Басы » жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал » Жаналықтар » Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу қағидалары
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу қағидалары
Автор: жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал
16-04-2018 10:47
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу қағидалары
«ШҚО Семей қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ (әрі қарай - Жұмыспен қамту орталығы) мемлекеттік қызмет көрсету қорытындысын шығаруды және өтініштерді қабылдауды жүзеге асырады.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – атаулы әлеуметтік көмек) Заңның 2-бабының 1-2-тармағына сәйкес, осы кварталға 25011 тенге көлемінде орнатылған, жан басына шаққандағы орташа табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалада, , астанада белгіленген кедейлік шегінен аспайтын адамға немесе отбасыға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде беріледі.
Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адам немесе отбасы атаулы әлеуметтік көмек туралы ақпарат алу үшін тұрғылықты жері бойынша Орталыққа, ал тұрғылықты жері бойынша Орталық болмаған жағдайда – кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне  жүгінеді.
Үміткер адам немесе отбасы жүгінуі процесінде оған консультация беріледі, оның барысында:
1) мынадай:
шартсыз және шартты ақшалай көмек алу шарттары туралы;
жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына және (немесе) әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларына қатысу шарттары туралы;
әлеуметтік келісімшарт жасасу қажеттілігі, әлеуметтік келісімшартқа қатысушы тараптардың міндеттемелері және әлеуметтік келісімшартты бұзу шарттары туралы;
атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін азайту және (немесе) тоқтата тұру шарттары туралы;
атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтер тізбесі туралы;
мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелерінен сұратылатын мәліметтер тізбесі туралы ақпарат беріледі;
2) адамның немесе отбасының жан басына шаққандағы орташа табысын және атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін алдын ала есептеу жүргізіледі.
 
Атаулы әлеуметтік көмекті алуға қажетті  келесі құжаттар :
1) жеке басты куәландыратын құжат;
2) жеке қосалқы шаруашылығының бар-жоғы туралы мәліметтер;
3) атаулы әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банктік шот нөмірі туралы мәліметтер;
4) баланың (барлық балаларға) туу (қайтыс болу) туралы куәлігі ;
5) өтініш берушінің деректерінде баланың туу туралы куәлігіндегі деректерден айырмашылық болған жағдайда неке қиюды (бұзуды) тіркеу туралы куәлік;
6) оқу орнының анықтамасы, егер он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейін асырауындағылар орта, техникалық және кәсіптік ортадан кейінгі білім беру, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын болып табылса, оқу орнынан жылына бір рет сұратылады.
 
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын еңбекке қабілетті отбасы мүшелері өтінішке қосымша:
- жұмыс іздеуші адам ретінде тіркелуге өтінішті;
- еңбек қызметін растайтын құжатты (бар болса);
- білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжатты (бар болса) ұсынады.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініштерді қабылдау қызмет беруші арқылы мына мекен – жай бойынша жүзеге асырылады: Қозбағарова,40 көшесі , тел: 36-07-55, 204 бөлме.
 
Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі