Акимат » Семей қаласында мәдениеттің дамуы 2014 жылдың 1 қаңтарына

Семей қаласында мәдениеттің дамуы 2014 жылдың 1 қаңтарына

Жыл басынан бері мәдениет және өнер мекемелерінде 1497 мәдени шара ұйымдастырылып, оларда 518 335 адам қамтылды. Барлық жоспарланған іс-шаралар белгіленген мерзімінде өткізілді. Жылдың басы Орталық алаңдағы Жаңа жылды мерекелеумен басталып, 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер, дүниежүзілік кітап және авторлық құқық, Қазақстан халықтарының Достығы және Ұлы Жеңіс күндері, Астана күні, Қазақстан Республикасының рәміздері күні, Конституция күні, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні және ҚР Тәуелсіздік күні мерекелерімен қатар «Наурыз мейрамы», «Масленица» сияқты  ұлттық мерекелер де кең көлемде аталып өтті. 

Барлық мәдениет және өнер мекемелерінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050»- қалыптасқан мемлекеттің жаңа  саяси бағыты» атты Жолдауына талқылау өткізілді. Тақырыптық көрмелер дайындалып, дөңгелек үстелдер, конференциялар өткізілді. 

8-Наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай Абай атындағы театрда өткен салтанатты жиында қаланың әлеуметтік–экономикалық дамуына үлес қосқан әйел азаматтарға құрмет көрсетіліп, қала әкімінің марапаттаулары табыс етілді. Кеш соңы мерекелік концертке  ұласты.

2013 жылғы 22 наурыз күні қаланың барлық алаңдарында қала тұрғындары мен қонақтары үшін «Наурыз 2013» мерекелік шаралары өтті.

Орталық алаңда тайқазан орнатылып, өткен жылдардан өзгеше көрініс қойылып, еліміздің маңызды шаралары «Қазақстан футболына – 100 жыл», «Астанаға- 15 жыл»,  Қазақстан-2050 Стратегиясы», «Достық» тақырыптары қамтылды.

Дәстүр бойынша ақпан айында мектеп оқушылары арасында XVII қалалық, наурыз айында «Наурыз нақыштары», тілдер Күніне арналған «Туған тілім – сарқылмайтын қазынам» атты қалалық ақындар сайысы өткізілді.   

Жоспарға сәйкес сәуір айы бойы халық шығармашылығын дамыту, дарынды өнерпаздарды айқындау мақсатында көркемөнерпаздар ұжымдарының байқауы өткізілді. Байқауға 90-нан астам көркемөнерпаздар ұжымынан 11 мың адам, қала мектептері, орта және жоғары оқу орындары, кәсіпорындар мен мекемелердің, ауылдық округтердің өнерпаздары қатысты.

2013 жылдың 22-23 мамыр күндері бөлімнің ұйымдастыруымен Семей өңірі халқының  қол өнерінің түрлерін насихаттау, оларды ғылыми тұрғыда сараптап, зерттеп қатысушыларға ұсыну және қазақтың салт-дәстүрлерінің, фольклорының ерекшеліктерін айқындап, пайдалануға ұсыну мақсатында «Қазақтың ұлттық қол өнерінің түрлері мен ерекшеліктері» атты облыстық семинар өткізілді. 

Ағымдағы жылдың ақпан айында Абай театрында «Дариға-ай» жастар театрының бұрынғы көркемдік жетекшісі, режиссері, бірінші директоры

Ақбарәлі Айтибаевты еске алу кеші, Болат Сыбановтың 75 жылдығы, Шәкәрім әндерін насихаттаушы ҚР Мәдениет қайраткері Келденбай Өлмесековтың 60 жылдығына орай еске алу кештері жоспарланып, тиісті деңгейде өткізілді.

30-31 мамыр күндері қаламызда Мәскеулік коллекционер Ю.В. Невзоровтың  100 жылдық мерекесіне арналған салтанатты шаралар өткізілді. Невзоровтар  отбасы атындағы өнер мұражайында  « Мұражай қызметіндегі меценат ролі» атты Халықаралық ғылыми конференция ұйымдастырылды. Оған Ресей және Қазақстанның өнертанушылары мен мұражай қызметкерлері мен  Қазақстанның алғашқы шетел министрі Т. Сүлейменов және Мәскеуден арнайы суретшінің қызы Ю. Ю. Невзорова, немерелері Вера және Людмила, опера әншілері М. Шотабаев пен Ж. Габдулиналар құрметті қонақ ретінде қатысты. 

Ағымдағы жылғы 15-16 маусым күні Семей қаласында «Сабантой» мерекесі Татарстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік Кеңесшісі М.Шаймиевтің қатысуымен өткізілді, оған Ресейден, Қытайдан, Қырғыстан, Өзбекстан мен Қазақстан Республикасының өзге облыстарынан қонақтар келді. «Полковничий» аралында Достық Аллеясы саябағы ашылып, іс-шараның негізгі бөлігі сол жерде өтті.   

Жазғы уақытта 1 маусымнан бастап 1 қыркүйекке дейін қала тұрғындары мен қала қонақтарының жазғы демалыс уақытын тиімді өткізу мақсатында қаланың 4 ықшам ауданында әр сенбі, жексенбі күндері қала мен ауылдық мәдениет ошақтарындағы шығармашылық өнер ұжымдарының концерттік бағдарламалары өткізілді. 

2013 жылдың қыркүйек айының 13 жұлдызында Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайында тұңғыш рет заманауи  қазақстандық суретшілердің көшпелі көрмесі ашылды. Шара аясында қаланың ЖОО-ғы шығармашылық мамандықтарында оқитын студенттер мен ұстаздардың суретші меймандармен шығармашылық кездесуі өтті. 

Қазақстан футболының 100 жылдық мерейтойы Қазақстан футболының отаны - Семейде кең көлемде аталды. 25 сәуірінде мемлекеттік педагогикалық институтында Семей қаласының тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен «Қазақстан футболына 100 жыл» атты жылжымалы көрменің ашылуы болды. Сондай – ақ өзге мерекелік шараларды өткізуге барлық мәдениет мекемелері белсене қатысып, жоғары деңгейде өткізуге үлкен үлес қосты. Мерейтойға арнайы шақырылған ТМД мемлекеттерінің атақты футболшылары мен олимиада жеңімпаздарымен баспасөз конференциясы және кездесулер ұйымдастырылып, соңы үлкен концерттік бағдарламаға ұласты.

20-22 қазан күндері Түркістан қаласының Ақсақалдар алқасы қоғамдық бірлестігінінен 17 зиялы қауым өкілдері, ақсақалдар Абайдың туған жеріне зиярат ету мақсатында  Семей қаласына келді. Қонақтар қаладағы көрікті жерлер мен тарихи орындармен танысып, мұражайларды аралады. 

Қала театрларында 16 жаңа қойылым сахналанды, 6 спектакль орыс тілінде қойылды. Театр ұжымдары Астана, Павлодар, Өскемен, Шар қалаларында, сонымен қатар Абай, Жарма, Бесқарағай, Бородулиха, Шемонаиха аудандарында гастрольдік сапармен болып қайтты.  

1 желтоқсан күні алғаш рет қалалық Мәдениет сарайында Тұңғыш Президент Күніне облыстық, республикалық байқаулардың жеңімпаздарының қатысуымен концерт ұйымдастырылды, сол күні Жаңа жылдық шыршаның ашылуына орай Орталық алаңда театрландырылған қойылым көрсетілді. 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі Күніне орай Абай атындағы театрда салтанатты жиын өткізіліп, жиын мерекелік концертке ұласты. 

Жаңа 2014 жылды қарсы алу мерекесі Орталық алаңда өтті. Қала тұрғындары мен қала қонақтарының назарына театрландырылған қойылым, концерттік бағдарлама, отшашу ұсынылды.

Концерттік мекемелермен 235 концерт (27 гастрольдік) қойылып, 80 мың көрермен қамтылды. 

Орталықтандырылған кітапхана жүйесі бойынша мерекелік және мерейтойлық даталарға арналған тақырыптық кештер, семинар-тренингтер, дөңгелек үстел, шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесулер, әдебиет және басылымдар көрмелері, түрлі акциялар өткізілді. Мәдени шаралармен қатар кітапхана жүйесін кеңейту мақсатында Мирный кентінде кітапхана бөлімшесі ашылды. 

Қала мұражайларында 68 көрме  ұйымдастырылып, 18920 экскурсия  өткізілді. 2013 жылдың қорытындысы бойынша Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы Ұлттық бизнес-рейтинг бағдарламасымен «Сала көшбасшысы» атанып, арнайы медаль және ұлттық сертификатпен марапатталды.

Қалалық Мәдениет Сарайында жыл басынан бері 271950 көрерменді қамтыған 350 мәдени-көпшілік шара ұйымдастырылды. Қала әкімінің қолдауымен «Ай-керім» вокалды-аспаптық ансамблі құрылып, тұсаукесер кеші өткізілді. Ә.Қашаубаевтың 125 жылдығы әншінің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталып, концерттік бағдарламамен, баспасөз конференциямен жалғасты, аталған шара алғаш рет сахналанған М.Рахымжановтың «Әміре - аяқталмаған ән» (қоюшы режиссер -Н.Жұманиязов) атты спектаклімен аяқталды.  

Орталық мәдениет және демалыс саябағында жыл басынан бері 170 түрлі мәдени шара ұйымдастырылды. Соның ішінде, мерекелік концерттер, фестиваль, акциялар, балаларға арналған ойын-сауық бағдарламалары, қарттарға арналған би кештері өткізілді.            

2011-2012  жылдардағы статистикалық негіздемелеріне сәйкес жүргізген сараптамасының қорытындысы нәтижесінде орталық саябақ ТМД бойынша «2013 жылғы Сала көшбасшысы» деген атаққа ие болып, алтындалған қабырға орденімен, ал мекеме басшысы Ф.Назарова «Қазақстан даңқы» орденімен және «Жыл басшысы -2013» ұлттық сертификатымен марапатталды.  

Өңдеу күні: 18-07-2014