Акимат » Семей қаласында мәдениеттің дамуы 2012 жылдың 1 қаңтарына

Семей қаласында мәдениеттің дамуы 2012 жылдың 1 қаңтарына

 

2011 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен Семей ядролық полигонының жабылуының 20 жылдығына арналған 1 халықаралық және 1 облыстық форум, 2 халықаралық фестиваль, 2 облыстық конкурс, сонымен қатар 356 жуық әртүрлі облыстық, қалалық және аймақтық деңгейде мәдени шаралар ұйымдастырылды. Тағылымды тақырыпта өткізіліген «Ядролық қарусыз әлем үшін» атты халықаралық форумға жиырма мыңнан астам адам қатысып, ядролық қаруға наразылықтарын білдірді. ШҚО қалалары мен аудандарының мәдениет күндері аясында қазан айында облыс орталығы Өскемен қаласында «Туған ел – алтын бесігім» акциясы аясында Семей қаласының мәдени күндері өткізілді. Қаланың орталық алаңында киіз үй қалашығы, бейнелеу және қолданбалы өнер, этнография, әдебиет, ұлттық-мәдениет орталықтарының көрмелері ұйымдастырылып, Семей қаласы өнер жұлдыздарының мерекелік Гала-концерті ұсынылды.

Мәдениет және өнер мекемелерінің Қазақстан халқының бірлігі, Отан қорғаушылар күніне арналған қаланың белгілі орындаушылар мен шығармашылық ұжымдарының қатысуымен үлкен мерекелік концерт ұйымдастырылды. Мәдениет мекемелері: «Еураз шоу» театры, «Дариға-ай» жастар театры, Ә. Қашаубаев атындағы филармония мен көркемөнерпаздар байқауынан іріктелініп алынған өнерпаздардың концерті Орталық саябақта, орталық алаңында өтті.

Жеңіс күнінің 66 жылдығы ерекше мән беріліп,  аталып өтті. 7 мамыр күні Абай атындағы театрда ардагерлер мен қала жұртшылығының салтанатты жиналысы және қаланың белгілі артистерінің концерттік бағдарламасы ұсынылды. 9 мамыр күні Орталық алаңда мерекелік іс-шараның салтанатты ашылуынан кейін жергілікті гарнизон әскерилері мен офицерлерінің, соғыс және еңбек ардагерлерінің, «Жас Ұлан» ерлер лицейі тәрбиеленушілерінің қатысуымен әскери парад өткізілді. Осы бағытта Жеңіс саябағында Ерлік және Мәңгілік алауына гүл қою рәсімі жасалды. Аталған шараға облыс және қала басшылығы, «Шығыс» аймақтық қолбасшылығы, соғыс және еңбек ардагерлері, жауынгер-интернационалистер қатысты. Гүл қою рәсімінен кейін қалалық мәдениет Сарайының шығармашылық ұжымдарының мерекелік концерті болды.

Осы күні Орталық мәдениет және демалыс саябағында М. Төлебаев ат. музыкалық колледжінің үрмелі оркестрінің орындауында соғыс кезінің әндерінен үрмелі саз кеші ұйымдастырылды. Кеш соңы Орталық алаңдағы гала-концерт және от шашумен аяқталды.

10 тамыз – 24 қыркүйек аралығында Қазақстан  халықтарының  тілдері  күні  мерекесі қарсаңында «Мемлекеттік тіл-тәуелсіздік тұғыры» атты айлық шеңберінде бірқатар іс-шаралар өткізілді. Қалалық мәдениет сарайында қыркүйектің 13 жұлдызында өткізілген «Ана  тілім - ардағым» атты айтыстың мақсаты мемлекеттік тіліміздің мәртебесін, ана тіліміздің деңгейін, айтыс өнері арқылы  асқақтатып, ұлттық мәдениетімізді кеңінен дамыту болды.

18-19 тамыз аралығында «Менің Қазақстаным» атты пойыз-керуені қала тұрғындарына арнап мәдени шаралар ұйымдастырды. Қала тұрғындарына «Дастан» кинотеатрында «Менің балалық шағымның аспаны» атты көркем фильм көрсетіліп «Спартак» стадионында мереке қарсаңыңда қазақ өнерінің айтулы өкілдері Алтынбек Қоразбаев, Мақпал Жүнісова, Майра Мұхаметқызы, «Гүлдер» ансамбілі және басқалар өздерінің ән әуендерімен жұртты тәнті етті. Бұл шараның басты мақсаты,  тұрғындарға  Тәуелсіздік күнінің шарапатын ұғындырып, айтулы мерекеге атсалысуға, өз үлестерін қосуға жігерлендіру, Тәуелсіздіктің негізгі идеясы: бостандықты, бірлікті, тұрақтылықты жан-жақты насихаттау.

Тамыз айында Абайдың туған күні кең көлемде атап өтілді. Атап айтқанда Абай және Невзоровтар атындағы мұражайлары мен Абай атындағы кітапханада  «Абай тақырыбы Е.Сидоркиннің графикасында», «Образ Абая в изобразительном искусстве» атты лекция сағаты мен «Қазақта Абай дана, Абай дара» атты әдеби кештері өтті. 23 тамызда Семей қаласында бірнеше жалпы мәдени шаралар өткізілді. Сағ 10 нан 11-ге дейін Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі болды.  Мерекеде Абайдың әндері орындалып жас ақындармен өлеңдері оқылы, өмірі мен шығармашылығына арналған әндер орындалды. Абай театрында мұражай директоры Ж. Мағазбекұлының ашуымен «Қазақ халқының ұлы перзенті» тақырыбында салтанатты әдеби кеш өтті. Кеште ағартушы, философ Абай Құнанбаевтың өмірі мен қызметіне қатысты сұрақтар қозғалды.

23 қыркүйекте Қазақстанның сауда мекемелері Ассоциациясының 10 жылдығына орай өткізілген III республикалық Форумның мәдени шараларына қала мәдениет мекемелері белсене қатысты. Қонақтарға концерт ұйымдастырылып, Абай ескерткіші басына гүл шоқтары қойылды.

Қала әкімінің шақыруымен ұйымдастырылған Ресейдің спорт ардагерлері «Спартак»  пен  Семей   қаласының   «Спартак»  командалары арасындағы  футболдан халықаралық кездесуінде қаланың өнер жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт өткізілді.

12-13 қазан күндері Астана, Семей, Курчатов қалаларында Семей ядролық полигонының жабылғанына 20 жыл толуына орай, «Ядролық қарусыз әлем үшін» атты халықаралық форум өтті. Осыдан тура 20 жыл бұрын Елбасы Н.Ә.Назарбаев әлемде алғашқы болып ядролық қарудан бас тарту жайлы Жарлыққа қол қойған болатын. Осыған байланысты митинг 13 қазанда  «Өлімнен де күшті» монументінің алдында өтті. 2000 жылы ядролық  сынақ құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монумент кешені бой көтерді. Бүгін бұл монументті, бейбітшілік пен келісімділік идеясын бейнелейтін «Бейбітшілік стелласы» толықтырды. Ол  Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен Семей ядролық полигонының жабылуының 20 жылдығына арнайы орнатылған.  Форумға қатысушылардың атынан  монументке гүл шоқтары қойылды  және мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасты.

27-28 қазан күндері жерлесіміз белгілі әнші-сазгер Тұрсынғазы Рахимовтың 60 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық ән кеші және сазгер әндерін орындаушыларының байқауы өтті. Байқауға республикамыздың барлық облыстарынан талапкерлер, барлығы 25 әнші қатысты.

7 қарашада ет-комбинатының алаңына аты ұмыт болған айтыскер-ақын Кемпірбай Бөгенбайұлына арналған қола-граниттен белгітас қойылды. Шараға қала әкімі Айбек Кәрімов, зиялы қауым мен қала тұрғындары қатысты. Кемпірбай Бөгенбайұлы шығармашылығы алғаш рет 1925 жылы Семей қаласында шығып тұрған Таң журналының 1- ші санында жарық көрген. Бұдан кейін С.Сейфуллин құрастырған «Қазақтың ескі әдибиет нұсқалары» жинағында, кейін халық ақындарының айтыс жинақтарында жарияланды. Митинг соңында семейлік жас ақындардың бір тобы Кемпірбай рухына арналған жыр шумақтарын арнап, қалалық мәдениет сарайының өнерпаздары ән шырқады.

25 карашада  «Тәуелсіздіктің 20 жыл арасындағы мемелекетіміздің мұражайларындағы Қазақтан бейнелеу өнері» атты халықаралық ғылыми тәжірибелік конференциясы  Невзоровтар отбасы атындағы мұражайда өтті.

«Тәуелсіздіктің 20 шыңы» шеңберіндегі «Бейбітшілік белдеуі» атты күні Қайнар ауылында  29 қарашада кең көлемде аталып өтті. Атом полигонының құрбандарына арналған монумент басында митинг өткізіліп, шара ауылдық мәдениет үйінде үлкен мерекелік концертпен жалғасын тапты. Қалалық мәдениет сарайының, Ә.Қашаубаев атындағы филормонияның, «Еураз Шоу» ән-би театрының өнер майталмандары ауыл жұртшылығына әндері мен билерін ұсынды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығының қорытындысы салтанатты мерекелік іс-шара 13 желтоқсан күні Абай театрында өтті. Мерекелік кеште қойылған театрландырылған көріністер Мәдениет Сарайы, Ә. Қашаубаев атындағы филормания, «Еураз-Шоу» ән-би мен «Дариғай» жастар театрларының және қаланың түрлі өнер ұжымдарының  концерттік бағдарламаларының  мазмұны тарихтар қойнауынан бастау алып, ғасырлар бойы бабалар аңсаған Тәуелсіздіктің асқақ мәртебесін терең сезінуге, бүгінгі Тәуелсіздіктің жетістіктеріне  арналды.

«Туған жер – алтын бесігім» облыстық акциясының қорытынды гала-концерті 22 желтоқсанда Абай театрында облыс әкімі Б. Сапарбаев бастап облыстың әр аудандарынан келген өнер ұжымдарының қатысуымен өтті.  Шара барысында аймақтағы 30 дейінгі жаңа жас ақындардың жыр жинақтары, туған жер, отан жөніндегі бірқатар жаңа кітаптардың тұсаукесері өткізілді. Кеш соңында Жарма, Аягөз аудандары мен Өскемен, Семей қалалары өнер ұжымдарының үздік номерлерінен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.   

28 желтоқсан күні Абай театрында қала әкімінің қатысуымен жаңа жылдық кеш өтті. Кеш барысында жылдың үздік номинациялары бойынша қала әкімінің марапаттауы болды. Соңынан театрландырылған қойлыммен, концерттік бағдарлама қойылды. 

Өңдеу күні: 24-04-2012