып, оның 52 өтініші қанағаттандырылды.

Өзіне меншікті жер телімдерінде тұрғын үй салуға 205 рұқсат берілді. Пайдалануға жалпы ауданы 40 000 кв. м жеке тұрғын үй қабылданды.

Әртүрлі нысандарды жобалауға және салуға 180 сәулет-жобалау тапсырмасы өңделді және берілді. Жерге мемлекеттік актіні ресімдеу үшін 57 ахуалды сұлба және 221 - инженерлік желі сұлбалары әзірленді. Пәтерлерді кіші және орта бизнес нысандары етіп қайта жаңғыртуға 32 рұқсат берілді. Ағымдағы жұмыстар барысында қала құрылысы кадастрын әзірлеу үшін қажетті, қала аумағының 64 га топографиялық түсірімдері жаңартылып, әзірленді. Ұйымдар мен жеке тұлғалардың өтінімдері бойынша, құрылыстары көзделген ғимараттар мен имараттардың 15 жобалау-сметалық келісімдері өткізілді. Қалада 226 жармама қалқандары орнатылған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылдың 25 шілдедегі № 707 қаулысымен қаланың бас жоспары бекітілді.

2011-2015 ж.ж. Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қала аумағын егжей-тегжейлі жобалау жоспарын (ЕЖЖ) әзірлеуге қаржыландыру қарастырылды.

ТКШ бөлімімен бірлесіп, облыс аудандарының күшімен скверлерді, парктерді және тұрғын үйлердің телімдерін көркейту және көгалдандыру жөнінде жұмыстар жүргізілді. Орталық көшелерден сәулеттік көркемдік-эстетикалық талаптарға сәйкес келмейтін дүңгіршектер, павильондар шығарылуда.

Ядросыз әлем үшін өткізілген Халықаралық форум аумағында орталық алаңды, Полковничи аралын, әуежай жақтан қалаға кіреберіс жолды көркейтуге жобалаушы, мердігер ұйымдармен бірігіп жұмыстар жүргізілді.

«Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесі деректерін өзектілеу жөнінде жұмыстар жүргізілуде.

Қала құрылысы кадастрының құрылуы бойынша тұрақты түрде жұмыстар жүргізілуде.

«2020 Жұмыспен қамту» бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысын салуға елу жер телімі бөліну жөнінде жұмыстар жүргізілді.

2011 жылдың бірінші жарты жылдығында қалада: 80 орынды балалар туберкулезге қарсы аурухана, 300 орынды көпсалалы аурухана, медбикенің көмегі аурухана құрылысы бойынша жұмыстар басталды. Шәкәрім даңғылы мен Абай көшесінің қиылысында «Қазақстан Халық банкі» АҚ әкімшілік ғимаратының құрылысы келісілді.

Өңдеу күні: 24-04-2012