Акимат » Семей қаласының қоғамдық бірлестіктерінің қызметі 2014 жылдың 1 қаңтарына

Семей қаласының қоғамдық бірлестіктерінің қызметі 2014 жылдың 1 қаңтарына

Жылдың басы қала әкімінің жанындағы қоғамдық Кеңесінің құрылуымен белгіленді. Қаланың үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп Кеңестің Ережесі әзірленіп бекітілді,  ашық дауыс беру арқылы Кеңестің төрағасы мен құрамы сайланды. Мәжілістерде жұртшылықты алаңдайтын мәселелер қарастырылып, олардың шешу бағыттары жетілдіріледі.

Үкіметтің маңызды бағдарламалық құжаттарды жүзеге асыру мақсатында қоғамдық бірлестіктер белсенді ақпараттық-насихат жұмыс жүргізуде. Мемлекет Басшысының «Қазақстан - 2050» Стратегиясы» Жолдауы бойынша идеологиялық активтің жұмысына жұртшылықтың өкілдері қатысты.

Қалалық жастар және балалар ұйымдардың Қауымдастығы бөлімшесі интернат-мектеп №3-пен бірге «Бота» қоғамдық қоры қаржыландырылған «Қоршаған әлемді бояп қояйық» атты жобасын жүзеге асыруға бастады. Бұл жоба көз көру органдарының бұзушылығы бар жасөспірімдерді әлеуметтік бейімделуге мен қоғамға біріктіруге бағытталған.

Жастар кәсіпкерлікті даму мақсатында, «Жастар кәсіпкерлікті даму» қоғамдық бірлестігі мемлекеттік органдары мен бизнес құрылымдардың қатысуымен оқыту семинарларды өткізеді.

Сонымен қатар, қалалық әйелдер Кеңесінің отрырысы өткізілді. Отырыс барысында, жылдық жұмыс жоспарын бекіту туралы және 8 Наурыз бен Наурыз-Мейрамына арналған іс-шараларды әзірлеу туралы шешім қабылданды.

2013 жыл мерейтойлық пен естелік күндерге мазмұнды. Ақпан айында Сталинград шайқасының 70 жылдығы мерекеленді. Қалалық соғыс ардагерлер Кеңесі ішкі саясат бөлімі мен «Шығыс» аймақтық қолбасшылығымен бірге қалалық мәдениет Сарайында осы күнге арналған салтанатты іс-шараны өткізді. Деректі фильм көрсетіліп, жергілікті филармония әртістерінің концерті ұйымдастырылды. Соғыс ардагерлерді ардагерлер Кеңесі, мемлекеттік құрылымдардың, аймақтық қолбасшылық штабының, жастардың өкілдері құттықтады.

«Дебаттық клубтардың бірлестігі» қоғамдық қоры ішкі саясат бөлімімен бірге «Жастар және діни төзімділік» атты дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға оқытушылар, жоғарғы сынып оқушылар, студенттер, дәстүрлі конфессиялардың өкілдері шақырылды.

Азаматтық бастамаларды даму мақсатында ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша «Даналық» қоғамдық қорымен ҮЕҰ-дың әлеуметтік жобаларды әзірлеу жайнда семинар өткізілді.

Әйелдер бастамаларды жандандыру және жетілдіру үшін, бөлім гендерлік теңдік Бағдарламаны жүзеге асыруға бағыттлаған жұмыс жүргізуде.

Осылай, «Нұр Отан» ХДП Партиялық мектебі ішкі саясат бөлімімен бірге «Әйелдер мелмекеттік басқаруда» атты дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел жұмысына мемлекеттік құрылымдар, ғылым, мәдениет және үкіметтік емес секторының өкілдері қатысты.

Қалада қызмет ететін әйелдер Кеңесімен жылдық жұмыс жоспары әзірленді. Әр-түрлі қайырымдылық акциялар, дөңгелек үстел мен семинарлар өткізіледі. 8 Наурыз Халықаралық әйелдер Күні қарсаңында, жұмыс ардагер әйелдерге құрмет көрсетіліп, «Көгілдір жалын» өткізілді.

«Семей қаласының тәуелсіз әлеуметтанулық орталығы» қоғамдық бірлестігімен ішкі саясат бөлімінің тапсырысы негізінде Мемлекет Басшысының «Қазақстан - 2050» Стратегиясы» Жолдауы бойынша бірқатар дөңгелек үстел отырыстары өткізілді. Осы кездесулерге мемлекеттік құрылымдар, бұқаралық ақпарат құралдар, этномәдени орталықтар мен үкіметтік емес секторының өкілдері қатысты. Бұл ұйымымен «ТҚЖ саласы мен қоғамдық көлік жұмсында кездесетін кері құбылыстар туралы жұртышылықтың көзқарасы» атты  әлеуметтанулық зерттеулер өткізілді. Зерттеулердің қорытындылары үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ және мемлекеттік құрылымдарға көрсетілді.

18 наурыз күні қаланың жалпы жоспарын талқылау жайында қоғамдық тыңдаулар өтті. Тыңдауларға ҮЕҰ, ҰМО және саяси партиялар қатысты.

22 наурыз күні Орталық алаңда Наурыз Мейрамына арналған жаңа түрде іс-шара өткізілді. Іс-шараның жаңалықтығы бірқатар өзегрістермен ерекшеленді: әр ұлыс-мәдени орталық өз ұлыстың сәндік-қолданбалы көрме, ұлттық тағамдар көрмесімен безендірілген шатырларды орнатты; сонымен қатар өз ұлттың би мен өлеңдері, салт-дәстүрлері көрсетілді.

Сәуір айында жыл сайынғы «Саябақтар Шеруі»  басталды. Бұл бастама экологиялық білім беруге бағытталған, дәстүрлі түрге айналып, бұдан әрі еріктілер санын біріктірді.

Мамыр айында қаланың қоғамдық бірлестіктер және ұлыс-мәдени бірлестіктер Қазақстан Халқының Бірлік Күнін өткізуге және ұйымдастыруға белсене қатысты. Орталық Алаңда өткізілген мереке қала тұрғындарына өз ерекшелігімен көзге түсті. Осы іс-шараны әзірлеу барысында қаланың қоғамдық бірлестіктерінің пікірі мен ұсыныстары ескерілді.

Әр-түрлі мәселер бойынша қоғамдық тыңдаулар үкіметтік емес ұйымдардың қатысусыз өткізілмейді. Осылай, 2 тоқсанда өткен, сол жағалауды толық жоспарлау бойынша тыңдауларға ҮЕҰ өкілдері шақырылды.

«Жанұя Орталығы» ҚҚ үздіксіз жас жанұя клубының отырыстарын өткізеді. Осы бірлестіктің басты мақсаты - Отбасы институтын даму және отбасылық құндылықтарды насихаттау.  Және қазіргі таңдағы жетістіктер - бұл осы қордың  мемлекеттік органдармен, бизнес жүйелермен, қаланың басқа секторларымен белсенді жұмыстың нәтижесі.

«Семей қаласының әйел-мұсылман лигасы» ҚБ ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік тапсырысы бойынша, гендерлік саясат жөнінде бірқатар дөңгелек үстел және семинарлар өткізді. Осы іс-шаралар әйел бастамаларын даму, әйел саяси жетекшіліктерді тәрбиелеуге бағытталды.

«Сабантуй-2013» халықаралық мерекесіне дайындық қаланың ҮЕҰ және ұлыс-мәдени орталықтарды біріктірді. Бірлескен жұмыс нәтижесінде аталған мереке жоғары деңгейде өткізіліп, қала тұрғындары және қала қонақтары өткен іс-шарамен риза болды.

Қазіргі уақытта Астана қаласының 15 жылдығына арналған іс-шараны әзірлеу және өткізуге жұмыс жүргізілуде.

Аймақтағы үкіметтік емес ұйымдардың қызметі қоғамның басқа да секторларының әріптестігімен бірге жүргізілуде.

Астананың 15-жылдығына орай қаламызда алғаш рет этнотой өткізілді. Бұл іс-шара мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша Қазақ әлеуметтік-мәдени орталығының бастауымен өткізіліп, «Қымыз мұрындық» атты жазғы дәстүрімен қосталды. Қала тұрғындары мерекелік іс-шараға белсенді түрде қатысты: мереке қонақтарына өнер шеберлерінің концерті, қалалық этномәдени орталықтарының  сәндік-қолданбалы өнер түрлерінің көрмесі және т.б болып өтті.

Жыл сайынғы қаламызда өткізілетін антиядролық форум Семейде биыл да алыс және жақын шетел мемлекеттерінен біршама белсенділерді жинады. Халықаралық антиядролық қозғалысқа айтарлықтай үлес қосқан «Невада-Семей» үкіметтік емес ұйымы, мақсаты әлемдегі татулық пен достастықты насихаттайтын, бұндай бейбіт акцияға белсене қатысты.

ҚР-дағы Новегия елшілігінің жобасының шеңберінде «Центр Семьи» атты қоғамдық бірлестіктің бастамасымен әйелдер мен балаларға арналған дағдарыс орталығы ашылған болатын. Орталықпен психологиялық комек, медициналық қызметтер және т.б корсетілетін болады. Бұл орталық Отбасы институтын сақтау мен дамыту бағытында айтарлықтай үлес қосып келеді. Үнемі «Аққу» Жас Отбасылар клубының отырыстары, ата-аналар мен балаларға арналған семинар-тренингтер өткізіліп отырады.

Қалалық еріктілер орталығымен мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік бейімделуі мен сауықтыру мақсатында айтулы жұмыстар орындалуда. Еріктілермен қыркүйек айы бойы қалалық ипподромда экскурсиялар жүргізіліп, балалар ат үстінде отырып,оларды күтіп-бағуға үйренді, өйткені жан-жануарлармен қарым-қатынас мүмкіндігі шектеулі балалардың сауығуына біршама жақсы әсерін беретіні анық.

Ағымдағы жылы Днепр өзенінің жылдамдатуының 70 жылдық мерей тойы аталып өтеді. Бұл айтулы іс-шараға қалалық Ардагерлер кеңесі қолғабыс көрсетуде. Осылайша Жауынгерлік даңқ мұражайымен бірлесе жастар мен ардагерлердің қатысуымен тәрбиелік маңызы бар іс-шаралар өткізілді. Егде адамдар мерекелік күні қарсаңында Ардагерлер кеңесімен дөңгелек үстел өткізіліп, дөңгелек үстел барысында ардагерлерге мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек жайында мемлекеттік мекемелер өкілдерімен атылып өтті.

Қазақстан футболынының 100-жылдығы мерей-тойын атап өтуіге Ауған соғысы мен жергілікті соғыс ардагерлері қауымдастықтары белсенді қатысты. Жаңа жасанды футбол алаңында бұл қауымдастықпен жыл сайынғы шағын футболдан турнир өткізілді.

Жыл сайынғы ҮЕҰ форумы қазан айында өткізілді. Форум жұмысында қоғамдық бірлестіктер ғана емес, қалалық маслихат депутаттары мен мемлекеттік мекемелер мен БАҚ өкілдері де қатысты. Бұл диалогтық алаңында халықты толғандыратын мәселелер, жыл ішінде өткізілген жұмыстың қорытындылары мен пікір алмасулар өтті. Сонымен қатар форум аясында VI Республикалық Азаматтық Форумға қатысуға делегаттар таңдалып алынды. 

Қараша- желтоқсан айларында қала әкімі жанындағы қоғамдық Кеңестің кезекті отырыстары өтті. Аталмыш жиналыста қаланы ауыл-шарушылық өнімдерімен қамтамасыз ету, жастармен жұмыс жүргізудің жаңа түрлерін қарастыру мәселелері көтерілді. Жиналыстың қорытындысында Кеңес мүшелерімен сәйкес қызметтерге шетелден келетін өнімдердің санитарлық күйін қадағалауды күшейтуді ұсыну қабылданды.

Сонымен қатар, қараша айында  «Исток» ҚБ мен Еріктілер орталығының ұйымдастыруымен  жыл сайынғы  дәстүрлі «Солнечный мир» атты  балалар шығармашылығының фестивалі өтті.

«Центр Семьи» ҚҚ ұйымдастыруымен «Тұрмыстағы жәбір көрсетудің алдын алу шаралары» атты дөңгелек үстел қаланың көптеген қоғам қайраткерлері, мемлекеттік мекемелер мен оқу орындары өкілдерінің басын қосты.

«ШҚО аумағында мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бағалауға көмектесу»   атты өзекті мәселеге арналған дөңгелек үстел «Семей қ. Тәуелсіз әлеуметтік орталығы» ҚБ ұйымдастырылуымен өтті.

Желтоқсан айында қоғамдық бірлестіктер Тұңғыш Президент күніне, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған мерекелік іс-шараларға белсенді түрде қатысты.

Дәстүрлі болып қалыптасқан жаңа жылдық қайырымдылық «Шыршалар» үкіметтік емес ұйымдармен жаңа жыл мерекесі алдындағы апта бойына өткізіліп жатты.

Өңдеу күні: 14-04-2014