Басы » жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал » Жаналықтар » Бота Нургазиевна Кулатаева жұмыс бабымен Семей қаласына келді
Бота Нургазиевна Кулатаева жұмыс бабымен Семей қаласына келді
Автор: жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал
16-04-2018 10:46
Бота Нургазиевна Кулатаева жұмыс бабымен Семей қаласына келді
2018 жылы 13 сәуірде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары басқармасының басшысы Бота Нургазиевна Кулатаева жұмыс бабымен Семей қаласына келді.
«ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің ғимаратында несие серіктестерінің басшыларымен кездесу ұйымдастырылды.
«Семей қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің директоры Т. Д. Шинжин қатысушыларды «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай  кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асырудың барысымен таныстырды.
Кездесу барысында несие серіктестіктерінің басшылары өз жұмыстары жөнінде ақпарат берді және бұрын берілген шағын несиелер бойынша қарыздарды жоюға қатысты проблемалық сұрақтарды шешу бойынша ұсыныстар айтты.
Сонымен қоса, Б. Н. Кулатаева шағын несие алып, өз ісін ашқан Бағдарламаның қатысушылармен кездесті. 
 
 
Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі