Алтын күз
Автор: Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім
14-11-2017 16:50
Алтын күз
14 қараша 2017 жылы  Семей қаласының «Арнаулы  әлеуметтік қызметтер  көрсету  орталығы» КММ-де  «Алтын күз»  мерекесі  өткізілді. Мерекенің  мақсаты: балалардың әлеуметтік бейімдеу,  күз  туралы  білімдерін  бекіту,  жыл  мезгіліне  сәйкес  дағдыландыру.
«Алтын  күз  мейрамы»  балалардың ең  жақсы көретін   мерекелерінің  бірі. Көптен күткен осы мерекеге балалардың ата-аналары да шақыртылды.Осындай  мерекелік іс –шараларда ата-ананың  баласына  деген сенімі артып, орталықпен ара қатынастары нығайа  түседі. 
Ата-аналар балаларымен «Саңырауқұлақ теру», «Жапырақтарды бояу», «Жемістер мен көкөністерді жинау» сияқты көңілді ойындар  ойнап, би биледі. Мерекеде балалармен  бірге алтын  күз  кейіпкерлері де  болды,балалар  оларға арнап жаттаған  тақпақтарын  айтып  берді. Тақырыпқа  байланысты күз туралы  слайд  көрсетілді. Балаларға   көтеріңкі  көңіл-  күй сыйлаған  орталық  қызметкерлеріне  ата-аналар алғыстарын айтып, ризашылықтарын  білдірді. 
 
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі