Акимат » Қаланың тұрғын үй қоры 2017 жылдың 1 шілдесіне

Қаланың тұрғын үй қоры 2017 жылдың 1 шілдесіне

Семей  қаласының көп пәтерлі тұрғын үй қоры  9163 тұрғын үйден тұрады, жалпы аумағы 5 618, 1 мың. м2.
Соның ішінде 1421 үй  бір  қабатты және одан да жоғары көп қабатты тұрғын үйлер.
Қалада тұрғын үйлерді  басқару органдары 782 үйде бар, соның ішінде 578 тұрғын үйді 117 пәтер иелері кооперативі, 47 тұрғын үйді 26 қарапайым серіктестік  басқарады. 19 үйде басқару функциясын  жеке азаматтық тұлғалар жүзеге асырады. 128 тұрғын үй  заңды тұлғалармен келісімшарт жасасу  арқылы басқарылады (26 ШК  және ЖШС) 10 тұрғын үй  мемлекеттік органдардың қарамағында ТКШ, ЖПБ.
«ШҚО Семей қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-І «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңына сәйкес тексеру жүргізу арқылы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асады.
2017 жылдың  1 жартыжылдығына Бөліммен 52 тексеру жүргізілді:
1. Іріктеп тексеру -10.
2. Жоспардан тыс тексеру- 42.
3. Табылған кемшіліктерді жою үшін берілген  ұйғарымдар -25.
4. Әкімшілік  жауапкершілікке тартылғаны -1, («Сатпаева , 87» ПИК) көп пәтерлі тұрғын үйлердің басқару органдарының ҚР әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі  Кодексінің 320 бабы, 6 тар. бойынша (кондоминиум объектісінің басқару органының  тұрғындар алдында тоқсан сайын берілетін есебінің мерзімінің бұзылуы).
Сонымен қатар,  2 көп пәтерлі тұрғын үйлердің басқару органдарына («Пушкина , 100» ТПИК, «Куншуак » ТПИК, «Возрождение» ПИК, «Физкультурная ,16» ТПИК ) қатысты ШҚО аудан аралық экономикалық сотына шағым арыздар берілді. Берілген шағымдар толығымен қанағаттандырылды. 
 
 
Тұрғын үй инспекциясы бөлімі
 
 
Өңдеу күні: 28-06-2017