Акимат » Семей қаласындағы жер қатынастары 2013 жылдың 1 қаңтарына

Семей қаласындағы жер қатынастары 2013 жылдың 1 қаңтарына

Жерге оналастыру, меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, субъектілердің жерге құқықтық қатынастарын реттеу жұмыстарын жүргізеді.             

Семей қаласының аумағы 2012 жылдың 1 қаңтары жағдайында 2780,7 мың га оның ішінде ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер ауданы  957,0 мың га, ол 34 % құрайды.

Арнаулы жер қорының  жер көлемінің ауданы 2012 жылы  жер телімдерін пайдалануға беруге байланысты   42,4 мың гектарға кеміді, жер телімдерінен бас тартуларына байланысты  13,5 мың гектарға көбейді.  Қолда бар арнаулы жер қоры 420,1 мың гектарды құрайды. 2012 жылы  39181 гектар жер иессіз жерлер есебінде тұр оның ішінде 12410 га тыңайған жерлер.

2012 жылда ауыл шаруашылық  мақсатында пайдаланатын жерлер конкурс арқылы ауданы 58039,4  га болатын   38 жер телімдері шаруа қожалықтарын жүргізу үшін  берілген.

Ауылшаруашылық мақсатта пайдаланатын жерлерге барлығы  1170 паспорт әзірленген.

2012 жылда жер жөніндегі сұрақтар бойынша барлығы 2161   хат заңды тұлғалардан, 2252 өтініш жеке тұлғалардан келіп түсті. Жер комиссиясының 37 отырысы өткізіліп, онда 1985 сұрақ қаралды.

1391 қала әкімдігінің қаулысы әзірленіп 605 жалға беру және 489 сатусатып алу шарттары жасалды.                                                                                                                

Бірыңғай сәйкестендіру құжаттармен  жер иеленушілер мен жер пайдаланушылар 99 %  оның ішінде  шаруа қожалықтары 99%, субъектілер  100 % қамтамасыз етілген.

Барлығы 465 жер телімі меншікке сатылды, 24 жер теліміне құқығы сатылып, одан  146268,0  мың теңге   бюджетке түсті.

2012 жылғы болжам бойынша жер телімдерін сатудан, жер теліміне құқығын сатудан  және  жер телімдерін жалға беруден барлығы  жергілікті бюджетке 239607,0 мың теңге түседі деп жоспарланған. 2012 жылы  258227,0 мың теңге  жергілікті бюджетке түсті, ол жылдық болжамның 108 %  орындалғанын көрсетеді.

Өңдеу күні: 16-04-2013