Акимат » Семей қаласындағы жер қатынастары 2012 жылдың 1 қаңтарына

Семей қаласындағы жер қатынастары 2012 жылдың 1 қаңтарына

 

Семей қаласының аумағы 2012 жылдың 1 қаңтары жағдайында 2780,7 мың га оның ішінде ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер ауданы  914,5 мың га, ол 33% құрайды.

Арнаулы жер қорының  жер көлемінің ауданы 2011 жылы  жер телімдерін пайдалануға беруге байланысты   11,3 мың гектарға кеміді, жер телімдерінен бас тартуларына байланысты  0,5 мың гектарға көбейді.  Қолда бар арнаулы жер қоры 447,5 мың гектарды құрайды. 2011 жылдың 20 желтоқсанда 50807 гектар жер иессіз жерлер есебінде тұр оның ішінде 17068 га тыңайған жерлер.

2011 жылда ауыл шаруашылық  мақсатында пайдаланатын жерлер конкурс арқылы ауданы 53251,1  га болатын   44 жер телімдері шаруа қожалықтарын жүргізу үшін  берілген.

Ауылшаруашылық мақсатта пайдаланатын жерлерге барлығы  1050     паспорт әзірленген.

2011 жылда   1907 хат заңды тұлғалардан, 1998 өтініш жеке тұлғалардан жер телімдерін ресімдеу , жер пайдалану құқықтарын беру туралы келіп түсті. Жер комиссиясының 26 отырысы өткізіліп , онда 1707 сұраққаралды.1115 қала әкімдігінің қаулысы әзірленіп 480 жалға беру және 410 сатусатып алу шарттары жасалды.

Бірыңғай сәйкестендіру құжаттармен  жер иеленушілер мен жер пайдаланушылар 99 %  оның ішінде  шаруа қожалықтары 99%, субъектілер  100 % қамтамасыз етілген.

Бөлімде жеке тұрғын  үй құрлысын салу үшін жер телімін алуға кезек бар, ағымдағы жылда кезекте 6153 азамат тұр оның ішінде 2011 жылы  тұрғаны - 194.  Жер берілетін алаңдарда инженерлік, коммуналдық дайындықтары болмағандықтан,  кейінгі жылдары жер телімдері осы мақсатта  берілмегендіктен кезек саны өсіп отыр.

2011 жылда   397 жер телімі меншікке сатылды, 13 жер теліміне құқығы сатылып, одан 109718,0  мың теңге   бюджетке түсті.

2011 жылғы болжам бойынша жер телімдерін сатудан, жер теліміне құқығын сатудан  және  жер телімдерін жалға беруден барлығы  жергілікті бюджетке 207423,0 мың теңге түседі деп жоспарланған. 2011 жылдың қазан айында болжам көбейтіліп 311509,0 мың. теңгені  құрады,   ол жылдық болжамның 72 % құрайды.

Өңдеу күні: 10-05-2012