Акимат » Семей қаласында сәулет және қала құрылысының дамуы 2013 жылдың 1 қаңтарына

Семей қаласында сәулет және қала құрылысының дамуы 2013 жылдың 1 қаңтарына

Есепті жылда жылжымайтын мүлік нысандарына  мекенжай тағайындау  туралы  296  анықтама берілген. Азаматтарға  осы  мемлекеттік қызмет қолайлы болу үшін анықтамалар ХҚО (халықа қызмет көрсету) арқылы көрсетіледі.  Тағайындалған мекенжайлар  сол сәтте «Мекенжай тіркелімі» апаратты дерекқорына енгізіледі.

Сондай –ақ  Бөліммен сырты (көрнекі) жарнаманы орналастыруға  рұқсат беру  ижәне   тіркеуде жоқ  жарнама   нысандарын анықтау жөніндегі  жұмыстар жүргізілді. 2012  жылы  бос тұрған және заңсыз орнатылған 57 жарнама  нысандары бұзылып алынған. Жарнама орналастыруға  551 рұқсат  берілген.  Бұл  қызмет те  альтернативтік  негізде ХҚО  арқылы  көрсетіледі. 

Заманауи тәжірибені және осы қызмет  түрін даму тенденциясын  ескере отыра сыртқы жарнаманы дамыту және  жетілдіру,  жарнама  кеңістігін оңтайлы және тиімді пайдалану мақсатында Семей қаласының  жарнамасын дамыту Тұжырымдамасы әзірленуде.

2012 жылы  Сәулет бөлімі 159  нысанды пайдалануға  қабылдау комиссия құрамында қатысқан. Ғимараттардың жаңа қасбеттерімен кіреберіс есіктер топтарының жобалары  қаралып, келісілген. Пәтерлерді қайта жоспарлауға  558  рұқсат берілген. 

Қазастан  Респуликасы Үкіметінің  2009 жылғы  11 желтоқсандағы № 2082  қаулысымен бекітілген ережеге сәйкес  мемлекеттік қала құрылысы  кадастрының электрондық дерекқоры жүргізілді.  2012 жылдың  31 желтоқсанына 11179 нысан, соның ішінде   2934 ғимарат пен имараттар, 1735 жер телімдері,  3645 инженерлік  инфрақұрылым, 2865 шаруашылық субъектілер  бойынша нақты ақпарат енгізілген.

Қаланың орталық бөлігінің  нақты  жоспарлау жобасы,  Знаменка, Қайнар және Новобаженово  тірек ауылдарының бас жоспарлары әзірленіп бекітілу  сатысында.

2012 жылы  2514 жеке тұлғалардың және  3592 заңды тұлғалардың  хаттары  қаралған.

Өңдеу күні: 18-04-2013