Акимат » Өнімділік 2020

Өнімділік 2020

"Өнімділік 2020" бағдарламасын бекіту туралы

 

Инновациялық гранттарға құжаттар қабылдау басталды

«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ–та 2012 жылға инновациялық гранттар бағдарламасының басталуына орай баспасөз мәслихаты өтті. Бұл бағыт 2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриалды-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асуда. Бағдарлама операторы болып ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қолдауымен Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі айқындалған.

Шараға ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Қаныш Тулеушин, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ Басқарма төрағасы Айдын Құлсейітов, Агенттіктің аймақтармен жұмыс жасау орталығының директоры – басқарушы директор Гүлнәр Есенғазина,  сондай-ақ өткен жылдары гранттарды жеңіп алған өнертапқыштар қатысты.

Баспасөз мәслихаты барысында Министрлік пен Агенттік өкілдері биылғы жылғы жаңашылдықтар жөнінде тоқталып өтті. Биыл бағдарламаны жүзеге асыруда ерекше жаңа кезең басталып отыр. Өткен жылы гранттың түрі төртеу (4) болса, биыл бұл көрсеткіш тоғызға (9) дейін жеткен. Мәселен, бастапқы даму кезеңдегі жас кәсіпкерлер 50 млн.теңгеге дейінгі көлемдегі инновациялық грантқа ие бола алады. Ал технологияларды коммерциализациялау бағыты бойынша – 30 млн.теңгеге дейін, өндірістік зерттеулерді жүргізу бойынша – 30 млн.теңгеге дейін, шетелде не (немесе) аймақтық меншік ұйымдарында меншіктеу бойынша – 6 млн.250 мың теңгеге дейін грант бөлінеді.

Іске қосылған кәсіпорындар басқарушылық өндірістік технологияларды енгізу үшін – 15 млн.теңгеге дейін, шетелде инженерлік-техникалық қызметкерлердің біліктілігін жоғарылату үшін – 2 млн.теңгеге дейін, жоғарыбілікті шетелдік мамандарды тарту үшін – 9 млн.теңгеге дейін, консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тарту үшін – 35 млн.теңгеге дейін, технологияларды жасау үшін – 150 млн.теңгеге дейін гранттар берілетін болады.

Сонымен қатар, мемлекет қаражат шығынын тиімділеу үшін міндетті түрде жоба авторларынан қосалқы қаражат көзін қарастыруды енгізіп отыр. Грантқа талап етілген өтініштер отандық және шетелдік сарапшылардың қатысуымен тәуелсіз сараптамадан өтетін болады. Ал өтініштер болса жыл бойы қабылданады.

Инновациялық гранттар жаңадан пайда болған мемлекеттік қолдау құралы және оған сұраныс жыл өткен сайын өсіп келеді. Мәселен, 2011 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда өтініш білдірушілер саны 2 есеге артып, 679 көрсеткішіне жеткен. 2010 жылы 1,7 млрд. теңге сомасына 37 жоба қаржыландырылса, 2011 жылы 7,1 млрд. теңге сомасына 129 жоба қаржыландырып, мемлекеттік қолдауға ие болды. 2012 жылы республикалық бюджеттен инновациялық гранттарға 3,5 млрд. теңге көлемінде қаражат бөлінді.

«Технологиялық дамыту жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ жарғы капиталы  жүз пайыз мемлекеттің қатысуымен құрылған. Агенттік инновациялық дамыту үрдістері мен мемлекеттік қолдау құралдарын үйлестіру үшін құрылған.

Баспасөз қызметі  Тел: +7 (7172) 517024 (+. 245, 248), 
+77017932418, +77022933332. mailto: gauhar.zholdubekova@nif.kz, samal.ibrayeva@nif.kz   http: www.nif.kz

Өңдеу күні: 03-10-2012