Акимат » Өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері

Өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері

2017 жылғы қаңтар-мамыр айларында қала бойынша негізгі капиталға құйылған инвестицияның көлемі  12784,5 млн. теңгені құрады (ИФО – 112,2%), оның ішінде жеке инвестициялар – 8786,3 млн. теңге (ИФО – 92,1%), атап айтқанда: 
Қала өнеркәсібіне 5594,1 млн. теңге салынды;
Ауыл, балық және орман шаруашылығына 75,5 млн. теңге мөлшерінде инвестиция салынды;
құрылысқа –  8,0 млн. теңге;
көтерме және бөлшек саудаға, автокөлік және мотоцикл жөндеуге – 227,3 млн. теңге;
көлік пен қоймаға – 2448,8 млн. теңге;
ақпарат пен байланысқа  – 265,8 млн. теңге; 
қаржылық және сақтандыру қызметіне –75,6 млн. теңге; 
жылжымайтын мүлік операцияларына – 1960,1 млн. теңге; 
кәсіби, ғылыми және техникалық қызметке – 28,0 млн. теңге; 
әкімшілік  және қосалқы қызмет көрсету шеңберіндегі қызметке– 884,0 млн.теңге; 
білім беруге  – 1185,2 млн. теңге;  
денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызметке  – 5,7 млн. теңге;
басқа да қызмет түрлеріне – 6,2 млн. теңге.
Жеке капиталдағы өндіріске салынған инвестицияның жалпы көлемі 43,7% -ды құрайды.
ҮИИД мемлекеттік бағдарламасының бірінші бесжылдығында (2010-2014 жылдар) қала бойынша жалпы сомасы 10,7 млрд.теңгені құрайтын 10 жоба жүзеге асырылды, 600 жұмыс орны  ашылды.
Индустрияландыру картасындағы кәсіпорындар өндірген өнім 14,7  млрд. тенгені құрады, оның ішінде 2017 жылы өндірілген өнім 2,2 млрд. теңге немесе өңдеуші өнеркәсіп көлемінің 5,2 % құрайды. 
Бағдарламаның екінші бесжылдығында 2015-2019 жылдар Семей қала бойынша жалпы құны 9,4 млрд. теңге болатын 6 инвестициялық жоба енгізілген, жобалық қуатына шықса 800  жұмыс орнын ашу жоспарларланған, оның ішінде құны 345,0 млн. тенге болатын 2 жоба іске қосылды, 36 жұмыс орны ашылды.
 
 
 
Өңдеу күні: 27-06-2017