Басы » Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім » Жаналықтар » «Интеллектуалды жеткіліксіздігі бар балалардың әлеуметтік-тұрмыстық дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында семинар
«Интеллектуалды жеткіліксіздігі бар балалардың әлеуметтік-тұрмыстық дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында семинар
Автор: Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім
30-11-2017 15:20
«Интеллектуалды  жеткіліксіздігі бар балалардың  әлеуметтік-тұрмыстық дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында семинар
2017 жылдың   28-қарашасында  «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің  күндізгі  бөлімшесінде дефектолог  А.З. Камашева «Интеллектуалды  жеткіліксіздігі бар балалардың  әлеуметтік-тұрмыстық дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында семинар өткізді. 
Өмірге қажетті тұрмыстық тәуелсіздікті алу үшін  дағдыларды қалыптастыру міндеті, әрбір баланың  тәрбиесінде  жалпы болып табылады, алайда интеллектуалды бұзылыстары бар балаларға ерекше маңызды.
Психофизикалық бұзылыстары бар балалардың әлеуметтік бейімделу факторы ретінде бұл баланың өзін-өзі бағалауына әсер етіп, оның әлеуметтенуі жолында маңызды қадам болып табылады, сонымен қоса психомоторлық қозғалтқыштықты дамытуға көмектеседі, әрекеттің басқа да түрлеріне маңызды алғы шарттар жасайды.
Ақыл-ой кемістігі бар балаларда  танымдық және интеллектуалды даму  ерекшеліктеріне байланысты  мәдени-гигиеналық дағдылар мен өз-өзіне қызмет көрсету дағдылары үлкен қиындықпен қалыптасады.  Ең басты қиындықтар  моториканы дамытудың неғұрлым жоғарғы деңгейін талап ететін  түймені ағыту мен бекіту , аяқ киімді баулау мен байлау сияқты күрделі дағдылардың қалыптасуы. Сондықтан   осы семинардың мақсаты  Орталық мамандарын моториканы дамытуға бағытталған  технологиялармен таныстыру, жалпы моторика дағдыларын жанама түрде оқыту арқылы қол моторикасы мен саусақ моторикасының  қалыптасуына ықпал етуін, тренажерлар түзету- дамыту жұмыстарында олардың тәжірибе жүзінде қолданылуын көрсетті. 
Семинар  «Қолды жуамыз» ұйқасты мәтіндегі көңілді имитациялық қозғалыс ойынымен аяқталды.
 
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі