Акимат » Семей қаласындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту туралы 2017 жылдың 1 сәуіріне

Семей қаласындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту туралы 2017 жылдың 1 сәуіріне

2017 жылдың 1 сәуір жағдайы бойынша шағын бизнестің тіркелген кәсіпорындарының (заңды тұлғалар) саны 4102 бірлікті құрады, ол 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,4% ұлғайды, оның ішінде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны 2086 бірлік, ол 13,9% ұлғайды, белсенді кәсіпорындар саны 1271 бірлік, ол 11,0% өсті. 
Тіркелген жеке кәсіпорындар саны 26 462 бірлік.
2017 жылдың қаңтар – наурыз айларында қала кәсіпорындарында 536 жаңа жұмыс орындары ашылды, оның ішінде шағын бизнес саласында 531 жұмыс орын. 
2016 жылы шағын бизнес кәсіпорындарымен шығарылған өнім және көрсетілген қызмет көлемі 43,7 млрд. теңгені құрады (статистикалық деректер тоқсанына 1 рет шығады). 
Кәсіпкерлік бастаманы жүзеге асыруда құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайды қамтамасыз ету, мемлекеттік-жеке серіктестікті дамыту ушін Семей қаласында «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ, кәсіпкерлік палатасы және кәсіпкерлерге қолдау көрстеу орталықтарының филиалдары құрылды. 
Шағын және орта бизнес субъектілерінің дамуына қолдау көрсету мақсатында келесідей мемлекеттік бағдарламалар іске асырылуда:
1.«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы;
2.2015 – 2016 жылдарға индустриалық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы;
3.«Өнімділік 2020»;
4.Шағын және орта бизнесті өндіріс өнеркәсібінде және өндіріс өнеркәсібіне қатысты қызмет көрсетудің қызмет саласында қолдау бағдарламасы;
5.«Даму Оптима» кепілдік беру бағдарламасы;
6.Өңірлік шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру бағдарламасы және т.б. 
Өнеркәсіп саласындағы жеке кәсіпкерлікті жедел дамытуға жәрдемдесу мақсатында «Өндіріс» бизнесті дамытудың индустриалды аймағы құрылды, онда 6 жоба орналастырылды.
Кәсіпкерлік субъектілердің мүддесін жылжыту және қорғау мақсатында кәсіпкерлікті дамытудағы әкімшілік тосқауылдарды жою бойынша жұмыс тобы әрекет етеді. Кәсіпкерлердің құқығын және мүддесін қорғау бойынша кәсіпкерлер палатасының Семей қалалық филиалы, салалық бөлімдермен бірлесіп, 2017 жылдың басынан бастап Семей қалсы прокуроры жанында Қоғамдық кеңестің 3 отырысы өткізілді.  
Жеке кәсіпкерліктің мүдделерін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстарды тұжырымдау үшін Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес жұмыс істейді, онда ағымдағы жылдың басынан бастап 1 сараптамлық кеңес отырысы өткізілді.  
 
 
Кәсіпкерлік бөлімі

Семей қаласындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту туралы 2016 жылға

 

Семей қаласындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту туралы 2015 жылға

 

Семей қаласындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту туралы 2014 жылға

 

Семей қаласындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту туралы 2013 жылға

Өңдеу күні: 20-04-2017