Басы » жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал » Жаналықтар » Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары
Автор: жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал
15-05-2018 17:41
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары
Ағымдағы жылдың 4 айында жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 2534 адам қамтылды. Оның ішінде, 1142 адам - жұмыссыздар санаты бойынша,  52 адам - өзін-өзі жұмыспен қамтығандар,  1340 адам - жұмыс іздеуші тұлғалар.
Бағдарламаның бірінші бағыты аясында (Бағдарлама қатысушыларын техникалық және кәсіптік білімін және қысқа мерзімді кәсіптік оқыту)  қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға нарықтағы сұранысқа ие мамандықтар бойынша               295 адам жолданды жылдық жоспар 765 адам. Оқыту қаланың 10 оқу орындарында: дәнекерлеуші (барлық түрлері), күш желілері мен электр жабдықтарының электр монтаждаушысы, кондитер, а/ш өндірістік трактор – жүргізушісі сияқты 18 мамандық бойынша жүргізіледі. 
Техникалық  және кәсіптік білімімен кадрларды даярлауда 2017 жылы оқуға жіберілгендер қатарынан 384 адам оқуларын жалғастыруда. Оқыту қала және басқа өңірлердің 11 колледжінде нарықтағы сұранысқа ие 17 мамандық бойынша жүргізілуде.
Бағдарламаның екінші бағыты аясында (Жаппай кәсіпкерлікті дамыту) шағын несиелендіру мәселесі бойынша өтініш беруші үміткерлердің саны 162 адам, олардан 60 - іске асырылудағы бизнесті кеңейтуге және 102 – өз ісін ашуға, оның ішінде 125 өтініш ауылдық елді мекендерінен және 37 - қаладан.
Орталық 33 жолдама берді, оның ішінде 6 - өз ісін ашуға, 27 - іске асырылудағы бизнесті кеңейтуге. Екінші деңгейлі банктер арқылы 7 қатысушыларға 73,0 млн.теңге сомасында шағын несиелер қолданыстағы бизнесті кеңейтуге берілді. Өтініш бергендер ішінен 43 адам «Бастау-Кеңесші» бағдарламасы аясында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасы арқылы кәсіпкерліктің негіздерін оқытудан өтті. Бағдарлама аясында шағын несие беруде қолдау көрсету мақсатында қалада жұмыс тобы құрылған. 
Бағдарламаның үшінші бағыты аясында (Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбектік ресурстар ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту) 1372 адам тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасты, бағдарлама аясында жүзеге асырылатын жобаларға 126 адам жолданды. 
Уақытша әлеуметтік жұмыс орындарына 198 адам жұмысқа орналасты, жылдық жоспар 290 адам. Қоғамдық жұмыстарға 392 адам жұмысқа орналасты, жылдық жоспар 450 адам. Жастар практикасына 151 оқыту мекемелерінің түлектері қатысты, жылдық жоспар 276 адам. 
 
«ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ