Акимат » Семей қаласында құрылыстың дамуы 2013 жылдың 1 шілдесіне

Семей қаласында құрылыстың дамуы 2013 жылдың 1 шілдесіне

«Қол жетімді баспана 2020» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Семей қаласында Энергетик кентінде 4 жалға берілетін тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Тұрғын үйді енгізудің жалпы ауданы 18 мың шаршы метрді құрайды. Құрылыстың жалпы құны – 1,8 млрд. теңге.

Өткен жылы бөлінген және игерілген 503,4 млн. теңге.

Ағымдағы жылда құрылысты аяқтау үшін 1,31 млрд. теңге қаржы бөлінді. Бұл нысандарды пайдалануға енгізу ағымдағы жылдың ІІІ тоқсанына жоспарлануда.

Тұрғын үй құрылысын жинақтау жүйесі арқылы тұрғын үйді іске асыру және құрылыс бағдарламасының бірден-бір бағыты бойынша 2012 жылы Энергетик кенті мен Байсалықов көшесінде екі 9-қабатты  72-пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы басталды. Тұрғын үйді енгізудің жалпы аудына – 9,4 мың шаршы метрді құрайды, ал құрылыстың жалпы құны 777,51 млн. теңге. Жобаның басталуына өткен жылы 504,01 млн. теңге бөлініп, игерілді. Биылғы жылы жұмыстарды жалғастыру үшін 260,54 млн. теңге қаражат қарастырылды.  Нысанды пайдалануға беру мерзімі ағымдағы жылдың 3 тоқсанына жоспарлануда.

Бұл бағыт аясында үйлер 3 классты жайлылық бойынша салынуда.

Үйлерді іске асыруда 1 шаршы метрдің құны – 90 мың теңгені құрайды. Өткен жылы Аймауытов көшесінде көп пәтерлі 1 тұрғын үй пайдалануға берілді.

2011 жылдан бастап «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. Қалада Волгоградская көшесінде 50 жеке тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Құрылыстың жалпы құны 337,203 млн. теңге.    2011 жылдан бері 249,6 млн. теңге бөлініп, игерілді. Биылғы жылы жұмыстарды аяқтау үшін 87,602 млн. теңге қаражат қарастырылды.

Жұмыстардың аяқталу мерзімі ағымдағы жылдың шілде айы деп  жоспарлануда.

Сондай-ақ, 2011 жылдан бері 670,66 млн. теңге сомаға осы ауданның инженерлік-коммуникациялық  инфрақұрылымын салу жүргізілуде.  2011-2012 жылдары республикалық бюджеттен 396,662 млн. теңге бөлінді. Ұзындығы 4 км су құбырын тарту, СИП кабелін тарту -3,5 км, аудандық және трансформаторлық подстанцияларын орнату жұмыстары орындалды.

Жұмыстарды толық аяқтау үшін 240,515 млн. теңге қажет. Қаражаттың бөлінуі республикалық бюджетті нақтылау кезінде жоспарлануда.

Сонымен қатар, осы бағдарламаны іске асыру мақсатында Докучаев көшесінде 5 қабатты 60 пәтерлі шағын жанұялы жатақхана құрылысының басталды, жалпы құны 247,3 млн.теңге. 2012 жылы 93,665 млн. теңге бөлініп, игерілді. Ағымдағы жылы жұмыстарды аяқтау үшін 153,65 млн. теңге бөлінді. Қазіргі уақытта 4 қабаттың қабырғаларын қалау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Нысанды пайдалануға беру мерзімі ағымдағы жылдың 3 тоқсанына жоспарлануда.

Осы бағдарламаны ары қарай жүзеге асыру мақсатында, 2012 жергілікті бюджеттен Ақсай кентінде жеке тұрғын үйлер және де инженерлік коммуникациялар тартуға жобалық-сметалық құжаттамалар әзірлеу үшін қаражат қарастырылды. Үйлер 2014 жылы салынады.

Тұрғызылып жатқан үйлерді дер кезінде пайдалануға беру үшін осы аудандардың қажетті инженерлік-коммуникациялық  инфрақұрылымы, яғни жылу-су-электр-кәріз жүйелері болуы қажет.

Осы бағдарламаның бір бағыты бойынша Үкімет жыл сайын дамып келе жатқан аудандарға қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын салуға қаражат қарастырады. Бұл бағытта бөлім Ақсай, Жас-Алаш, Степной, «Шүлбі бұрылысы» кенттеріндегі жеке тұрғын үйлерді электр тарту жұмыстарына ЖСҚ әзірлеуде.

Тұрғын үйлер құрылысын Суық бұлақ кентінде дамыту көзделуде. 2020 жылға дейін жыл сайын төрт типті 9 қабатты 72 пәтерлі тұрғын үйлерді салу жоспарлануда, бі үйдің тұрғын ауданы 4,5 мың шаршы метр, сондай-ақ әлеуметтік нысандарда бар.

Суық бұлақ кентін инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстарыда орындалып жатыр. 2010 жылы тұрғын үйлерге электр жүйелерін тарту жобасы іске асырылды  (1 кезек) құны 490 млн. теңге.   2 кезектегі электр желісін тарту құрылысына ЖСҚ әзірленген, жобаны іске асыру 2013-2014 жылдарға жоспарланып отыр. Бұл жобалар кентті электр энергиясымен толық қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта Суық бұлақ кентіндегі үш жалдамалы үйдің құрылысына және де су құбырының, жылумен қамтамасыз ету, кәріз жүйелерінің инженерлік желілерін тартуға ЖСҚ әзірленіп жатыр. Жлпы құны – 48 млн. теңге.

Жоғары бюджеттен трансферттер есебінен 273,78 млн. теңге сомаға Селевина көшесінен Суық бұлақ кентіне дейін кәріз желілерін тарту жұмыстары басталды. Құрылыстың жалпы құны 546,76 млн. теңге. Нысананың құрылысын аяқтау мерзімі 2014 жыл.

Бұдан басқа, әлеуметтік басқада нысандар және Энергетик кентіндегі салынатын тұрғын үйлер қажет ететін қуытымен қамтамасыз ету үшін 2012 жылдан бастап 3-ші көтеру сорғы станциясының құрылысы және Смычка аралынан Энергетик кентіне дейінгі су тоғанынан су тартқыш салу құрылысы бойынша ірі жобаны орындау жұмыстары жүргізілуде.

Жұмысты аяқтау осы жылға жоспарлануда.

Бұл жоба құрылыстың дамуын іске асырумен кенттерді инженерлік-коммуникациялық инфроқұрылыммен қамтамасыз етілуіне мүмкіндік береді.

Қалада әлеуметтік нысандарды қалпына келтіру және құрылыстар қарқын алуда, ШҚО құрылыс басқармасы тапсырысшы болып табылатын нысандар:

- 300 орынды көп салалы аурухана;

- Облыстық анкологиялық диспансер радиологиялық орталық;

- 80 орынды түберкүлезге қарсы балалар ауруханасы;

-  Жедел дәрігерлік жәрдем станциясы.

Бұдан басқа, 2014-2015 жылдарға келесі құрылыстармен Ұшақтар кентінің ауданында 1200 орынды жаңа мектеп құрылысына ЖСҚ әзірлеу жұмыстарын осы жылы жүргізіледі.

Жергілікті бюджет есебінен № 26 ОМ денешынықтыру залын жапсарлай салу құрылысы, сонымен қатар Прииртышск ауылындағы орта мектепке казандық салу құрылысы жүргізіледі. Нысандарды аяқтау мерзімі 2013 жыл.

Өңдеу күні: 16-04-2014