Акимат » Семей қаласындағы жер қатынастары 2014 жылдың 1 қаңтарына

Семей қаласындағы жер қатынастары 2014 жылдың 1 қаңтарына

«Семей қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ қаланың әлеуметтік- экономикалық дамуының рейтингтік көрсеткішінің орындалуы  Семей қаласының аумақтық даму бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады. Осы бағдарлама бойынша бөлімнің стратегиялық   мақсаты ауылшаруашылық айналымда егістік жердің көлемін  ұлғайту. 2012 жылы ауылшаруашылық мақсатындағы жерде егістік ауданы 7,5 мың гектарға егіліп, алға қойлған мақсат орындалды.  2013 жылдың  қортындысы  бойынша аулшаруашылық мақсатындағы  егістік жер көлемі 8,9 мың гектарға жетті.

Үкімет және Облыстық әкімнің қаулылары бойынша  Семей өңірінен индустриялық  картаға енгізілген кәсіпорындарға жер телімдері тегін өтеусіз меншікке  берілді.

2013 жылы жер жөніндегі сұрақтар бойынша  3767  хат заңды тұлғалардан,  2376 өтініш жеке тұлғалардан келіп түсті. Жер комиссиясының    34 отырысы өткізіліп, онда  2185 сұраққаралды.  1399 қала әкімдігінің қаулысы әзірленіп 781 жалға беру және 575 сату-сатып алу шарттары жасалды.

Семей қаласының аумағы 2014 жылдың 1 қаңтары жағдайында 2780,7 мың га оның ішінде ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер ауданы  949,2 мың га, ол 34 % құрайды қала жері аумағынан оның ішінде 8,9 мың гектар егістік жер 0,9 % және 17,9 мың гектар тыңайған жерлер 1,9 % ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер ауданынан.  Пайдаланбай жатқан жерді азайту үшін бөліммен тыңайған жер алқаптарын  жайылымдықтар мен шабындықтарға  ауыстыру арқылы жүзеге асырылуда.  5102 га пайдаланылмай жатқан жер құжаттары келісілуге республикалық салалық ведомстваларға жолданды. 8031 гектар пайдаланбай жатқан суарылмайтын жыртылған жерлер басқа ауылшаруашылық алқаптарға ауыстырылды. Ауылшаруашылық алқаптарын түгендеу жұмысы нәтижесі Облыстық жер қатынастары басқармасы бұйрығымен  бекітілді. Пайдаланбай жатқан ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер иесіз жерлер есебіне алынды. Бүгінгі күні 92503,9 га  жер телімдері иесіз жерлер есебінде тұр, оның 10735 га жыртылған жерлер. Сот шешімімен мемлекеттік меншікке түсуде. 2013 жылы 32644,9 га жер мемлекеттік меншікке түсті.

Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану ережелерінің талаптарын орындау мақсатында аумақтың барлық агроқұрылымдары қолда бар жер телімдерінің жалға алу шарттарына қосымша келісімдермен қамтамасыз етілген, қосымша келісімдерде ауыл шаруашылық технологияларын пайдалану бойынша талаптар көрсетілген, атап айтқанда:

жерлерді пайдалану туралы толық есеп жүргізу;

тыңайтқыштарды қолдану;

улы химикаттарды қолдану;

шабындықтар мен жайылымдарды тамырлы жақсарту бойынша шараларды жүргізу;

шабындықтарды және жайылымдарды суландыру және жерлерді пайдалану жағдайын жақсаруға жәрдемдесетін басқа шаралар. Агроқұрылымдар барлық ауыл шаруашылық өндірісті жүргізу туралы есепті ауылдық округтер әкімдіктеріне, ауыл шаруашылғы және ветеринария бөліміне, қалалық статистика есеп бөлімдеріне өткізу керек.

2013 жылы  ауыл шаруашылық  мақсатында пайдаланатын жерлер конкурс арқылы ауданы 55001,8 га болатын 38 жер телімі шаруа қожалықтарын жүргізу үшін  берілген.

Агроқұрылымдар жер телімдеріне 1215 паспорт әзірленген.

Семей қаласы бойынша 1 392,0 мың  гектар  босалқы жер тіркелген, оның 405,9 мың  гектары арнаулы жер қоры. Қаланың бағбандық үшін берілген жерлеріне түгендеу жұмысын жүргізіп 1523 жер телімі иесіз жерлер есебіне алу жұмыстары жүргізілуде.

Бірыңғай сәйкестендіру құжаттармен  жер иеленушілер мен жер пайдаланушылар 99 %,  оның ішінде  шаруа қожалықтары 99%, субъектілер  100 % қамтамасыз етілген.

Бөлімде жеке тұрғын  үй құрлысын салу үшін жер телімін алуға кезек бар, ағымдағы жылда кезекте 6756 азамат тұр оның ішінде 2013 жылы   тұрғаны - 297.  Жер берілетін алаңдарда инженерлік, коммуналдық дайындықтары болмағандықтан, кейінгі жылдары жер телімдері осы мақсатта  берілмегендіктен кезек саны өсіп отыр.

2013 жылғы   көрсеткіштерді салыстыру кестесі

11 ай аралық

Жер телімдер саны

Ауданы, га

Бағалық құны мың теңге

Жер телімін мемлекеттік сатудан

2012 жыл

464

3,797387

121008,0

2013 жыл

520

6,3517

195157,0

%

112 %

167 %

161 %

Жер теліміне құқығын сатудан

2012 жыл

24

10,6301

25260,0

2013 жыл

55

1,90015

15032,0

%

240 %

18 %

59  %

Жалға беруден

2012 жыл

605

278,9578

111959,0

2013 жыл

781

1294, 999

96875,0

%

129%

464 %

86 %

Барлығы 2012 жыл

975

253,337987

258227,0

Барлығы 2013 жыл

1285

1247,68868

307064,0

%

132 %

492 %

119  %

Жер телімдерінің бағалық құны  ауданы мен санына байланысты. Бағалық құнын  2013 жылдың   2012 жылмен салыстырғанда  жер телімдерін мемлекеттік сату 161 %,құқығын сату 59 %, жалға беру 86 %  құрайды, тұтас алғанда бағалық құны  119 % құрайды.   

Қаланың шекарасын бас жоспар бойынша нақтылау  бойынша 2013 жылдың бюджетінен 11,5 млн. теңге бөлінді. 

Елді мекен жерлерінде жер телімдерін мемлекеттік сату кезіндегі базалық ставканы анықтау үшін 2014 жылы қалалық бюджеттен қаражат бөлу үшін жоспарға 8975,0 мың теңге енгізілді.

2013 жылға қойылған   болжам - жоспар 260 582  мың теңгені құрады, 2013 жылдың қортындысы бойынша бюджетке 307064,0 мың теңге түсіп, ол  118 % орындалды.

Жер қатынастары  бөлімі жұмысының ең   маңызды  бір  бөлігі  жер қатынастарын реттеу.  Жер телімдерін  меншікке немесе пайдалануға  берген кезде қабылданатын құқықты актілер, басқада жер жөніндегі сұрақтарды  шешкен кезде жер заңнамалары бойынша  азаматтар мен кәсіпорындардың заңды құқығының сақталуы тұрақты қадағаланып отырады.

Өңдеу күні: 14-04-2014