Акимат » Құрманбай Марат Серікжанұлы

Құрманбай Марат Серікжанұлы

 

Құрманбай Марат Серікжанұлы
 
1961 жылы туған. Қазақ. Білімі жоғары, Мемлекеттік басқару академиясын «Экономист» мамандығы бойынша, Қазақ Мемлекеттік заң академиясын «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
«Гранит» кооперативінде делдал болып жұмыс істеді, кейіннен «Олжа» деп аталған өз фирмасын ашып басқарды.
1993 жылдан қазірге дейін «Семей Базары» ЖШС президенті.
Қазақстан Республикасы базарлары, сауда кәсіпорындары мен қызмет көрсету саласы қауымдастығының вице-президенті. ШҚО кикбоксинг және тай боксі Федерациясының президенті, «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт қайраткері».
Қоғамдық және қайырымдылық жұмыстармен тұрақты айналысады. Мұқтаж жандарға қолұшын беріп, қатар қоғамдық ұйымдар мен қорларға, ардагерлер Кеңесіне, Сәбилер мен балалар үйлеріне, спортшыларға, мектептерге, ұлттық орталықтарға, діни конфессияларға, мәдениет және ғылым қайраткерлеріне үнемі демеушілік көмек көрсетеді.
1989 жылдан 1993 жылғадейін Семей қалалық кеңесінің, 2004 жылы № 21 сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихатының депутаттығына сайланды.
«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының мүшесі, қалалық партия конференциясында қалалық мәслихаттың депутаттығына кандидаттыққа ұсынылып, 2007 жылдың тамыз айынан Семей қаласы мәслихатының депутаты.
 
Қазақстанның саясаты мен экономикалық өркендеуіне қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының Президентінің Алғыс хатымен, «Алғыс белгісі», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медальдарымен марапатталды.
«Жылдың үздік меценаты» деп танылды.
Өңдеу күні: 12-10-2012