Басы » Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім » Жаналықтар » «Ерекше баламен» өткізілген ашық шұғылдану жұмысы
«Ерекше баламен» өткізілген ашық шұғылдану жұмысы
Автор: Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім
13-11-2017 16:32
«Ерекше баламен» өткізілген ашық шұғылдану жұмысы
2017 жылдың қараша айының 10-ы күні «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің қызмет алушысы  Х  Эвелинамен «Монтессори әдісімен ұсақ қол моторикасын дамыту» тақырыбында  ашық шұғылдану жұмысы өтті. 
Негізгі мақсаты - қызмет алушының қол моторикасын жетілдіру, еңбек дағдысын қалыптастыру және іс-әрекетке қызығушылығын арттыру.  
Ұсақ моториканы  дамытудың негізгі міндеттері: зейінің тұрақтандыру, тәртіпке үйрету;  сенсорлық қабылдауын арттыру. 
Монтессоридің пікірінше ұсақ қол моторикасын дамытатын жаттығулар арқылы бала өз – өзіне қызмет көрсетуге, өз заттарына қарауға, түймесін дұрыс салуға, бауын байлауға үйренеді.
Жұмыс барысында Эвелина   моншақтарды жіпке тізіп, шарикті  бір стақаннан екінші стақанға  салып, түрлі –түсті кинетикалық құмды пайдаланып  торт  жасады,  әртүрлі  қалыптарды толтырды. Пазлдарды құрау арқылы 2-ге бөлінген пішіндерді  құрастырды. 
Ерекше балалармен жұмыс барысында үнемі Монтессори әдісін  қолданған тиімді.
 
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі