Акимат » Семей қаласында құрылыстың дамуы 2012 жылдың 1 шілдесіне

Семей қаласында құрылыстың дамуы 2012 жылдың 1 шілдесіне

Құрылыс басқа салаларға қарағанда өзіндік ерекшелігі бар және құрылыс өнідірісін ұйымдастыру мен басқарудың өзгеше түрінің қажеттігін мәжбүр етеді.

Әлеуметтік қатынаста тұрғын үй қажеттілігі болған, адамның негізгі өмірлік қажеттілігінің бірі және қоғамның дамуының алғашқы тапсырмасы болып қала береді.

2011-2014 жылдары Тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы 2010 жылы  осыған сәйкес 2008-2010 жылдары Бағдарламасын орындау қорытындысы бойынша қабылданған.

Бағдарламаға сәйкес қалада екі көп қабатты тұрғын үй құрылысы басталды; оның бірі – Синицын көшесіндегі 72 пәтерлі несиелік үй және Эергетик кентіндегі жалға берілетін үй.

Бұл мақсатқа бөлінген және игерілген қаражаттың сомасы 611,5 млн.теңге құрайды. Көрсетілген үйлер 2012 жылдың 1 жарты жылдығында жалпы ауданы 9 мың шаршы метрмен пайдалануға енгізіледі.

Тұрғын үйді енгізу көлемін сақтау, тұрғын үй құрылысын қаржыландыруды ұлғайту және жаңа механизмін қолдану, тұрғын үй құрылысына  жеке  меншік инвестяцияларды тарту мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 2011 жылы 31 наурызда №329 тұрғын үй құрылысы жинағы жүйесі арқылы 2011-2014 жылдары тұрғын үй құрылысы бағдарламасы қабылданды.

2010 жылғы 29 қаңтардағы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына «Жаңа он жылдық – жаңа экономикалық көтерілім, Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» жолдауына сәйкес тұрғын үй құрылысы жинағы жүйесін және жалпы коммерциялық тұрғын үй секторын дамыту бойынша жұмыстар басталды. Осының нәтижесінде құрылыстың жаңа сұлбасы және несиелік тұрғын үйді жергілікті орындаушы орган Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі қатысуымен жүзеге асыру әзірленді. Мұнда азаматтар және Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкі, мемлекет пен құрылыс компаниясының тең құқықылы іскерлігі принципі пайдаланылады. Тұрғындарға таза өңделген, 1 шаршы метр үшін тұрғын үйлерді сату құны 90 мың теңгеден аспауын құрайды. Құрылыс 3 класты жайлылықты қарастырады.

2011 жылы Аймаутова көшесінде бір тұрғын үй құрылысы басталған. Бағдарламаға сәйкес пәтерлерді бөлуші ретінде «Түрғынүйжинақбанкі» АҚ анықталған. Бағдарламаны жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 226,0млн.теңге қаражат бөлінген, және 139,6 млн.теңге жеке меншік инвестициясы.

2012 жылы осы бағдарлама шеңберінде Энергетик кентінде және Байсалыкова көшесінде екі 9 қабатты 72 пәтерлі тұрғын үйлер құрылысына қаражат қарастырылған. Нысандар 2013 жылы пайдалануға енгізілумен көшпелі болып табылады.

2011-2014 жылдары тұрғын үй құрылысы Мемлекеттік бағдарламасымен 2012 жылы треспубликалық бюджеттен Энергетик кентінде 4 жалға берілетін көп пәтерлі тұрғын үйлер, инженерлік коммуникацияларды жүргізумен  құрылысты бастау қарастырылған. Нысандар пайдалануға енгізуге  18 мың шаршы метр жалпы ауданымен 2013 жылға көшіріледі.

Қатарлас «Жұмыспен қату 2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден қоныс аударушылар үшін 50 жеке тұрғын үйлерден коттеджді кент құрылысы жүргізіліп жатыр.Кент Волгоградская көшесінде, аэропортқа баратын трасса бойында орналасқан. Бағдарламаға сәйкес бұл тұрғын үйлер құрылысына республикалық бюджеттен 285,7 млн.теңге және 396,7 млн.теңге  инженерлік коммуникацялар жүргізуге қаражат бөлінген. Сонымен қатар бағдарлама шеңберінде 2012 жылы жалпы сомасы 264,5 млн.теңгеге Докучаев көшесінде 5 қабатты 60 пәтерлі шағын жанұялық жатақхана құрылысы қарастырылған.  Нысан 2013 жылы енгізіледі.

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының бір бағыты еңбек ресурсының мобилділігін арттыруға ықпал ету болып табылады. Бұл шаралар шеңберінде  эконмикалық даму орталығына экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден қоныс аударушы еңбек ресурстары үшін сатып алу мүмкіндігімен жалға берілетін тұрғын үй түрінде беру қаратырылған.

Тұрғын үй құрылысын дамытудың нәтижелі бағдарламасының бірі «Қол жетімді тұрғын үй 2020» бағдарламасы болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауында ел дамуының негізгі бағытының бірі ретінде қол жетімді тұрғын үй құрылысын көрсетті. Бағдарлама құрылыс көлемін біртіндеп ұлғайтуды, қол жетімді тұрғын үйлерді ұлғайту үшін жайлы шарттар құру, елдің экономикалық белсенділігін арттыру және қосымша жұмыс орындарын құруға ықпал етеді. Бағдарламаны орындау мақсатында Суық бұлақ кентіне жалға берілетін тұрғын үй құрылысы жоспарлануда. Тап осы кентке толық жоспарланып жоба бекітілген және өңделген. Суық бұлақ кентіне жалға берілетін 4 тұрғын үй салу құрылысы жыл сайын енгізуге бағытталған.

Өңдеу күні: 16-04-2013