Әлеуметтiк жұмыс орны
Автор: Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім
08-01-2018 14:51
Әлеуметтiк жұмыс орны
Әлеуметтiк жұмыс орны – жұмыс беруші жұмыссыздардың жалақысын субсидиялау арқылы оларды жұмысқа орналастыру үшiн Халықты жұмыспен қамту орталығымен шарт негізінде құратын жұмыс орны;
Салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және экология бойынша үстемеақыларды есептемегенде пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны ескергенде, әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың жалақысына субсидияның ай сайынғы мөлшері жалақының белгіленген мөлшерінен 35 %-ды құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалған ең төменгі жалақы мөлшерінен аспайды.
Әлеуметтік жұмыс орындарына қатысу ұзақтығы  12 айдан аспайтын мерзімде жүзеге асырылады 
Әлеуметтiк жұмыс орны қатысатын тұлғалар Халықты жұмыспен қамту орталығына келесі құжаттарды берумен өтініш береді:
 
1) жеке басты куәландыратын құжаты;
2) еңбек кітапшасы (бар болса);
3) білімі туралы құжаты (бар болса).
 
 
Семей қаласының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі