Комиссия отырысы
Автор: Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім
09-02-2018 18:06
Комиссия отырысы
2018 жылдың 8 қаңтарында Қазақстан Республикасы ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитеті штаб бастығының орынбасары Д. Омаржановтың қатысуымен қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі қалалық комиссияның кезектен тыс отырысы өтті. 
Отырыста пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды әлеуметтік оңалту және оларға әлеуметтік және өзге де көмек көрсету бойынша барлық қызметтер мен мемлекеттік органдардың өзара іс-әрекет ету мәселесі қаралды.
Қала прокуратурасы, жұмыспен қамту, кәсіпкерлік бөлімдерінің, денсаулық сақтау басқармасының, жергілікті полиция қызметінің өкілдері пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалармен қайталай қылмыс жасауың болдырмау, оларға әлеуметтік, медициналық – психологиялық және өзге де көмек көрсету; кәсіпкерлермен түзеу мекемелерінің алаңдарында өндіріс ашу бойынша атқарылған жұмыстары туралы ақпараттандырды. Жұмыс барысындағы проблемаларды атап өтті.
Қаралған мәселелер бойынша пікір алмасудан кейін мәселелерді шешу үшін тапсырмалар берілді.
 
Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі