Акимат » 2014 жылдың 1-жартыжылдықта халыққа мемлекеттік 0қызметтерді көрсету мәселелері бойынша АҚПАРАТ

2014 жылдың 1-жартыжылдықта халыққа мемлекеттік 0қызметтерді көрсету мәселелері бойынша АҚПАРАТ

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

2014 жылдың 1 жарты жылдықта Семей қаласының әкімдігі бойынша жалпы 52 мемлекеттік қызметтер көрсетілді. Мәліметтер бойыншахалыққа43148  қызмет көрсетілді, қызметтерді алған тұлғалардың саны - 46632 адам.

2014 жылдың 9 қаңтарында қала әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар бөлімімен 2014 жылға Семей қаласының мемлекеттік органдарында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту бойынша іс-шаралар жоспары жасалынды.

Мемлекеттік секторын жақын арадағы реформалау бағытының бірі - мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және мемлекеттік қызметтерді тиімді көрсетуіне әсер ететін процестерді жетілдіру болып табылады. Сонымен бірге, «бір терезе» қағидасы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталықтарын (ХҚКО) дамыту есебінен қызметтердің сапасын жақсарту жоспарланып отыр. ХҚКО арқылы қызметтерді көрсету әкімдіктің дербес бөлім қызметкерлерінің жүктемесін анағұрлым төмендетуге жол береді. Құжаттарды қабылдау мен жинау, ақпараттық жүйесінде алғашқы тіркелу ХҚКО мамандарымен жүзеге асырылады, жергілікті орган өңделген шағымдарды қабылдап, қызмет алушымен тікелей қатынаспай  белгіленген мерзімде қызметті көрсете алады.

«Бір терезе» қағидасы бойынша мемлекеттік қызметтерді қолжетімді түрде алу үшін қалада әкімдігінің 23 мемлекеттік қызметін көрсететін 2 ХҚКО жұмыс істейді. 2014 жылдың 1 жартыжылдықта Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 5271 қызмет көрсетілді.

Еліміздің мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту саласындағы саясатының басымды бөлігі  электрондық үкіметті дамытуға, мемлекеттік органдардың ішкі бизнес-процестерін автоматтандыруға, сонымен қатар,  электрондық мемлекеттік қызметтердің жүйесін дамытуға бағытталған.

«Электрондық үкіметтің» порталы (ЭҮП) арқылы электрондық түрде 3576 адамға қызмет көрсетілді. Ең талап етілген қызмет -  «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» - 3571 адам пайдаланды.

2014 жылдың 1 жартыжылдықтақала әкімдігінің дербес бөлімдерімен –37877 қызмет көрсетілді. Дербес бөлімдерде барлық мемлекеттік қызметтер бойынша стендтер безендірілген, Семей қаласы әкімінің ресми веб-сайтында (akimsemey.gov.kz) мемлекеттік қызметтер бойынша ақпарат орналастырылған.

Семинар-жиналыстарды өткізу:

2014жылдың 27 қаңтарында қала әкімі аппаратының басшысының                       төрағалығымен Семей қаласының жергілікті атқарушы органдарының 2013 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде мерзімдерінің бұзылу фактілері және 2014 жылға мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін бұзылуының алдын алу шаралары туралы жиналыс өткізілді.

Бұдан басқа, 2014 жылдың 1 жартыжылдықта қаланың дербес бөлімдерімен 20 мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасының мәселелері бойынша семинар-кеңестер, «дөңгелек үстелдер» өткізілді және дербес бөлім қызметкерлері мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мәселелері бойынша БАҚ-та 8 рет сөз сөйлеген, оның ішінде:

-       радиода – 2;

-       телевиденияда – 2;

-       газеттерде – 4.

2014 жылдың 1 жартыжылдықта барлық мемлекеттік қызметтер мерзімінде орындалып,  мемлекеттік қызметтерді көрсетуінің сапасына халықтың шағымдары түспеген.

Семей қаласы әкімі аппаратымен үйлестіру және жалпы әдістемелік басшылық қамтамасыз етіледі, ай сайынғы мониторинг және күн сайынғы бақылау жүргізіледі, сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысының ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімімен мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша әрекеттесу жүзеге асырылады. 

Мемлекеттік қызметтерді уақтылы көрсетуіне бағытталған тиісті шаралар, оның ішінде ұйымдастыру шаралары қолданып жатыр.

2014 жылы электрондық қызметтерді көпшілікке таратуды арттыру үшін халықты ақпараттандыру және «электрондық үкіметтің» порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тұтынушыларының үлесін көбейту бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер түрлерін ұлғайту жөнінде жұмыс жалғастырылатын болады.

Өңдеу күні: 11-08-2014