Акимат » Жергілікті атқарушы органдар бойынша жүргізілген қаржылық бақылаудың нәтижелері туралы ақпарат

Жергілікті атқарушы органдар бойынша жүргізілген қаржылық бақылаудың нәтижелері туралы ақпарат

 
2015 жылдың бірінші жарты жылдығында  жергілікті бюджет бойынша мемлекеттік сатып алу заңдылығының сақталуына жүргізілген бақылаудың нәтижелері туралы ақпарат
 
Есепті кезеңге жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар мен мекемелерде 155 бақылау іс-шаралары жүргізілді, онда 150 жағдайда жалпы сомасы 13 525,1 млн. теңгеге бұзушылықтар анықталды, соның ішінде:
- 7 977,9 млн. теңгеге қаржылық бұзушылықтар;
- 2 043,4 млн. теңгеге ережелерді, талаптар мен рәсімдерді сақтау кезінде анықталған бұзушылықтар;
- 3 503,7 млн. теңгеге қорытындысына әсер еткен, мемлекеттік сатып алу туралы заңнама бұзушылықтары.
Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімгерлері тұрғысында төмендегі мекемелерде ең көп бұзушылықтар сомасы анықталды: 
- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары – анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы - 856,2 млн. теңге, сатып алу қорытындысына әсер еткен, мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтар сомасы – 1 230,1 млн. теңге; 
- Құрылыс, сәулет және қала құрылысы – анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы - 2 076,5 млн.теңге, сатып алу қорытындысына әсер еткен, мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтар сомасы – 131,0 млн. теңге, оның ішінде 102,5 млн. теңге ШҚО Шемонайха ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне тиесілі;
- Денсаулық сақтау – анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы - 454,6 млн.теңге, сатып алу қорытындысына әсер еткен, мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтар сомасы – 30,3 млн. теңге, оның ішінде 17,0 млн. теңге «Шығыс Қазақстан облысының туберкулезге қарсы диспансері» ШЖҚ КМК тиесілі;
- Білім беру – анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы – 725,9  млн.теңге, сатып алу қорытындысына әсер еткен, мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтар сомасы – 251,4 млн. теңге, оның ішінде 113,8 млн. теңге  ШҚО Көкпекті ауданының білім беру бөліміне тиесілі.
Қабылданған шаралар барысында 2 071,7 млн. тенге көлемінде қалпына келтіруге және қайтаруға жатқызылған бұзушылықтардың жалпы сомасынан, есепті кезеңде қалпына келтірілгені - 1 616,7 млн. теңге, қайтарылғаны – 20,4 млн. теңге.
Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша тәртіптік жауапкершілікке 126 лауазымды тұлға тартылды, әкімшілік жауапкершілікке 50 лауазымды тұлға тартылып, оларға 7,7 млн. теңге сомасында айыппұл салынды, оның 6,0 млн. теңгесі бюджетке қайтарылды.
ШҚО жергілікті атқарушы органдарының ішкі бақылау қызметінің (бұдан әрі ЖАО ІБҚ) бақылау қызметінің сапасын жақсартуды көрсететін, ҚР бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес, Инспекциямен ағымдағы жылдың басынан ҚР ҚМ Қаржылық бақылау комитеті өкілдерінің қатысуымен ЖАО ІБҚ өкілдерімен «дөңгелек үстел» отырыстары мен семинарлар өткізілді.
Сонымен қатар, Инспекция ағымдағы жылдың басынан мемлекеттік сатып алу туралы заңнама мен бюджет заңнамасының нормаларын түсіндіру бойынша мемлекеттік органдар мен бақылау объектілерінің өкілдерінің қатысуымен 39 семинар-кеңес өткізді. 
               
ҚР ҚМ ҚБК ШҚО бойынша 
қаржылық бақылау инспекциясы

2014 жылдың 1-ші жартыжылдығында жергілікті бюджет бойынша мемлекеттік сатып алу заңдылығының сақталуына жүргізілген бақылаудың нәтижелері туралы ақпарат

2014 жылдың аталған уақыты ішінде ШҚО бойынша Қаржылық бақылау Инспекциясы жергілікті бюджет бойыншамемлекеттік сатып алу заңдылығының сақталуына 106 тексеру жүргізіп, нәтижесінде сатып алу қорытындыларына әсерін тигізген жалпы сомасы 5904,6 млн.теңгенің бұрмалаушылықтарын анықтады, бұл өткен жылдың осы уақытында анықталған сомамен (1948,8 млн.теңге) салыстырғанда 3955,8 млн.теңгеге артық. Бұрмалаушылықтардың болуына және оның сомасының көбеюіне негізгі себеп мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізуге жауапты лауазымды тұлғалардың мемлекеттік сатып алу заңдылығын сақтамауында болып отыр. Әрине, бұған белгілі бір мөлшерде мемлекеттік сатып алуға бөлінген қаражаттардың бақылаумен көбірек қамтылуы да әсерін тигізуі мүмкін, өйткені үстіміздегі жылы мемлекеттік сатып алуға жұмсалған жалпы сомасы 12967,5 млн.теңге қаржы бақылаумен қамтылды, бұл өткен жылғы ұқсас кезеңдегі сомадан (8757,1 млн.теңге) 4210,4 млн.теңге артық.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ішінде бұрмалаушылықтың аса ірі сомалары төмендегі салалардың мекемелерінде анықталды:
- құрылыс, сәулет және қала құрылысы – 5126,3 млн.теңге, бұл жалпы анықталған бұрмалаушылықтар сомасының 86,8 пайызын құрады (әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысына, жөндеуге және жаңартуға қаражаттың ірі көлемде бөлінуіне байланысты);
- білім – 230,0 млн.теңге (3,9 пайыз);
- дене шынықтыру және спорт – 157,0 млн.теңге (2,7 пайыз);
- ішкі істер – 133,9 млн.теңге (2,3 пайыз);
- денсаулық сақтау – 115,3 млн.теңге (2,0 пайыз);
- қалған салалар – 142,1 млн.теңге (2,4 пайыз).
Сонымен, «ШҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ-нде жоспарлы түрдегі бақылаумен сатып алу қорытындысына әсерін тигізген, жалпы сомасы 1916,0 млн.теңгеге мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің бұзылғаны анықталды, оның ішінде төмендегі нысандар бойынша:
- «Семей қаласындағы жедел медициналық жәрдем көрсету станциясының құрылысы» - 1497,1 млн.теңге;
- «ШҚО Глубокое ауданының Алтайский кентіндегі дәрігерлік амбулатория құрылысы» - 153,2 млн.теңге;
- «ШҚО Зайсан ауданының Сартерек ауылындағы дәрігерлік амбулатория құрылысы» - 134,4 млн.теңге;
- «ШҚО Тарбағатай ауданының Жаңаауыл ауылындағы дәрігерлік амбулатория құрылысы» - 131,3 млн.теңге. Аталған нысандар бойынша, мердігерлердің конкурстық өтінімдері біліктілік талаптарына сай болмаса да, мемлекеттік сатып алу бір көзден сатып алу тәсілімен өткізілген.
Заңды тұлғалардың арыздары негізінде «Глубокое ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 2014 жылы «ШҚО Глубокое ауданының Березовка ауылының сумен қамтамасыз ету жүйелерін қайта жаңарту» және  «ШҚО Глубокое ауданының Белоусовка ауылының сумен қамтамасыз ету жүйелерін қайта жаңарту» нысандары бойынша жалпы сомасы 1639,9 млн.теңгеге мемлекеттік сатып алу заңдылығы бұзылған, өйткені ұтып алған мердігердің («Бұқтарма құрылыс компаниясы» ЖШС) жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес құрылыс жұмыстарын жүргізуге лицензиясы болмаған.
«Семей қаласының құрылыс бөлімі» ММ-нде заңды тұлғаның арызы бойынша жүргізілген бақылаумен «ШҚО Семей қаласының Суық тұма кентіндегі тұрғын үйлердің жаңа құрылысын электрмен жабдықтау» нысаны бойынша жалпы сомасы 868,3 млн.теңгеге мемлекеттік сатып алу заңының талаптары бұзылған (конкурсқа қатысушылардың өтінімдерін кері қайтару үшін негізсіз талаптар қою, бір қатысушыны негізсіз конкурсқа жіберу, әрбір қаржы жылында орындалатын жұмыс түрлері туралы мәліметтің жоқтығы, тапсырыс берушінің банктегі есепшотының жазылмауы, «Жұмыс тәжірибесінің болуы», «Жергілікті мазмұн» критерийлері бойынша өлшемдер мен сомалардың дұрыс анықталмауы).
Аталған фактілер бұрмалаушылықтардың ірі сомалары негізінен конкурсқа қатысушы заңды тұлғалардың – мердігерлер мен жеткізушілердің арыздары негізінде анықталатынын дәлелдейді.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарының талаптарына сәйкес, Инспекция өз құзыреті шегінде анықталған бұрмалашылықтарды жою және болдырмау, кемшіліктерге жол берген лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту бойынша іс-шараларды тұрақты түрде жалғастыруда.
Үстіміздегі жылдың өткен уақытында мемлекеттік сатып алу Заңының талаптарының бұзылуына жол берген 64 лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 14 лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға жалпы сомасы 1592,7 мың теңгенің айыппұлы салынды, сатып алу келісім-шарттарын жарамсыз деп тану үшін 4 талап арыз соттың қарауына жолданды (қаралу үстінде), 4 бақылау материалдары процессуалдық шешім қабылдауға құқық қорғау органдарының қарауына жіберілді.
Мемлекеттік сатып алу заңдылығының сақталуына жүргізілген бақылаудың нәтижелерінің айқындылығын қамтамасыз ету мақсатында, осыған қатысты 55 мақалалар мен ақпараттар халықты хабардар ету үшін облыстық, қалалық және аудандық газеттердің бетінде, облыстың жергілікті атқарушы органдарының веб-сайттарында жарияланды.
Мемлекеттік сатып алу саласында бұрмалаушылықтарды азайту және алдын алу, құқықтық сауаттылықты жоғарылату және жемқорлықты болдырмау мақсатында, Инспекция бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен, бақылау объектілері өкілдерімен ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын дұрыс қолдану бойынша 37 семинар-кеңес өткізді.
Және де 2013 жылдың 9 айында мемлекеттік сатып алу заңдылығының сақталуына жүргізілген бақылаудың қорытындылары туралы ақпараттың, мемлекеттік сатып алу саласында бұрмалаушылықтарды болдырмауға және алдын алуға бағытталған бірнеше ұсыныстармен қоса, облыстық басқармалардың, аудан және қала әкімдерінің веб-сайттарында жарияланғанын атап өтуге болады.
  
ШҚО бойынша Қаржылық бақылау Инспекциясы

 


 

Жергілікті атқарушы органдар бойынша 2013 жылы жүргізілген қаржылық бақылаудың нәтижелері туралы ақпарат

 

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қаржылық бақылау Инспекциясы өткен жылы жергілікті бюджет бойынша 228 бақылау объектісінде (шаруашылық субъектілерін қоспағанда) қаржылық бақылау жүргізіп, жалпы сомасы 17814,3 млн.теңгені құрайтын қаржылық бұрмалаушылықтарды анықтады, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 5323,4 млн.теңгеге артық.

Аса ірі сомада қаржылық бұрмалаушылықтар «ШҚО құрылыс басқармасы» ММ-нде анықталды – 1956,4 млн.теңге, немесе барлық бұрмалаушылықтар сомасының 11 пайызы; «ШҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ-нде (екі басқармаларды қайта ұйымдастырып, қосқаннан кейін) – 1118,6 млн.теңге (6,3 пайыз); «ШҚО білім басқармасы» ММ-нде – 207,1 млн.теңге; «ШҚО табиғат ресурстары және табиғатты пайдалану басқармасы» ММ-нде – 113,1 млн.теңге.

Облыстың 4 ауданы (Абай, Бесқарағай, Күршім, Ұржар) мен 2 қаласының (Курчатов, Риидер) бюджеттерінің орындалуына жүргізілген кешенді бақылаудың нәтижесінде жалпы сомасы 1432,7 млн.теңгеге қаржылық бұрмалаушылықтар анықталды, оның ішінде ірі сомалар Күршім ауданында – 414,0 млн.теңге, немесе жалпы соманың 28,9 пайызы; Курчатов қаласында – 344,2 млн.теңге (24 пайыз); Риддер қаласында – 240,2 млн.теңге (16,8 пайыз). Аталған аудандар мен қалалардың бюджеттерінің орындалуына жүргізілген кешенді бақылаудың нәтижелері облыс Әкіміне уақытында хабарланып отырды.

Бұрмалаушылықтар мемлекеттік сатып алу саласында да анықталды. Жергілікті бюджет бойынша өткен жылы жалпы сомасы 9411,6 млн.теңгені құрайтын бұрмалаушылықтар анықталды, немесе алдыңғы жылмен салыстырғанда 4159,8 млн.теңгеге кем (13571,4 млн.теңге).

Бюджеттік әкімшілердің ішінде аса ірі сомалар:

- құрылыс, сәулет және қала құрылысы мекемелерінде – 3461,3 млн.теңгеге, немесе жалпы соманың 69,8 пайызы;

-білім мекемелерінде – 631,4 млн.теңгеге (12,7 пайыз), бұл жерде бұрмалаушықтар сомасы алдыңғы жылмен салыстырғанда 498,7 млн.теңгеге аса көп мөлшерде мектептер мен мектепке дейінгі мекемелерді тексерумен қамтудың нәтижесінде;

-ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мекемелерінде – 415,6 млн.теңгеге (8,4 пайыз) анықталды.

Бақылау объектілері арасында ірі сомалар: «Күршім ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы» ММ-нде – 658,0 млн.теңгеге, «Риддер қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы» ММ-нде – 569,8 млн.теңгеге, «Бесқарағай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы» ММ-нде – 502,1 млн.теңгеге, «Аягөз ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы» ММ-нде – 355,8 млн.теңгеге анықталды. Бұл мысалдар мемлекеттік сатып алу саласындағы бұрмалаушылықтардың аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдарында ұлғайып келе жатқанын көрсетіп отыр. Әсіресе, аса ірі мөлшерде бұрмалаушылықтар аудандар (қалалар) бюджеттерінің орындалуына кешенді бақылау, және де мемлекеттік сатып алу үрдісінің мониторингі нәтижесінде жоспарлы және жоспардан тыс бақылау жүргізгенде анықталып отыр.

Қолданылған шаралардың нәтижесінде бюджетке қайтаруға және қалпына келтіруге жататын жалпы соманың (6696,7 млн.теңге) 5636,9 млн.теңгесі қайтарылып, қалпына келтірілді, немесе 84,2 пайызды құрайды. Қайтаруға және қалпына келтіруге жататын соманың қалдығы бойынша жұмыс жалғасуда.

ҚР заңдылықтарының талаптарын бұзғандары үшін өткен жылы 196 лауазымдық тұлғалар тәртіптік жазаға тартылды (олардың біреуі жұмыстан босатылды), оның ішінде 134-і мемлекеттік сатып алу заңдылығын бұзғаны үшін; 50 лауазымдық тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға жалпы сомасы 7460,6 мың теңгеге айыппұл салынды, оның ішінде 43 тұлға мемлекеттік сатып алу заңдылығын бұзғандары үшін (5521,9 мың теңге).

Бұрмалаушықтардың сомасын еріксіз түрде бюджетке өндіріп алу үшін 292,4 млн.теңгені құрайтын 18 талап арыз сотқа жіберілді.

Мемлекеттік сатып алу заңдылығының бұрмалаушылықтары бойынша сатып алу қорытындыларын заңсыз және жасалған келісім-шарттарды жарамсыз деп тану үшін соттың қарауына 8031,9 млн.теңгенің 18 талап арызы жолданды.

Бұрмалаушылықтардың жалпы сомасы 4248,0 млн.теңгені құрайтын 35 бақылау материалдары процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына тапсырылып, бақылау объектілерінің лауазымдық тұлғаларына қатысты 7 қылмыстық іс қозғалды.

 

ШҚО бойынша Қаржылық бақылау Инспекциясының баспасөз қызметі

 

2013 жылдың 9 айында мемлекеттік сатып алу заңдылығының сақталуына жүргізілген бақылаудың нәтижелері туралы хабарлама

Өңдеу күні: 19-02-2014