Басы » жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал » Жаналықтар » Үстел үсті теннисінен қалалық чемпионат өткізілді
Үстел үсті теннисінен қалалық чемпионат өткізілді
Автор: жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал
16-04-2018 15:55
Үстел үсті теннисінен қалалық чемпионат өткізілді
Ағымдағы 2018 жылдың сәуір айының 13 күні мүмкіндігі шектеулі жандар арасында Семей қаласында үстел үсті теннисінен қалалық чемпионат өтті. Жарыста «Спешиал Олимпикс» қозғалысы аясында 3 команда, соның ішінде Семей қаласы «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің  7 қызмет алушылары қатысты. Жарыстың қорытындысы бойынша біздің қызмет алушыларымыз кезекті жүлделі орындарға ие болды: Тетцких Александр және Молдабаева Күміс – 1-ші, Воронин Александр 2-ші, Байпаков Талгат 3-ші орынды иеленіп, жүлделі оралды.  Олар «Үстел үсті теннисі» үйірмесіне бірнеше жылдан бері қатысып келеді. Үстел үсті теннисімен айналысу адам денсаулығын нығайтуға көмектеседі, ептілік, көзбен дәлдеу, ойлау жылдамдығы сияқты қасиеттерді дамытады. Жарысқа  қатысу оларға өздерінің шеберліктерін және жақсы нәтижелерін көрсету мүмкіндігін берді. Қызмет алушыларға жарыс үйірмедегі  дағдылары мен жоғары нәтижелерін көрсетуге мүмкіндік болды. Олар үлкен әсер алды және алдағы жеңіске деген сенімдері артты. 
 
Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі