Басы » Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім » Жаналықтар » Мемлекет Басшысының Жолдауына қатысты отырыс
Мемлекет Басшысының Жолдауына қатысты отырыс
Автор: Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім
12-02-2018 10:50
Мемлекет Басшысының Жолдауына қатысты  отырыс
2018 жылдың 17 қаңтарында «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де  мемлекет басшысының Қазақстан халықына Жолдауы аясында отырыс болып өтті. 
«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты  Жолдаумен танысқаннан кейін оның бізді жаңа қадамдарға бастайтын маңызды құжат екенін сезіндік. Мемлекет басшысы барлық саланы қамтып, әсіресе экономика, инфрақұрылым, жаңа технология бағыттарына басымдық берген. Оның ішінде біздің  назарымызды аудартқаны — «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы, «Адами капиталдың жаңа сапасы», Қаржы секторын «қайта жаңғырту» болды. 
Жолдаудың әр бөлімі стратегиялық маңыздылығы мен белгілі бір мерзімде нақты міндеттер мен мәселелердің шешілуін қамтамасыз етуге бағытталғанын көреміз. Бұл стратегиялық құжат мемлекеттіміздің  өркендеуін , аймақтардың  дамуына  жол ашатын басым бағыттарды айқындайды.  Жолдаудың барлық бөлімдерін  оқып талқылай отырып әрбір жаңалық, жақсы өзгеріс бізді қанаттандырады, еңбегімізге де ерекше жігер береді деген ойдамыз.       
 
Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі