Қоғамдық жұмыстар
Автор: жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал
09-01-2018 17:22
Қоғамдық жұмыстар
Қоғамдық жұмыстар – бюджет қаражаты және жұмыс берушілердің тапсырыстары бойынша олардың қаражаты шегінде қаржыландырумен және ұйымдастырумен халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін әлеуметтік пайдалы бағыттылығы бар жұмыскердің алдын ала кәсіптік даярлығын талап етпейтін халықты жұмыспен қамту орталықтары ұйымдастыратын еңбектік қызмет түрі. 
Құжаттармен жұмыс атқару, аумақты жинау және көркейту, балалардың, ауыл жастарының және басқалардың бос уақыттарын ұйымдастыру жұмыстары сияқты қоғамдық жұмыстарға жолданады.
Қоғамдық жұмыстардың ұзақтығы 12 айдан аспайды.
Алдағы қаржылық жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін жұмыс берушілер өтінімдер беру қажет.
Қоғамдық жұмыстарға:
1) жұмыссыздардың;
2) жазғы демалыс кезеңінде студенттердің және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларының;
3) жұмыстың тоқтап тұруына байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдардың құқығы бар.
Қоғамдық жұмыстарға қатысатын тұлғалар Халықты жұмыспен қамту орталығына келесі құжаттарды берумен өтініш береді:
1) жеке басты куәландыратын құжаты;
2) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың (мекенжай анықтамасы, ауыл әкімінің анықтамасы);
3) еңбек кітапшасы (бар болса);
4) білімі туралы құжаттың (аттестат, куәлік, диплом), сондай-ақ бар болса, оқудан өткенін растайтын құжаттардың (куәлік, сертификат);
 
 
Семей қаласының жұмыспен қамту 
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі