Қайырымдылық концерті өткізілді
Автор: жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал
15-05-2018 17:42
Қайырымдылық концерті өткізілді
2018 жылдың мамыр айының 14-жұлдызында «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының № 3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қайырымдылық концерті өтті.
Концертті зағип және нашар көретін азаматтардың «Шамшырық» клубы өткізді. Музыкалық жетекшісі М. Алиаскаров. Әртістер казақ, орыс және татар тілдерінде ән шырқап, өз өнерлерін көрсетті. Зейнеткерлер бірге ән айтып, би биледі. 
Мәдени ұйымдастырушы Д. Имашева және зейнеткер М. Еркебуланов әртістерге ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.
 
«ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ