Акимат » Бекбаев Асылхан Табылдыұлы

Бекбаев Асылхан Табылдыұлы

Бекбаев Асылхан Табылдыұлы

 

1924 жылы туған. Семей педагогикалық институтын бітірген, жоғары білімді. Соғыс жылдары Петропавл (РФ) қаласындағы Селище авиация техниктері әскери мектебінің курсанты болды, әскери мектепті бітірген соң 6-гвардиялық бомбалаушы авиадивизия құрамында Белоруссияны, Прибалтиканы, Шығыс Пруссияны азат етті. Кеңес Армиясы қатарында 8 жыл қызмет етті. Педагогикалық колледждің оқытушысы болып, Семей облыстық партия комитеті аппаратында жұмыс істеген. 1963 жылдан  1987 жылға дейін Семей қаласындағы М.О.Әуезов атындағы педагогикалық училищенің директоры болды.

Зейнет демалысына шыққаннан кейін де ардагерлер қозғалысына белсене қатысуда.

Қалалық соғыс, еңбек және Қарулы Күштер ардагерлері кеңесінің мүшесі, қалалық жауынгерлік Даңқ және өлкетану мұражайы кеңестерінің мүшесі.

І дәрежелі Отан Соғысы ордені, «Германияны жеңгені үшін» медалі жауынгерлік наградаларымен, «Құрмет Белгісі» ордені, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл»,   «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальдары, «Ерен еңбегі үшін» медалі еңбек наградаларымен марапатталған.

«КСРО ағарту ісінің үздігі», «ҚазССР халық ағарту үздігі» атақтарының иегері.

Өңдеу күні: 12-10-2012