Акимат » Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы

"Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысы

 

 

Хабарландыру

03-09-2012 

 

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын жүзеге асыруға орай келесі мамандықтар бойынша жұмыссыздарға тегін курстарға шақырамыз.

Қайта даярлау

- Визажист

- Токарь

Мамандық бойынша біліктілікті  арттыру

- Бухгалтер

- Бақылау - өлшеу приборларын және автоматтандыруды іске қосу

- Жарық беру және жарықтандыру желілері бойынша электр монтаждаушы

Оқитындарға материалдық көмек беріледі.

Сондай-ақ мамандығы жоқ бұрын бітірген және 2012 жылы бітірген түлектерді тегін оқуға қабылдау жүргізеді.

Оқу келесі мамандықтарға қабылданады: аспаз, портной, автомобиль кранының машинисі, электрогаздыдәнекерлеуші.

Оқу мерзімі 10 ай. Оқу күндізгі бөлімде жүргізіледі. Оқитындарға материальдық қөмек көрсетіледі.

Мына мекен жайға хабарласуға болады: Найманбаева 189 («Сұлу» « Семей қаласы  әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы» КММ автобекеті ауданы), 8 кабинет, тел. 52-69-34, 36-08-46


 

 

Хабарландыру

05-09-2012

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының шеңберінде өз бетінше жұмыспен айналысушы, жұмыссыз және аз қамтамасыз етілген азаматтардың қатарынан тегін кәсіптік оқытуға 2012-2013 оқу жылына қабылдау жүргізілуде:

мемлекеттік тапсырыс бойынша 2012 жылдың және алдыңғы жылдардың түлектерін аспаз, тігінші, автомобильді кран машинисі, электргазбен дәнекерлеуші мамандықтары бойынша даярлау. Оқыту мерзімі 10 ай. Оқыту нысаны күндізгі. Білім алушыларға оқуға материалдық көмек беріледі.

Төмендегі мамандықтар бойынша оқу мерзімі 3 айлық  кәсіптік қайта даярлау: токарь – қыркүйек, визажист – қазан .

Төмендегі мамандықтар бойынша ағымдағы жылдың қараша айынан бастап біліктілікті арттыру: бухгалтер – оқу мерзімі 1,5 ай, жарық  және жарықтандыру желілері бойынша электр монтаждаушы; бақылау-өлшеу приборларын және автоматтандыруды іске қосу;

 – оқу мерзімі 2 ай.

Оқуға тілек білдірген барлық азаматтарды жедел түрде Семей қаласы, Найманбаев көшесі, 189 үй («Сұлу» автобекетінің ауданы) № 8 кабинет мекен-жайы бойынша хабарласуға шақырамыз. тел. 52-69-34, 36-08-46


Жұмыспен қамту - 2020

Дата: 22-11-2012 11:33

 

Жұмыспен қамту - 2020 бағдарламасын жүзеге асыруға орай жұмыссыздарды, өз бетімен жұмыспен айналысушыларды, аз қамтылған азаматтарды 2013 жылға «Семей қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы» КММ 3 айлық мерзіммімен  мына мамандықтарға қайта даярлаудан өткізеді:

- слесарь – сантехник;

- ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторист машинисі

- кран машинисі

- пісіруші

- модельер – пішуші

- күш желілері және электр жабдықтары бойынша электр монтаждаушы

- кондитер

- оператор ЭЕМ

- жургізуші кат ВС

- автокөліктің электр жабдықтарын жөндейтін электригі;

 

Біліктілігін арттыру 2 айлық мерзімімен мына мамандықтарға:

- Бухгалтер

- Пісіруші

- Кондитер –калькулятор.

Сонда-ақ жұмыс берушілерден  жұмыспен ішінара қамтылған жалдамалы қызметкерлер толық емес жұмыс уақыты немесе жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы жағдайында, немесе қызметкерлер әлеуметтік демалыста немесе өндірістің тоқтатылуына байланысты еріксіз бос жүрген жағдайларда еңбек қызметін жүзеге асыратын қызметкерлерді қайта даярлау мен біліктілікті арттыруға өтінімдер қабылданады.

Оқитындарға оқуға материалдық көмек ұсынылады.

Оқуға тілек білдірген барлық азаматтарды жедел түрде

Семей қаласы, Найманбаев көшесі, 189 үй

(«Сұлу» автобекетінің ауданы) № 8 кабинет

мекен-жайы бойынша хабарласуға шақырамыз.

тел. 52-69-34, 36-08-46

Қосымша:

Қайта даярлау егер Бағдарламаға қатысушыларға кәсібі  ( мамандығы) бойынша лайықты жұмыс ұсыныла алмайтын болған немесе олардың белгілі бір кәсіптер (мамандықтар) бойынша жұмысты орындауға қабілеттілігі жойылған жағдайда, жаңа кәсіптер (мамандықтар) меңгеру мақсатында қайта даярлау.

Біліктілікті арттыру: кәсіби шеберлігін жетілдіру, анағұрлым жоғары разряд (сынып, санат) алу, өндірістік қажеттілікті ескере отырып, прогрессивті техника мен технологияны зерттеу және игеру мақсатында біліктілігін арттыруды қамтиды.

Өтініш берген жағдайда мынандай құжаттар қабылданады және көрсетіледі:

1) жеке басты куаландыратын құжат көшірмесі;

2) Тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (азаматтарды тіркеу кітапшасы, мекенжай анықтамасы не селолық және ауылдық әкімдердің анықтамасы) көшірмесі;

3) Еңбек кітапшасы немесе еңбек қызметін растайтын өзге құжат  көшірмесі;

4) Білімі туралы құжат ( аттестат, куәлік, диплом), сондай-ак оқу оқығанын растайтын басқа да құжат (куәлік, сертификат) көшірмесі

5) Денсаулық жағдайы туралы анықтама (қалып -086).

Оқуға материалдық көмек - оқуға материалдыќ көмек – кәсіптік оқудан өтіп жатқан Бағдарлама қатысушысына тамақтану, жол жүру және тұруға арналған шығынды ішінара өтеуге төленетін ақшалай қаражат


 

Кәсіпорын басшыларына

Дата: 23-11-2012 16:21

 

«Семей қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы» КММ  назарларыңызға 2013 жылға Жұмыспен қамту - 2020 бағдарламасы негізінде келесідей  мемлекеттік қызметтерді көрсетеді.

1. Қайта даярлау, біліктілікті арттыру және жұмыспен ішінара қамтылған жалдамалы қызметкерлер толық емес жұмыс уақыты немесе жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы жағдайында, немесе қызметкерлер әлеуметтік демалыста немесе өндірістің тоқтатылуына байланысты еріксіз бос жүрген жағдайларда еңбек қызметін жүзеге асыратын қызметкерлерді қайта даярлау мен біліктіліктерін арттыру.

2. Жастар тәжірибесі – жоғары және арнайы орта білімі бар жас мамандарға рналған уақытша жұмыс орындары. Жастар практикасының жалақасы мемелекет қаражатынан бөлінеді.

3. Әлеуметтік жұмыс орны – 12 айға дейінгі 50%, 30%, 15% қаржыландырумен уақытша жұмыс орны.

1) тек нысаналы топтарға бағытталған;

2) жұмыс орындар саны шектелмеген, жұмыс уақытша мерзімді құрайды және оның ұйымдастырылуына тұрақты және бос орындар пайдаланылмайды.

4. Жартылай жұмыс істейтін жалдамалы жұмысшыларды қайта даярлау мен біліктіліктен өткізу қажеттілігі жағдайында келесі кесте №1 толтыруыңыздарды сұраймыз.

Кесте №1

№ р/с

Мамандықтың аты

Қайта даярлау

Саны

Біліктілікті арттыру

Саны

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоғарыда келтірілген ақпараттар қызықтырған жағдайда мына мекенжайға хабарласуларыңызға болады. Найманбаев көшесі 189 (Сұлу авто бекеті ауданы).

Тел. 52-69-34   36-08-46: факс 36-07-50, е- mail: www. kgu_czags@mail.ru

 

«Семей қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы» КММ

Өңдеу күні: 05-09-2012