Басы » Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім » Жаналықтар » Риддер қаласының бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді
Риддер қаласының бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді
Автор: Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім
28-11-2017 16:41
Риддер қаласының бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді
2017 жылдың 23 қарашасында «ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ ғимаратында Риддер қаласының бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді. 
Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесіне 100 –ден астам адам қатысты, олардың ішінде жастар қатарындағы 80 адам - қаланың оқу орындарының түлектері.
Жәрмеңкені Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А. Құрманғалиев, Риддер қаласының қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы  Е. Аусанұлы кіріспе сөзбен ашты. 400-ден астам бос жұмыс орындары ұсынылды.  
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің қатысушылары Семей және Риддер қалаларының жұмыспен қамту бөлімдерінің мамандарының еңбек нарығындағы жағдайы. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру бойынша кеңес алу мүмкіндігіне ие болды.
Әрбір қатысушыға Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы және Риддер қаласындағы мемлекеттік қолдау шаралары бойынша буклеттер мен парақшалар  таратылды. 
 
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі