Азбергенов Сержан Мұхтарұлы - - мемлекеттік-құқықтық бөлімнің басшысы

Азбергенов Сержан Мұхтарұлы - - мемлекеттік-құқықтық бөлімнің басшысы

Функционалдық міндеттері:

Бөлімге басшылық етеді, бөлім туралы Ережемен қарастырылған міндеттерді орындауға жеке жауапты; 
Қала Әкімі аппаратының басшысына бөлім штаттары, қызметкерлерді тағайындау және босату. Оларды ынталандыру және тәртіптік жазалауға тарту туралы ұсыныстар енгізеді; 
Қаланың және ауылдық округтердің кримоногендік жағдайын сараптайды, қылмыстың болу себептерін анықтап оны болдырмаудың алдын алады.
Қызметкерлер арасында міндеттерді бөледі, олардың қызметін үйлестіреді, олардың еңбек тәртібін сақтауын қамтамасыз етеді;
Қала әкімдігі жанындағы антитеррорлық (АТК)  және ведомствоаралық комиссияның жұмысын қамтамасыз етеді.
Заңнамалық актілерді талқылауға байланысты материалдарды жинақтайды;
Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарының, Өкімдерінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі Қаулыларының, Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштердің қызметтік ұйымдастыру мәселелерін, облыс Әкімінің, қала Әкімі актілерінің орындалуына бақылауды жүзеге асырады; 
Қала Әкімінің тапсырмасына сәйкес, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдармен қылмысқа қарсы күрес, құқықтық тәртіпті, заңдылықты және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштердің қызметтік ұйымдастыру мәселелеріндегі өзара әрекеттестігін қамтамасыз етеді;
Аймақтық бағдарламаларды құруда жұмыс группасына қатысады, қалалық мәслихаттың уақытша және тұрақты комиссия жұмыстарына жоғарыда көрсетілген шаралар бойынша қатысады, 
Мемлекеттік құрылым, заңдылықты күшейту, құқық қорғау органдарының қызметін жетілдіру мәселелері жөніндегі қалалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларды, семинарларды ұйымдастыруға қатысады; 
Қала әкімінің және әкімдіктің актілерін құқық сараптау қорытындыларына қол қояды; бөлімнің жұмыс жоспарларын әзірлейді, олардың орындалуын бақылайды; азаматтардың хаттарын жеке қарайды, оларды жеке қабылдауды ұйымдастырады, өзінің қызметтік өкілеттігі шегінде шешім қабылдайды.
Қала әкімінің және оның аппаратының заңды мүддесін құқықтық құралдармен соттарда қорғауға қатысады;